• Біздің парақшалар:
  • Жанкешті (сериал 2008 – 2013)

    Во все тяжкие (сериал 2008 – 2013)

    Breaking Bad

Жыл:
2008
Ел:
АҚШ
Слоган:
"In the no-holds-barred world of Walt White, the end justifies the extreme."
Режиссер:
Брайан Крэнстон , Дэвид Слэйд , Мишель Максвелл МакЛарен , Адам Бернштейн , Винс Гиллиган , Райан Джонсон
Басты рөлдерде:
Брайан Крэнстон , Марк Марголис , Билл Бёрр , Джесси Племонс , Майкл Боуэн , Чарльз Бэйкер , Дэвид Костабайл , Анна Ганн , Аарон Пол , Дин Норрис , Бетси Брандт , RJ Митт , Боб Оденкёрк , Джанкарло Эспозито , Джонатан Бэнкс , Стивен Майкл Квезада , Рэймонд Крус , Мэтт Джонс , Лавелл Кроуфорд
Сценарий:
Винс Гиллиган
Продюсер:
Брайан Крэнстон , Винс Гиллиган , Марк Джонсон
Жанр:
Драма , Триллер , Қылмыстық
Әлемдік премьера:
20 қаңтар 2008
Жас шектеуі:
Белгісіз
Ұзақтығы:
47 минут
Суреттеме:

Химиядан сабақ беретін мектеп мұғалімі Уолтер Уайт өкпе рагына шалдыққанын біледі. Отбасындағы жағдай да мәз емес еді: әйелі Скайлер екінші сәбиге аяғы ауыр, үлкен ұлы церебралды сал ауырымен ауырады. Айықпас дерттен түбінде өлетінін түсінген Уолт отбасына қаржы қалдырып кеткісі келеді. Сол себепті метамфетамин жасаумен айналыса бастайды. Заңсыз бизнесіне көмекші ретінде бұрынғы оқушысы Джесси Пинкманды тартады. 

 

Сериал 5 маусымнан, 62 сериядан тұрады.

Рейтинг:

9,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 9.5(1244948)
  • Кинопоиск: 8.856(183935)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • 5 маусымға созылған сериал да ақырына жетті. 2008 жылдан бері кейіпкермен бірге өмір сүргендей болған көрермен үшін Уолтпен қоштасу оңай болмағаны анық. Қалай десек те, "Жанкешті" телехикаясы ешкімді бей-жай қалдырмаған шығар. Жақыныңнан айырылғандай ішкі дүниеңізде бір қимастық сезім қалған шығар.

    Тәтті өтірік

    Басты кейіпкер Уолтер рактан өлетінін біліп, отбасына жетер ақша қалдырып кеткісі келеді. Сол үшін де метамфетамин қайнатып, заңсыз бизнес жасайды. Әрине, заңсыздық жүрген жерде өтірік те жүреді. Уолтер әйелінен көп нәрсені жасырды, өтірік айтты, есірткіге қарсы күрес бөлімінде қызмет ететін бажасын да біршама әбігерге салды. Бұның бәрі отбасы үшін еді.

    Бірақ. Ол баласы түгіл, шөбересіне жететін қаржы жинағанда неге тоқтамады? Шынымен де отбасы үшін бе бұның бәрі? Уолтер: "бәрі отбасының қамы үшін" деуден танбады. Тіпті көрермен де осы уәжге сеніп қалғандай еді. Бірақ, ақырғы эпизодта мына сөзді оның аузынан естідік:

    - Мен бұның бәрін өзім үшін істедім...

    Уолтер кім еді? Қарапайым мектеп мұғалімі. Мектептен бос уақытта көлік жуушы. Оның аянышты өмірі осылай жалғаса берер ме еді, егер оның өкпесінен рак таппағанда?!

    Жазылуы қиын дертті естігенде ол түбегейлі өзгереді. Жасқаншақ, жуас мұғалімнің әр эпизод сайын төңірегіндегінің бәрін жіті бақылауында ұстайтын, қаһарлы, ақшақұмар, кекшіл, өзімшіл қылмыскерге айналу эволюциясына куә боламыз. Білесіз бе, бұл тіпті шынайы да. Өйткені, өмірде жолы болмаған әкенің 1-2 жылдық өмірі қалғанда бір "көңіл көтеріп" алуының несі айып?

