• Біздің парақшалар:
  • Күн бұлтты, бұршағы ет жаууы ықтимал 2

    Облачно... 2: Месть ГМО

    Cloudy with a Chance of Meatballs 2

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Something big was leftover"
Режиссер:
Коуди Камерон
Басты рөлдерде:
Энди Сэмберг , Хамани Гриффин , Анна Фэрис , Бенджамин Брэтт , Терри Крюс , Билл Хейдер , Нил Патрик Харрис , Коуди Камерон , Джеймс Каан , Уилл Форте , Кристен Шаал , Мелисса Штурм
Сценарий:
Джон Фрэнсис Дейли , Джонатан М. Голдштейн , Эрика Ривинойя
Продюсер:
Фил Лорд , Кристофер Миллер , Кирк Бодифелт
Жанр:
Комедия , Фэнтези , Отбасылық , Фантастика , Мультфильм
Бюджет:
$78 000 000
Әлемдік табысы:
$248 038 757
Қазақстандағы табысы:
〒89 493 233
Әлемдік премьера:
26 қыркүйек 2013
Қазақстандағы премьера:
24 қазан 2013
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
95 минут
Суреттеме:

Аралда тұратын барлық тұрғындар бірінші бөлімдегі оқиғадан кейін үйлерін тастап кетіп қалған. Басты кейіпкер Флинт Локвуд енді The Live Corp компаниясында жұмыс істейді. Оның тамақ жасайтын машинасы қауіпті гибридтер өндіріп жатқанын естігенде жұмысын тастауға туралы келеді. Флинт әлемді алып тамақтардан тағы бір рет құтқаруы тиіс.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.4(83200)
  • Кинопоиск: 6.447(21287)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Сіздің ойыңызға, қиялыңызға мынандай ой келді ме: "тамақтарға да тамақ керек, және олар да көбейе алатын болса?" деген? :) Әрине келмегеніне сенімдімін, себебі біз тамақты тек адамдар дайындай алады деп ойлаймыз. Бір сәтке тамақтар да тамақ жеп, көбейіп, сөйлесіп, өздерін қорғап, ойлай алатынынын елестетіп көріңізші ....

    Балаларға арналған голливудтық жаңа мультик "Облачно... 2: Месть ГМО" осындай сіз ойламаған, ешқашан елестетпеген бір қиял әлеміне жетелейді. Ғылымға бала кезінен қызыққан Флинт өзінің балалық арманын орындау мақсатында суды тамаққа айналдырып, әлемдегі аш халықтарға көмектескісі келеді. Бірақ, аппарат дұрыс істемей (әлде Флинт оның нақты мақсатын түсінбей) оны лақтырып тастайды. Осы апараттың мүмкіндігін білген арам пиғылды ғалым апаратты қолға түсірмекші болады....

    Флинтке "апаратыңның туғызған зардабын жоямыз" деп алдап, арал адамдарын қалаға көшіріп жібереді. Біраз уақыттан кейін аралға қайтып келген Флинт және оның достары таңқалыстан ауыздары ашылып қалады. Себебі, ол жерде тамақтар, көкөністер, бәрі өз бетінше адамдар сияқты өмір сүріп, көбейіп өздерінше қоғам болып өмір сүріп жатады...

    Меніңше, кішкентай балалардың көңілінен шығатын, оларға түсінікті болатын ғалым болғысы келетін балаларға айналдыратын жақсы туынды шыққан. Әр өсімдіктің қозғалысы мен шығарған дауыстарынан әр бала қуанатынына көзім жетті. Кеше бізбен бірге барған әр бала мультиктің ішінде өздері де жүргендей қуанысып қайтты. Басқа мультиктердегі анайы сөздер жоқ, өкініштісі қазақ тіліне аударылмағаны.

    Өзіңіз ғана киноға бара бермей бір уақыт үйдегі кішкентайларды да қызықты мультикке апарып тұрыңыз :)

    Сіз де мен сияқты мультиктерді ұнатасыз ба?