• Біздің парақшалар:
  • Джон Картер

    John Carter

Жыл:
2012
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Эндрю Стэнтон
Басты рөлдерде:
Джеймс Пьюрфой , Брайан Крэнстон , Тейлор Китч , Томас Хейден Черч , Марк Стронг , Линн Коллинс , Дэрил Сабара , Доминик Уэст , Киран Хайндс , Николас Вудесон , Полли Уокер , Уиллем Дефо , Саманта Мортон
Сценарий:
Эндрю Стэнтон , Майкл Чабон , Марк Эндрюс
Продюсер:
Колин Уилсон , Линдси Коллинз
Жанр:
Фэнтези , Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$250 000 000
Әлемдік табысы:
$284 139 100
Қазақстандағы табысы:
$1 682 514
Әлемдік премьера:
22 ақпан 2012
Қазақстандағы премьера:
8 наурыз 2012
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
132 минут
Суреттеме:

АҚШ-тың азамат соғысының ардагері Джон Картер күтпеген жерден Марсқа тап болады. Ол ғаламшарда бойлары төрт метр болатын жергілікті тайпаның қолына түседі. Картер өзін ғана емес, Гелиумның ханшайымды да құтқаруы керек.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.6(244696)
  • Кинопоиск: 6.93(96262)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Джон Картер" фэнтези туындысы мол әсер қалдырды. Өкінішке орай, бұның бәрін жақсы әсерге жатқызуға келмес. Толығырақ, тоқталайын. 

    Фильм жайында

    "Джон Картер" (John Carter) — Эндрю Стэнтонның ғылыми-фантастикалық қызық оқиғалы боевигі. Кинотуынды Райс Берроуздың «Марс ханшайымы» атты кітабы бойынша қойылған.

    Сюжет

    Фильмдегі оқиға 19-ғасырдың соңында орын алады. Әскерден босап келген жауынгер Джон шөл даладан алтын іздеуді кәсіп еткен. Қарызға белшесінен батса да, нәтижесіз ісін тоқтатпайды. Сондай бір сапарлардың кезінде, жергілікті полицейлерден қашып жүріп үңгірге тап болады. Үңгірде ғайыптан пайда болған бір адамды көреді. Бұндай құбылысқа таң қалған ол, әп-сәтте әлгі адамды атып өлтіреді. Содан кейінгі жағдай мүлдем өзгеріп сала береді. Оянса — шөл далада жатыр екен. Орнынан тұрып жүрейін десе, ауада қалқып көтеріліп кете береді. Көп кешікпей жергілікті «аборигендермен» де кездеседі. Төрт қолды тұрғындары былай тұрсын, бұл маңайдың жануарлары да басқаша. Аяқ-қолдары көп, оның үстіне бәрі де әдеттегіден үлкен. Осындай қызық тіршілік иелерінен басқа, адамдар да өмір сүреді екен. Осы адамдармен кездескеннен кейін ғана Джон Жерде емес, Марсқа тап болғанын біледі. Джон Марста тұратын екі озық өркениет өкілдерінің арасындағы соғыс заманына тап болады. Ол соғыстың құрбанына айналғалы тұрған Гелиум халқын басқыншылар қауымынан құтқару үшін күреске түсуге бел байлайды. Бұндай шешім себепсіз де емес, Гелиумның хас сұлу ханшайымы Джон Картердің есін кетірген еді.

    Марс табиғаты

    Марс біз ойлағандай тіршіліксіз емес екен. Фильмді көргенде осылай сеніп те қалғандай болдым. Онда біздегі жануарларға балама боларлықтай тіршілік иелері өмір сүреді. Ауасы да жарамды. Қалалары бар. Тұрғындары да өркениетті. Дамыған ғылымы мен мәдениеті бар. Тек тұрғындар Жерге тән емес қасиеттерге ие. Қандай қасиеттер, оны фильм барысында өздеріңіз біле жатарсыздар. Қызыл ғаламшарды осылай көрсете білген арнайы эффектілер мен компьютерлік графика, қымбат декорациялар өз мақсатына жеткен тәрізді. Ғимарат ішіндегі көріністерді театрландырылған қымбат қойылымға балауға болады. Ал Марс даласындағы жойқын шайқастар Джордж Лукастың «Жұлдыз соғыстары» сериалын еске түсіреді.

    Актерлердің ойыны

    Үлкен планмен көрінген актерлерді қолмен санауға болатын тәрізді. Қалғандары «компьютермен сызылған» жергілікті тұрғындар. Тейлор Китчті басты рөлде бірінші көруім, сондықтан салыстырып көретіндей оның басқа ойындарын еске түсіре алмағандықтан, актердің шеберлігіне қатысты сын не мақтау айту қиындау. Гелиум ханшайымын ойнаған Виола Линн Коллинзтің сұлу жауынгер, сонымен қатар нәзік әйел кейпіндегі рөліне тәнті болдым. 

    Режиссер 

    Эндрю Стэнтонның фантастикалық дүниелерді қоя алатын шебер екеніне тағы көз жетті. Бұған дейін ол «Оскар» алған «ВАЛЛ-И» (WALL-E) және «Немоны іздеу» (Finding Nemo) секілді тамаша анимациялық дүниелерін өмірге әкелді. Бірақ, «Джон Картер» оның ең үздік туындысы демес едім.

    Бірақ...

    Сюжеттің оригинал болмауы бәрін бүлдірді. Бәрі әдемі, бәрі орынды. Тек оқиғалардың желісі ешқандай ерекшелік әкеле алмады. Дегенмен, соңғы 10-15 минуты кәдімгідей қуантты. Әрине, фильм кітаптың негізінде түсірілді. Бірақ кінәнің бәрін көркем шығарма мен оның авторына артып қою аздап әбестік болар еді. «Аватарды» Марстан көрем десеңіз — «Джон Картер» сізге көмекке келеді.