    Уолтер Уайттың екі өмірі бар: "жұмыстан" шаршап оралған, жұтаң тірлік пен дерттен қажи бастаған отағасы бір адам да, қала сыртындағы трейлерде жоғары сортты есірткі қайнатып, шытырлатып ақша санап отырған қылмыскер мүлдем басқа адам. Заңсыз ақша көбейген сайын осы екі тұлғаның арасындағы алшақтық та алыстай береді.

    Ащы шындық

    Оның кім екенін білген отбасы мен туыстары теріс айналады. Әрине ол енді басқа адам, қылмыс әлемінің данышпаны, есірткі императоры. Бірақ Уолтердің туыстарына махаббаты еш сөнген емес. Тіпті есірткімен күрес бөлімінде қызмет ететін бажасын да бауырындай жақсы көреді. Бір өкініштісі сол - ешкім оны енді жақсы көрмейді. Тіпті жер басып жүргенін артық көріп, өлім тілейді.

    Бұл жерде бас кейіпкерді де, одан теріс айналған туыстарды да ақтап алу қиын. Өмірде де солай емес пе, ренжіскен екі тарапты тыңдасаңыз - екеуінікі де дұрыс секілді көрініп, ойлантып тастайтын кездер болады.

    "Бәрі отбасының қамы"

    Бұл уәжге тіпті өзі де сеніп қалғандай еді. Бірақ өз-өзіңді тоқтату тіпті қиын екен. Жо-жоқ, ол нашақор емес. Оның тіпті десеңіз ақшаға да түкіргені бар. Ол жас кезінде жіберіп алған мүмкіндіктері үшін, ғалымдық потенциалы бола тұра ғылымды тастап кеткеніне өкінеді. Өзімен бірге жоғалғалы тұрған әлеуетін іске асырғысы келеді. Өкініштісі сол - бар еңбегі жамандық жолына жұмсалды. Бірақ ол "көк мет" атанып кеткен өзінің жаңа брендін мақтан тұтады. Химиялық жолмен алынған есірткінің тазалық деңгейі 99 пайыз. Бұндай сапалы есірткіні әлемнен іздеп таппассыз. Бұл Хайзенбергтің жетістігі, оның жекеменшік ғылыми жаңалығы. Қылмыскер Уолтер - іске аспай қалған арман-мақсаттардың жиынтығы. 

    Бәріне қоғамды кіналағың келеді. Қалталылардың ғана жолы болған, қатардағы адамдардың мүмкіндігін қиған бұл заманды қарғағың келеді. Бірақ амал не, табиғат заңы солай - күштілер ғана дами алады.

    Кім біледі, бәріміздің ішкі дүниемізде де қаһарлы, қайсар, табысшыл бір Хайзенберг ұйықтап жатқан шығар. Өз уақытын күтіп... Оянып жатса - дұрыс бағытқа жұмсай біліңіз.

    Сөз жоқ үздік драматикалық сериал. Мен бас идім.

  • Бұл сериал егер киносценаристтің қаламынан шықпағанда тамаша роман болар ма еді, мүмкін болмас па еді. Мен В.Гиллиганның бұл сериалын Драйзердің романдарымен салыстырдым. "Американдық трагедия" т.б. реалистік шығармаларымен салыстырдым. Драйзер өз заманында американдықтардың барлық трагедиясын қалай реалистік тұрғыдан бейнелесе Гиллиган да солай қазіргі замандағы американ қоғамын реалистік тұрғыдан бейнелеген. Әрине Гиллиганды американ драматургиясының атасы жолсыз жерге соқпақ салған Драйзердің генийімен салыстыру дұрыс емес болар. Бірақ дегенмен де оқиғалардың шыншылдығы үшін салыстыруды жөн көрдім.

