• Біздің парақшалар:
  • Капитан Филлипс

    Captain Phillips

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Пол Гринграсс
Басты рөлдерде:
Том Хэнкс , Майкл Чернус , Кэтрин Кинер , Баркхад Абди , Файсал Ахмед , Дэвид Уоршофски , Кори Джонсон , Крис Малки , Макс Мартини , Юл Васкес
Сценарий:
Ричард Филлипс , Билли Рэй
Продюсер:
Майкл Де Лука , Дэна Брунетти , Скотт Рудин
Жанр:
Драма , Триллер , Боевик , Қызық оқиғалы , Қылмыстық , Өмірбаян
Бюджет:
$55 000 000
Әлемдік табысы:
$217 101 686
Қазақстандағы табысы:
〒56 100 754
Әлемдік премьера:
27 қыркүйек 2013
Қазақстандағы премьера:
5 желтоқсан 2013
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
134 минут
Суреттеме:

2009 жылы сәуірде Африка жағалауына жақын маңда бірнеше Сомали қарақшылары MV Maersk Alabama жүк кемесіне шабуыл жасап, жаулап алмақ болады. Кеменің командасы қарсылық көрсетіп, өздірінің тұтқынға түсуіне жол бермейді. Дегенмен шабуылдаушылар капитан Ричард Филлипсті ұстап алып кетеді.

Рейтинг:

7,667

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.8(395767)
  • Кинопоиск: 7.546(70485)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • «Капитан Филлипс» деген фильмді көрдік (триллер). Өте мықты фильм. Американдық фильмдердің пафостан арылып, шынайы түсіріле бастаған өнімдері ұнайды. Былтырғы «Операция Арго» осыған мысал. Ең біріншіден бұл фильмге Том Хэнкс түскен соң бардым, екіншіден оқиға да өмірден алынған. Сомалилік теңіз қарақшылары (өздерін балықшымыз деп таныстырады) MV Maersk Alabama жүк кемесіне шабуыл жасайды. Кәдімгі ашкөз ұрылар емес, жұмыссыз жатқан, қараңғылықтан арылмаған сомалилік камикадзелер. Камикадзе дейтін себебіміз олар өздігінен қарақшылыққа барған жоқ. Өзгенің күштеуімен. Пәленбай млн. доллар пайда әкелмесе тірі келуге қақысы жоқ. Алды тұзақ, арты ор. Қандай қиындықтан да тартынбайды. Сондықтан олар ең біріншіден ақша үшін емес, өмір үшін күресіп жүрген деуге болады. Кеменің капитаны Ричард Филлипс (Том Хэнкс сомдайды). Том Хэнкстің «Форрест Гамп» және «Изгой» фильмдерінен кейін өзінің жеке дара актерлық шеберлігін көрсеткен тағы бір фильмі.

    Бұл оқиға 1999 жылы болғандықтан, өмірде шын болған Ричард Филлипстің Вермонттағы үйіне бір емес, екі рет барып, үлкен сұхбат құрып қайтыпты.Фильмге оралсақ, сомалилік теңіз қарақшылары (төртеу, оның бірі мұрты енді тебіндеп келе жатқан бозбала) жүк кемесіне қару асынып, басып алады. Кемеде 21 американдық азамат бар. Бірақ бірде-біреуінде қару жоқ (Американдықтардың дұшпанына қарсы қарусыз алғаш соғысы болуы да ғажап емес). Не керек, капитан Филлипс бұл төртеуінен кемені қорғаймын деп жүріп (ортада біраз оқиғалар бар)соңында өзі тұтқынға түсіп қалады. Ішінде қарақшылардың капитаны болып ойнайтын Мусе деген жігіт Американы қаншалықты жек көрсе, соншалықты жақсы көретінін, сонда өмір сүргісі келетінін айтады. Том Хэнкс тұтқынға кемедегі отандастарын қорғау үшін түсіп қалады. Одан кейін аяғын шиша тілген бозбалаға жаны ашып, көмектескісі келеді. Ал, жаны мұрнының ұшына келіп, өлім таянғанда барып отбасын, бала-шағасын ойлап шарқ ұрады.Басты рөлдегі Филлипстің не әулиелігі бар дегенге келейік. Біріншіден, капитан шабуыл жасаған қарақшыларды дұшпан санаған жоқ. Екіншіден, осы тығырықтан ешкімнің азап шекпей, өзді-өзімен тарағанын қалады. Үшіншіден, Филлипсті құтқаруға келген америкалық әскер капитанды аман алып қалу үшін үш бірдей сомалилік қарақшыны мерт қылады. Ал, тұтқыннан аман шыққан Филлипс зобалаңнан құтылғанына қуанбай, әлгі үш қарақшының көз алдында оққа ұшқандығына налып, бейшара күй кешеді. Әлі өмірдің қызығын көріп үлгермеген жас жігіттерді аман алып қала алмағаны үшін күрсінеді. Ешкімнің ала жібін аттамаған, заң бұзбаған, барлық жетістікпе өз еңбегімен жеткен капитан Филлипс өздерін балықшымыз деп таныстырған теңіз қарақшыларына «Одан да балық аулап, еңбекпен нәпақа тапқандарың жөн еді ғой» дегенді жаны ашып айтады. Тағы бір дүние бар, ол Американы кез-келген азаматының тағдыры бей-жай қалдырмайтыны. Капитан Филлипстің тұтқынға түскенін естігенде дабыл қағып, Алабаманың жарты әскері тік тұрады. Ал, Сомалидің қыршын кеткен үш бірдей азаматы үшін жаны ашитын, іздеу салатын бірде-бір адам болған жоқ.