• Біздің парақшалар:
  • Маппеттер

    Маппеты

    The Muppets

Жыл:
2011
Ел:
АҚШ
Басты рөлдерде:
Кен Жонг , Алан Аркин , Эмили Блант , Зак Галифианакис , Крис Купер , Эми Адамс , Джейсон Сигел , Рашида Джонс , Билл Коббс , Кристен Шаал , Стив Уитмир , Эрик Джейкобсон
Сценарий:
Джейсон Сигел , Николас Столлер , Джим Хенсон
Продюсер:
Дэвид Хоберман , Тодд Либерман
Жанр:
Комедия , Отбасылық , Мюзикл
Бюджет:
$45 000 000
Әлемдік табысы:
$165 184 237
Әлемдік премьера:
4 қараша 2011
Қазақстандағы премьера:
12 сәуір 2012
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
103 минут
Суреттеме:

Өз студияларын жабылудан құтқару үшін, жан-жаққа тарап кеткен маппеттер бас қосып үлкен шоу өткізбек болады.

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.1(83521)
  • Кинопоиск: 6.204(5505)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Маппеттердің қайта оралуы

    Білетіндер үшін

    Маппеттер есіңізде ме? 1980-жылдардың өкілдері осы бір ұсқынсыздау, бірақ мейірімді қуыршақтарды білетін шығар. Бірқатар американдық сериалдар мен шоулар арқылы танымал болған осы кейіпкерлер кезінде қуыршақтар әлемінде бөлек ұғымға ие болды. Бізді қайдам (КСРО), бірақ АҚШ-тың бірнеше ұрпақ өкілдері осы Маппеттер шоуын көріп өсіпті. Қателеспесем, бұл қуыршақтар біздің елде тоқсаныншы жылдардан кейін танымал бола бастады.

    Білмейтіндер үшін

    Маппеттер (ағыл. Muppets) — Джим Хенсон есімді адам ойлап тапқан қуыршақ кейіпкерлер тобы. Олар 1955 жылдардан бастап көпшілікке танымал бола бастады. Санап отырсақ, бұған дейін Маппеттердің қатысуымен оншақты фильм, үш сериал жарық көріпті. Сондықтан да шығар, Маппеттер кино әлемі үшін қайталанбас феномен болып қалыптасып үлгерді.

    Фильм жайында

    "Маппеттер" (The Muppets) — режиссер Джеймс Бобиннің 2011 жылы шығарған кинокомедиясы. Сюжет бойынша, қазіргі заманда ешкімге керек болмай қалған Маппеттердің аянышты өмірлерін көреміз. Әр кейіпкер өз күнін көру үшін, жан-жаққа тарап кеткен. Жас телекөрермендер рейтинг қуған жаңашыл, бірақ көргенсіз (мысалы: Оқушылардың мұғалімді ұруы туралы бағдарлама) шоулардың жетегінде кеткен, ал ересектер Маппеттердің болғанын ұмытып та қалған. Тэкс Ричман есімді кәсіпкер Маппеттердің бұрынғы театр-студиясын сатып алғысы келмесе, қуыршақтарды ешкім еске алмас та еді. Оның ғимаратты сатып алудағы өзінің зұлым мақсаты бар еді — студияның астында үлкен мұнай қоры бар екен. Ричман жер астындағы байлықты өндіріп алу үшін театрды бұзбақ. Бұны естіген Маппеттер қайтадан бас қосып, театрларын сақтап қалмақ болады. Ол үшін тез арада 10 миллион ақша тауып, қайтадан сатып алулары тиіс. 10 миллионды табу оңай емес, бірақ бір ғана жол бар — шоуларын қайта жаңғыртып, телекөрермендердің көзайымына айналу керек. Сонда ғана адамдардың көмегімен ақша жинай алады. Бақа Кермит бастаған қуыршақтар іске кірісіп кетеді.

    Комедия мен музыка

    Юморлары тек өздеріне ғана тән дер едім. Аздап топастау, бірақ орынды әзілдері ерекше әсер береді. Тіпті өздері түсіп жатқан фильмге қатысты айтқан юморлары да жеткілікті. Ал, музыкасы таңғалдырды. Әлемнің танымал хиттарына жасаған пародиялары мен өздерінің орындауындағы әндер қосымша әр бере түседі. Бұл орынды да, өйткені фильм — мюзикл элементтері бар комедия ғой. Белгілі бір композицияны орындау қойылымы да барынша жеңіл әзілмен берілген.Мен өзім Маппеттердің сүйікті көрермендері қатарынан емеспін. Тіпті, бұған дейін аздап жек көру сезімдері болғанын жасырмаймын. Бұған тұрпайы түрлері себеп болған секілді. Жете бағаламау тану объектісін дұрыстап білмеуден, көрмеуден туындап жатады ғой. Маппеттердің ешбір шоуын, не фильмін бұған дейін көрмеппін. Оларды жете бағаламау сондықтан да шығар.Дегенмен, қазір олардың жанкүйері болып кеттім деуден де аулақпын. Бірақ әдемі музыкамен көмкерілген жеңіл әрі топастау комедия көруді ұнатсаңыз, оның үстіне Маппеттердің кім екенін білетін болсаңыз — бұл фильмді көруге кеңес беремін. Аталған комедиядан астарлы әзіл мен ой салатын тұжырым іздемеңіз. Бұл — бәрінен де бейтарап фильм.