• Біздің парақшалар:
  • Төбелес клубы

    Бойцовский клуб

    Fight Club

Жыл:
1999
Ел:
АҚШ , Германия
Режиссер:
Дэвид Финчер
Басты рөлдерде:
Эдвард Нортон , Брэд Питт , Хелена Бонем Картер , Холт МакКэллани , Мит Лоаф , Зэк Гренье , Джаред Лето , Эйон Бэйли , Ричмонд Аркетт , Дэвид Эндрюс
Сценарий:
Джим Улс , Чак Паланик
Продюсер:
Сиан Чаффин , Арт Линсон
Жанр:
Драма , Триллер , Қылмыстық
Бюджет:
$63 000 000
Әлемдік табысы:
$100 853 753
Әлемдік премьера:
10 қыркүйек 1999
Қазақстандағы премьера:
14 сәуір 2008
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
131 минут
Суреттеме:

Ұйқысыздық пен бір қалыпты өмірден шаршаған кейіпкер Тайлер Дарден деген мінез-құлқы біртүрлі сабын сатушымен танысады. Тайлердің ойынша - өз-өзін жетілдіру - әлсіздердің тірлігі, өз-өзін бұзу - өмірдің мәні.

 

Көп кешікпей екі таныс бір-бірін еш себепсіз төмпештеп ұра бастайды. Бұндай төбелес екеуіне де ұнайды. Тәннің ауырғанынан ләззат алған екеуіне басқа да еркектер қосылады. Осыдан бастап жасырын Төбелес клубы құрылады. 

Рейтинг:

9,222

  • Дауыс бергендер: 9

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 8.8(1681156)
  • Кинопоиск: 8.646(452869)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (3)

  • «Адам өзі көрген нәрсені ғана көргісі келеді»

    Осыған дейін өзінің фантазиясына сеніп қалатын кейіпкерлер туралы бірталай фильмдер көріп тастадым: «Заблудившийся», «Остров проклятых», «Ликвидатор»,«Черный лебедь» т.б.

    Адасқан жандар — өзі емес, ішкі жан дүниесі…

    Өзі ойлап тапқан өтірікке өзі сеніп қалу, бәрін ойлап тауып — сол жалған әлемде өмір сүру. Бұл тақырып көрермендер арасында сәтті болғаны рас. Бұндай адамның ішкі дүниесіне қатысты кинотуынды, кинотуынды ғана емес әдебие шығарма да әлі де маңызын жоя қоймас. 

    «Төбелес клубы» осы мини-жанрдың бастамасы ма деп ойлап қалдым. Көрмес бұрын біраз ойландым. Бұл ойлану бірнеше айға созылған болатын. Мені тоқтатқан екі нәрсе еді: Атауы мен шыққан жылы. Атауы жекпе-жек, шаршы алаңдағы айқасқа тән. Шыққан жылы 1999 жыл, кино саласының тоқырауға ұшыраған заманы. Қырғын төбелес пен жарылыстардан тұратын арзан боевиктердің заманы еді ғой ол кез. Ақыры көп ойланып, кешкі сеансымды осы фильмге арнауға бел будым.

    Өкінбедім. Компьютерлік графиканың әдемі көріністері таң қалдырды. Өткен ғасырдың киносы, бірақ қазіргі 3D туындыларынан еш қалыспайды. Сюжеті де жанр дағдарысының кезеңінен деп айта алмайсың. Актерлерге енді айтар әңгіме жоқ. Эдвард Нортон қашан да тамаша актер екенін дәлелдей алды. Жалпы бұл актердің игі жақсы адамды да, қанішер жауызды да өте жоғары деңгейде сомдай алатындығына таң қаламын. Иә, ол актер, иә түрлі рөлдер — оның жұмысы. Сонда да оның өзіне тән бір «изюминкасы» бар. Брэд Питке да мың алғыс. Мін тапқым келсе де, таба алмадым.

  • IMDb-де ең үздік (1-орын) деген деп тұрғасын несімен үздік екен деп көрейінші дедім. Шын айтайын, фильмнің соңында миымның "парша-паршасы" шықты. :) Қайтадан бәрін басынан бастап, ой желісінен өткізіп шығу керек болды. Туынды қазіргі кезде шықса, бәлкім, ондай үздік болмас па еді. Алайда 1999 жылғы киноиндустрия үшін өте озық түсірілген фильм (имхо), оған сөз жоқ.

  • Мектепте оқып жүргенде алғаш көргенмін. Кино біткеннен кейін әсерленгенім соншалық көшеге шығып, біреумен төбелескім келді. :) Одан кейін бұл фильмді бірнеше рет көрдім. Әр көрген сайын өзіме жаңа нәрселер ашып отырдым.  Фильмнен өмірге дегеннен құлшынысың арта түседі.

    Осы фильмнен кейін Питт ең сүйікті актерыма айналды. Керемет ойнаған. Бред Питтің талай фильмін көріп жүрік қой. Бірақ бұл фильмде ерекше ынтаман ойнағандай әсер қалдырды. Одан бөлек Эдвард Нортан мен Хелен Бони Картерлар да өз рөлдерін керемет алып шыққан. Джаред Летоны ерекше образда көреміз.

    10/10