• Біздің парақшалар:
  • Қара киімді әйел

    Женщина в черном

    The Woman in Black

Жыл:
2012
Ел:
Канада , Ұлыбритания , Швеция
Режиссер:
Джеймс Уоткинс
Басты рөлдерде:
Дэниэл Рэдклифф , Киран Хайндс , Джанет МакТир , Дэвид Бурк , Шон Дули , Софи Стаки , Роджер Аллам
Сценарий:
Джейн Голдман , Сьюзен Хилл
Продюсер:
Брайан Оливер , Бен Холден , Ричард Джексон
Жанр:
Драма , Триллер , Үрейлі
Бюджет:
$17 000 000
Әлемдік табысы:
$127 730 736
Қазақстандағы табысы:
$309 228
Әлемдік премьера:
3 ақпан 2012
Қазақстандағы премьера:
15 наурыз 2012
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
95 минут
Суреттеме:

Он тоғызыншы ғасырдың аяғы, адамдар автомобильдерді, теміржолдарды, телеграфты пайдаланатын кезеңге жетсе де, бәрібір тылсым күштің алдында қауқарсыз. Артур Киппс деген лондондық жас заңгер 4 жасар ұлын ұлын қалдырып, алыстағы ауылға іссапарға аттанады. Ол Ил Марш мекенінде қайтыс болған қожайыннан қалған құжаттарды реттестіруі керек. Аса қонақжайлық таныта қоймаған жергілікті тұрғындармен танысқаннан кейін, ауылда тылсым құпия жасырылғанын ұғады. Ескі моладан қара киінген әйел көрінгеннен кейін, тұрғындардың арасында жұмбақ өлімдер бірінен кейін бірі орын ала бастайды.

Рейтинг:

7,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.4(167226)
  • Кинопоиск: 6.499(70920)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Джеймс Уоткинстің "Қара киімді әйел" (Женщина в черном / The Woman in Black) — үрейлі триллері қалың бұқара үшін арналмаған. Аталған картинадан бұрын-соңды байқалмаған бірқатар ерекшеліктерді байқадым. Судай аққан қан, жүйке жұқартар азап-қорлықсыз-ақ көрерменді өлердей қорқытуға болады екен. Сонымен, "Қара киімді әйел" несімен ерекше? 

    Сюжеттік желі
    Сюжеттен жаңашылдық мен түпнұсқалы идея табасыз деп айта алмаймын. Үрейлі драмаларға тән оқиға. Бірақ мистикалық жағы басым. Фильмде соңына дейін бар құпияны ашпай ұстап отыратын қасиет байқалады. Бірде-бір кадрын мүлт жібермей, құпиясы мен мәнін көпшіліктен бұрын шешемін деп қанша тырысқаныңызбен, ол ойыңыз іске бірден аса қоймайды. Бұған әрине бірінші кезекте бойыңызды билеп алар үрей сезімдері ерік бермейді. Өйткені, үрейлі кадр бірінші минуттан-ақ басталып кетеді. 

    Дэниэл Рэдклифф
    Оны бәрі Гарри Поттер бейнесінде көріп үйреніп қалды. Сондықтан да оның басқа образдағы түрін көру аздап біртүрлі әсер береді. Әйелінен айырылған жас әке рөлін нашар ойнады деуден аулақпын. Бірақ, жігіттік өмірге енді қадам басқан жас Дэниел үш жасар ұлы бар салмақты әке бейнесін тым ерте ойнап қойғандай. Грим оның балаң жүзін құтқара алмағандай болды. Көздерінен, кейбір қылықтарынан бәрібір сол жас жігітті байқап қалып отырдым. Оның жаңа образына талдау жасауға да осы кедергі келтірген секілді. Дегенмен оған және оның Артур Киппс есімді заңгер бейнесіне тағар кінәм жоқ.

    Не түсіндім?
    Бұл жерде ана махаббатының зұлым фанатизмге әкелген жағдайын көрдік. Кекшілдіктен туған теріс әрекеттер өршіп кетсе, оны тоқтату қиын екен. Тіпті еш қатысы жоқ жазықсыз жан да өш алу оқиғасының құрбанына оңай айнала алады. 

    Қалай дегенмен де
    бұл — попкорндық фильм емес. Бұл — мистика мен үрей жанрлы туындыларды іздеп жүріп көретін, батыл да берік көрермендерге ұсынылатын картина. Кинодағы мистикалық кейіпкерлер мен тақырып атауына негіз болған қара киімді әйел есіңізден көпке дейін шыға қоймасы анық. 

