• Біздің парақшалар:
  • Рейд

    The Raid: Redemption

    Serbuan maut

Жыл:
2011
Ел:
АҚШ , Индонезия
Режиссер:
Гарет Эванс
Басты рөлдерде:
Ико Уайс , Джо Таслим , Дони Аламсях , Яян Рухьян , Пьер Грюно , Рэй Сахетапи , Верди Солайман
Сценарий:
Гарет Эванс
Жанр:
Триллер , Боевик , Қылмыстық
Бюджет:
$1 100 000
Әлемдік табысы:
$4 105 187
Әлемдік премьера:
8 қыркүйек 2011
Қазақстандағы премьера:
5 сәуір 2012
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
101 минут
Суреттеме:

Арнайы мақсаттағы жасақ Джакартаның кедей аудандарының бірінде орналасқан көп қабатты ғимаратқа кіріп, сонда орналасқан есірткі баронын тұтқындауы тиіс. Бірақ оны бақайшағына дейін қаруланған баскесерлер армиясы күзетеді. Жауынгерлерді әр қадам сайын өлімге апарар жаңа қауіп пен 30 қабат тозақ күтіп тұр.

Рейтинг:

7,667

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.6(179407)
  • Кинопоиск: 7.407(53368)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Рейд. Көрерменді нокаутқа жіберетін кино 

    Осы жылдары «Аватар» мен Роберт Паттинсон қандай танымал болса, қайбір кездері Джеки Чан, Боло Янг, файтинг-кино сондай сұранысқа ие болған-ды. Бертінде Тони Джаа арқылы көптің көңілін өзіне құлатқан оңтүстік-шығыс стиліндегі төбелес жер-жерді жаулады. Бірақ, 3D формат шығып, елдің есін фэнтези фильмдер алған кезде, сарт-сұрт шайқас пен көз ілестірмейтін қол-аяқ қақтығысы кейінге ысырылғандай болған. Алайда, уэльстік режиссер Гарет Эванс пен индонезиялық актер Ико Ювайстың бір ойлағаны бар екен. Бюджеті бір миллион доллардың ар жақ-бер жағындағы (салыстырыңыз: «Көшпенділер» – 40 миллион) «Рейд» файтинг-стильдің қайта өрлеу дәуірін басынан кешіріп жатқанын көрсетіп отыр деп ойлаймын. Драмалық сипат пен аз ғана көлемдегі күлкілі көріністерді керемет қойылған төбелеспен өріп беретін фильм айрықша қатігездігімен, ашық көрсетілетін шынайылығымен және көзге жауыр, миға салмақ болған голливудтық өнімдерден серпілтіп алатын қасиетімен көрерменге ұнай біледі.

    Сюжеттік желісі аннотациясын оқыған адамға әсер етпеу былай тұрсын, ұнай қоймауы да мүмкін. Джакартаның құрыған ауданында орналасқан отыз қабатты үйді шабуылмен алып, есірткі баронын байлап-матап әкетемін деген арнайы жасақ тобы мен бақайшығына дейін қаруланған «жаман» жігіттер арасындағы қырғын туралы екі-үш сөйлем мұрынды бір шүйіріп, «өй, қойшы соны, кезекті сапасыз кино да» деуге әбден негіз бола алады. Алайда, аталған жанрды ұнататындарға (өзгелерге де қызықты болатынына сенімдімін) айтар датым бар: «Рейд» — соңғы бірнеше жылдың ішінде дәл осы файтинг стилінде түсірілген бірден-бір мықты фильм. Канадалық Торонто фестивалінде көрген елді есінен тандырған туынды прокатқа шықпай жатып басы дауға қалған-ды. Сарапшылардың бірі жақтады, бірі даттады, бірақ, немқұрайды қалған ешкім болған жоқ. Бір айта кетерлігі, ТМД аумағында «Рейдтың» көрсетілер-көрсетілмесі белгісіз болған: кинотеатрлар оу баста белгісіз режиссердің «бес-он тиынға» түсірілген фильмін бергенше, көпшілік күтті-ау деген релиздерді ұсынған дұрыс деп шешеді. Бірақ, көрермендердің (басым көпшілігі ресейліктер) қол жинап, талап етуі «Рейдке» шектелген прокатпен экранға шығуға мүмкіндік береді. Қолма-қол төбелесті ұнататын аудитория енді сол мүмкіндікті жіберіп алмаса болғаны.

    Фильмнің басты фишкасы өте сауатты, шебер қойылған, пышақ, тапанша, жұдырық, шынтақ, тізе, жарылыс, маңдай, бетон, соққы, мачета және тағы басқа төбелес элементтерін барынша кеңінен қолданған шайқас болып отыр. Бір жарым сағаттан астам туынды аяқталған кезде индонезиялық құйтырқы силат стиліндегі қақтығыстарды қойған актерлар Ико Ювайс (басты рөлдегі Раманы ойнайды) пен Яян Рухьянге («Жынды төбет») және сол төбелесті ерекше әуенмен «әдемілеген» Linkin Park-тық Майк Шинодаға тік тұрып қол соққың келеді. «Рейд» кинотеатрда адреналин ойнатып, қопаңдап отырғанды ұнататындар үшін майдай жағатын фильм: қатігез, аяусыз көріністер жетіп артылады. Кадр қырсық шындықты ашық көрсетеді: шықшыттан тиген револьвер оғы, тамаққа қадалған шам сынығы, бетон жақтауға белімен түсіп о дүниеге жол тартқан адам – осының бәрін авторлар сізге ыммен емес, жабуын сыпырып, жалаңаштап көрсетеді. «Рейд» төбелестерінен гуманистік көзқарасты итпен іздеп таппайсыз, бас кейіпкерің бар, басқаң бар қолына түскен қарумен қарсыласын кірпік қақпай өлтіре салады. Бірақ, жалпы фонды торлаған әлдебір драмалық қасиет (фильм басындағы аяғы ауыр әйелімен Раманың қоштасуы, аға мен іні арасындағы әңгіме) көрерменге көз алдындағының боямасыз шындық екенін көрсетеді.

    Дұрысы бар, бұрысы бар көңілді-көңілсіз диалогтарты есепке алмасақ, фильмнің қалған бөлігі тұтастай шаппа-шап шайқастардан тұрады. Ішіңіздің пыспайтынына сенімдімін. «Онг Бактан» кейін түсірілген жалғыз сәтті «Рейд» фильмі Оңтүстік-Шығыс Азия трендін күшейте түскен секілді. Бұрын телефон компаниясының курьері болып қызмет атқарған Ико Ювайс пен бас-аяғы екі фильм түсірген Гарет Эванс сиквел түсіруге кіріскен екен. Миллиондап ақша шығарып артқа отырып қалған біраз жобаның аузын айға қаратқан топтың кезекті туындысын өз басым асыға күтетін болдым.