    "Breaking Bad" мені шытырман оқиғасымен ғана емес, ұсынып отырған құндылықтар диллемасымен тартып алып кетті. "Не бай бол, не жоқ бол" , кедейлікті сорлылық деп түсінетін тоғышар қоғамға бақыттың тек байлықта емес екендігін түсіндіргендей. Сериалдың айтатын идеялары өте көп: есірткі саудасы, орта жас кризисі, дүние қоңыздық, ашкөздік, жауыздықпен шектесетін қаттылық, ер мінез т.б. т.с.с. 

    "Мінез"

    Сериалдың бас кейіпкері химия пәнінен сабақ беретін мұғалім Уолтер Уайт. Ол момын, отбасында әйелінің етегінен шыға алмаймын ез, тұрмыс тірлік істерінде қырсыз, қарызға белшеден батқан бейшара. Солай  болып өмір сүріп жүре берер ме еді. Егер өкпе ісігі ауруына ұшырамағанда. Дәрігерлер бірнеше ай немесе жыл өмірі қалғанын айтты. Жазылуы екіталай қатерлі ісік ауруына ұрынған ол бастан кешкен өмірін қайта бағамдап, өзіне мақсат қойды. Қалай болғанда да қалған өмірінде отбасының қиналмай өмір сүруіне жететін ақша табуы керек. Заң шеңберін аттап қылмыс әлеміне өз еркімен кірді, адамшылық шеңберін аттап кісі өлтірді, есірткі жасап сатты. Ауыр ауыр қылмыстың неше түрін жасады. Кінәлі кінәсіз адамдардың жанын қиып, қасапшыдай қолы қанға былғанды. Қылмыс істеуге бұрынғы оқушысы, жас жігіт Джессиді де қатыстырды. Уолтер Уайттың бұрынғы ез, қорқақ мінезінен ештеме қалмады. Дұшпанға жаны ашымайтын, егер достары қателессе оларды аямайтын қатыгез ер мінезді тапты. Наркобарондар, қылмыскерлер, полициялар сол қалада тұратын барлық елдер мұның өзі таңдап алған "Хайзенберг" деген лақап атын естігенде үрке бастады.

    Дүние қоңыз

    Бір бөшкі ақшаны шөл далада домалатып бара жатқан Уолтер Уайт бір қиқоңызға ұқсаттым. Гиллиганның идеясы ма, режиссерлардың идеясы ма білмедім. Бірақ сол бір бейне есімде тастай болып сақталып қалды. Қанша жұртты алдап, отбасын алдап, өзін өзі алдап, қанша жұрттың қанын төгіп жылдар бойы жинап терген дүниесін бір бөшкеге салып алып қайда тығарын білмей бара жатқан... Дүние қоңыз...

    Иірім

    Ақшаны жүздеп, мыңдап емес миллиондап тапты. Есірткі сатып тапқан ақшасын тіпті санаудан шаршады. Бірақ сонда да ашкөздігін қоймады. "Қойдым" десе де бұрынғы қылмыстары әшкере болып қала ма деп тынышы кетті. Қылмыстың иірім батпағынан шығып құтылып кетуу оңай емес екен, ол батқан сайын бата түсті. Ақырында полиция бастығы бажасы мен оның серігінің өліміне себепкер болды. Өзі де сол сыбайлас қылмыскерлерінің құрбаны болды.

    Кім үшін?

    Уолтер Уайттың персонажы кейбір криминалды фильмдерде мафиоздардың "барлығы отбасы үшін", "ең бастысы отбасы" т.с.с. деп келетін түсініктерінің күл талқанын шығарып жалғандығын әшкерелеп бергені. "Өкіл әке" фильміндегі сияқты мафияның отбасы құндылықтарын романтик, идеалистік тұрғыдан көрсету жоқ. Шынында Уолтердің отбасым үшін деп жинаған арам малы отбасына абыройсыздық, бәле мен қасірет әкелді. Ең соңында Уолтер осы қылмыстардың барлығын отбасым үшін жүрмін деп өзін өзі алдап келгендігін, бірақ шынында өзінің нәпсін (альтер эгосын) қанағаттандыру үшін жасағанын ұқты. Арамдықпен, ашкөздікпен басын қатерге тігіп жүріп терлеп тапқан ақшасының оның отбасына түк те керегі жоқтығын түсінді. Бірақ барлығы кеш еді.