• Біздің парақшалар:
  • Джамп көшесі 21

    Мачо и ботан

    21 Jump Street

Жыл:
2012
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Фил Лорд , Кристофер Миллер
Басты рөлдерде:
Ченнинг Татум , Дэйв Франко , Ник Офферман , Джона Хилл , Бри Ларсон , Роб Риггл , Айс Кьюб , Крис Парнелл , Элли Кемпер , Джейк Джонсон
Сценарий:
Майкл Бэколл , Стефен Дж. Кэннел
Продюсер:
Нил Х. Мориц , Джона Хилл , Стефен Дж. Кэннел
Жанр:
Комедия , Боевик , Қылмыстық
Бюджет:
$42 000 000
Әлемдік табысы:
$201 585 328
Қазақстандағы табысы:
$521 364
Әлемдік премьера:
12 наурыз 2012
Қазақстандағы премьера:
12 сәуір 2012
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
109 минут
Суреттеме:

Полицияға жаңадан орналасқан екі жас маман аса құпияға тапсырмаға жіберіледі. Екеуі есірткі саудасы қызып тұрған мектепке қайтадан оқушы болып қабылданып, қылмысты ашуы керек.

Рейтинг:

5

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.2(462946)
  • Кинопоиск: 7.014(127641)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Оқушы полицейлердің хикаясы

    2012 жылдың 12 сәуірінде отандық нарыққа «Джамп көшесі, 21» («Мачо и Ботан»; «21 Jump Street»)кинотуындысы шығады. Фильм жанры жағынан боевик элементтері бар комедияға жатады. Қалай дегенмен де көрсетілімнен кейін көрерменнің бей-жай қалмасы анық. 

    Фильмнің режиссерлері — Фил Лорд пен Крис Миллер. Айтпақшы, екеуі бұған дейін бірнеше жобада бірлесе жұмыс істеп көрген екен, сондықтан кезекті тандем қос режиссер үшін аса қиындық әкелмеген тәрізді. Фил Лорд пен Крис Миллер фильмде режиссерлікті атқарып қана қоймай, сценариін де жазып, тіпті актер ретінде де қатысыпты. Сол себепті, жоғары бағаға лайық өзгеше туынды күтуге толық себеп бар.

    Басты рөлдерде Джона Хилл, Ченнинг Татум, Айс Кьюб, Джонни Депп, Джэйк М. Джонсон, Элли Кемпер, Дэйв Франко, Бри Ларсон, Джонни Симмонс, Роб Риггл секілді актерлерді көре аламыз. Басты рөлдегі Джона Хилл мен Ченнинг Татум туындының көңілден шығуына негіз болды дейтін болсақ, ал Джонни Депптің бірнеше минутқа болса да эффектілі түрде экранда пайда болуы тіптен фильмнің әсерлігін арттыра түсті.

    Кейіпкерлер мен олардың басынан өткен оқиғалары бірден елітіп алып кетеді. Алғашқы минуттан бастап соңғы титрға дейін экраннан көз алмасыңыз анық. Әрине, американдық аздап топастау юмор мен ешбір күрделі ой салмайтын әзіл ұнататын көрермендер үшін осындай әсер береді. 

    Картина екі жас полицей жайында. Олар полиция академиясын бітірісімен тағы да мектеп қабырғасына оралуға тура келеді. Бас кейіпкерлерге мектепте саудаланып жүрген қауіпті есірткі көзін тауып, өндірушілер мен таратушыларды әшкерелеу жүктеледі. Олар қайтадан мектеп оқушысының кейпіне кіріп, ағайынды балалар рөлін ойнаулары тиіс. Сөйтіп, полицияның жасырын қызметкерлері тез іске кірісіп кетеді. 

    Жеңіл комедия, күрделі мағына іздемеңіз. Қыран-топан күлкі мен сергіткіш атмосферасына тереңдей ену үшін таптырмас кинотуынды.