  • «Қара киімді әйелмен» түн өткізген Гарри Поттер

    Сықырлаған еден, жабылып, ашылмай қалатын есік, тірі пендесі жоқ үйдің екінші қабатындағы терезеден қарап тұрған әйел, айдалада салынған алып үй, музыкалы ойыншықтар… Бір қарағанда «Қара киімді әйелдің» (Женщина в черном / The Woman in Black) ерекше ештеңесі жоқ: көрдің, бір-екі рет бақырдың (бақырмауыңыз да мүмкін, алайда, жүрегіңіз зірк етпей қалмайды), ұмыттың, болды. Бірақ…  Фильмның жекелеген сәттерінде емес, өн бойында кездесетін әлдебір түсініксіз аура, төбеден төмен төніп тұратын мистикалық сипат, оператордың «кесірінен» пайда болатын үрей түптеп келгенде есіңізде қалатын ақырғы әсер болады.

    Он тоғызыншы ғасырдың соңы. Артур Киппс атты жас адвокат шалғай жатқан елді мекенге аттанады. Бастығының бұйырғаны біреу: қайтыс болған әйелдің қағаздарын реттестірмей, анықтамай, қайтпа. Баласын күтушіге тастап (әйелі босанған кезде қайтыс болып кеткен) жолға шыққан Артурды аңыраған үй, әлденеден қорыққан адамдар, батпаққа батып өлген бала және қара киімді әйел күтіп алады.

    Сьюзен Хиллдің «Қара киімді әйел» атты шығармасының желісімен түсірілген ремейк-екінші фильм ең әуелі басты рөлді ойнаған Дэниэл Рэдклифф арқылы қызығушылық тудырды. Жалпы жұрт Гарри Поттерден басқа бейнесін көрмеген британдық актер сиқырлы таяқшасыз және көзілдіріксіз құпия күштермен қалай күресер екен деген болатынбыз. Бастамасы жаман емес, кескін-келбетімен, түр-сипатымен көрерменге мистикалық әсердің кем дегенде қырық пайызын «сыйлап» береді. Елдің есінде шекесінде тыртығы бар бала болып қана қаламын деп қамыққан Рэдклифф енді уайымдамаса да болатын сияқты, ендігі жерде жеке өзім актерді мистикалық драмамен де байланыстырамын. Гарри Поттер демекші, 1989 жылы жарық көрген «Қара киімді әйелде» басты рөлді, яғни адвокат Киппсты кейін Поттердің әкесі Джеймсты ойнаған Эдриан Роулинс экранға шығарған екен.

    «Қара киімді әйелдің» сюжеті тым таптаурын болған сипатта. Баласынан айрылып, есінен айрылған әйелдің кек алуы, жақын жатқан жұрт баласының жаппай өздерін-өздері өлтіруі – бұған дейінгі біраз фильмде қолданылған көріністер. Джеймс Уоткинс туындысын құтқарып қалған операторлық жұмыс пен кадр тартымдылығы. Гай Ричидің біраз фильмімен («Револьвер», «Карта, ақша және екі мылтық», «Үлкен олжа») жұмыс істеген оператор Тим Морис-Джонстың әдемі түсірілімдер мен аруағы бар үйдегі үрейді еселей түсетін кадрлары елді бір аһылатып, бір үһілетіп отырғызады. Бұған дейін ауасымен арбап алатын бірнеше фильм («Менің кішкентай көзім», «Жоғалғандар», «Жұмақ көлі») түсірген Джеймс Уоткинс кәсіби даму үстінде секілді. Қайткен күнде, бұл режиссердің туындыларына сұраныс болады деп ойлаймын.

    Көрерменге ұнамды болуына себепші тағы бір фактор ретінде фильмдегі қан-жынның, қатігез кадрлардың (Ба! деп қорқытып қалуды айтпаймын) жоқтығын келтіруге болады. Ия, үрейлі; ия, не болар екен деп тыпыршып кетесің; ия, күткен дүниең болмай, енді еркінси бергеніңді әлдебір бейне немесе үн сап ете қалып жыныңа тиеді, бірақ, қорқырай аққан қан мен қол-аяғы шабылған адамды көрмейсіз.Классикалық готикалық сипаттағы бұл мистиканы Николь Кидман түскен, «Гойя» жүлдесін сыпырып алған «Басқалар» («Другие», «The Others») туындысымен салыстыруға болатын секілді. Дәл сондай еңсені басар қызықты сәттер, қараңғы бөлмелер, тұманды дала және ең бастысы ерекше финал.

    Джеймс Уоткинс сапалы дүние түсірген екен. Тіпті, қорқынышты сәттерді қабылдай алмаймын, ұнамайды деген адамның өзі фильмнің мистикалық сипаты мен драмалық сюжетіне қарайлайды деуге болады.Британдық-канадалық «Қара киімді әйел» қорқынышты аттракцион сияқты. Әлдебір американ сырғанағына немесе шыр көбелек айналар әткеншекке отырған адамның аспан мен жер орын ауыстырып, әлем-тапырақ болғанда иманын үйіріп, «екінші қайта жоламаспын бұл бәлеге» деп ант-су ішетіні, бірақ артынан келесі аттракционға кезекке тұрып жататыны бар емес пе? Бұл да сондай…