• Біздің парақшалар:
  • Трансильвания қонақ үйі

    Монстры на каникулах

    Hotel Transylvania

Жыл:
2012
Ел:
АҚШ
Слоган:
Where monsters go to get away from it all
Режиссер:
Генндий Тартаковский
Басты рөлдерде:
Адам Сэндлер , Энди Сэмберг , Селена Гомес , Кевин Джеймс , Фрэн Дрешер , Стив Бушеми , Молли Шеннон , Дэвид Спейд , Си-Ло , Джон Ловиц , Брайан Джордж
Сценарий:
Питер Бейнхэм , Роберт Шмигель , Дэн Хейгмен , Кевин Хейгмен
Продюсер:
Адам Сэндлер , Мишель Мурдокка , Лидия Боттегони
Жанр:
Комедия , Отбасылық , Балаларға арналған , Мультфильм
Бюджет:
$85 000 000
Әлемдік табысы:
$252 726 748
Әлемдік премьера:
7 қыркүйек 2012
Қазақстандағы премьера:
16 қазан 2012
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
91 минут
Суреттеме:

Граф Дракула өзіне және қызына арнап бөгделер көзіне түспейтін қонақ үй салады. Ол жерде бүкіл әлемнің құбыжықтары үшін келіп демалуға барлық жағдай жасалған. Алайда туристер бұл жерде де құбыжықтарға тыныштық бермейді.

Рейтинг:

8,625

  • Дауыс бергендер: 8

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.1(208199)
  • Кинопоиск: 7.602(82842)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Трансильвания қонақүйі: келген ізіңмен кері қайт!

    Әдетте қалай? Әдетте былай. Бір топ жақсы адам болады. Оларға «көн шалбары көтіне қатқан» бір жалмауыз-құбыжық тыныштық бермейді. Малын ұрлайды, өздеріне қауіп төндіріп, қатер қыла жаздайды. Содан әлгі жақсы адамдар бірігіп жамандыққа қарсы тұрады. Жеңіп шығады. Сосын қара жер құшып жатқан құбыжықтың басын тепкілеп тұрып бұ дүниедегі күллі ғибадати-ғадауати қасиеттер туралы құшақ-құшақ құнарлы сөздер айтады. Біз әлимсақтан бері көріп келе жатқан мультфильм атаулы осындай болатын. Жағымды кейіпкеріміз нар тұлғалы, бура санды, бұқа мойынды, көрікті де келісті болса, қарғыс атқыр қара ниетті неме бет-ауызы бүріскен, көрген адамның көзін де, көңілін де құсаға қалдыратын кейіпте еді.

    Дженнди Тартаковски (тумысында мәскеулік Геннадий Тартаковский) бұл мәселеге басқа жағынан кіруге бел шешіпті. Бұрын біздің әңгіме-аңыздарымызда итатқырдың рөлін ойнайтын қанішер, қасқыр-адам, зомбилар «Трансильвания қонақүйінде» керісінше көрсетілген. Фильм желісі былай: ғасырлар бойы ғұмыр кешкен граф Дракула алақанына салып аялап отырған, жүз он сегізге жаңа толған қызы Мэвисті адам атаулыдан аулақ ұстайды. Кішкентайынан «пендеге жолама, көрген жеріңде көкірегіңе сына қағып, басыңда шауып тастайды» дегенді құлағына құйып өскен Мэвис әкесінің құбыжық атаулыға тыныштық сыйлап, емін-еркін дем алуға жағдай жасайтын қонақүйіне қаңғалақтап жүріп келіп қалған Джонатанға ғашық болып қалады. Әрине, Джонатанның Франкенштейн секілді денесі құрастырмалы немесе Көрінбейтін адам сияқты қасиеті болса екі жас бақытты болып-ақ кетер ме еді, кім білсін, бірақ, жас саяхатшының қарапайым адам болғандығы күллі қонақүйдің апыр-топырын шығарады. Себебі, құбыжықтар… адамнан өлердей қорқатын.

    «Трансильвания қонақүйі» жылдың үлкен-кішісі көріп, көңіл көтеріп қалуы тиіс туындыларының бірі деп есептеймін. «Мегами» мен «Жексұрын мен» секілді бер жағы адам төзгісіз, бірақ жан-дүниесі қайыр-мейірімге толы кейіпкерлері бар туындылар ұнаса, ойланбай кассаны тоқылдатып, тиын шығарып «Трансильвания қонақүйінен» «бөлме алыңыз». Фильм бір жарым сағат бойы көрерменін қалт жібермей, қадағалап, уысынан шығармай ұстап отырады (Sony Pictures-тің анимациялық туындыны бұлай түсіре алғандарына өзімнің де аздап таңым бар).

    Сюжеттің жылдамдығы бөлек әңгіме: диалогтар мен қалжыңдар тез ауысады және жалықтырмайды. Күтпеген «қорқынышты» сәттер өзге анимациялық туындыларда жоқ өзгеше бір әсер береді. Кейіпкерлердің кескін-келбеттері мен киген киімдері де сауатты: дракулалық оқиғаға тән готикалық стиль мен қызылды-жасылды көңіл көтеретін түстердің өріле беруі фильмнің сапалық қасиетін күшейте түскен.

    «Трансильвания қонақүйі» сізге ұнайды. Себебі, қамқор әке Дракуланы, ақкөңіл Франкенштейнді, көзі мөлдіреген сүйкімді жарғанат қыз Мэвисті, көңілді Мумияны, топырлаған бөлтіріктерін жанындай жақсы көретін Қасқыр-адамды, тентек Көрінбейтін адамды сіз басқа фильмнен осы кейіптерінде көре алмайсыз. Әзірге деп үміттене отырайық…