• Біздің парақшалар:
  • Бригада: Мұрагер

    Бригада: Наследник

Жыл:
2012
Ел:
Ресей
Слоган:
"Продолжение легендарной саги"
Режиссер:
Денис Алексеев
Басты рөлдерде:
Игорь Жижикин , Иван Макаревич , Екатерина Гусева , Кирилл Нагиев , Владислав Демин , Александр Иншаков , Анна Попова , Валерий Золотухин , Юрий Чурсин , Наталия Гуслистая
Сценарий:
Александр Иншаков , Денис Алексеев
Продюсер:
Александр Иншаков , Денис Алексеев
Жанр:
Боевик , Қылмыстық
Бюджет:
$6 500 000
Әлемдік премьера:
29 қараша 2012
Қазақстандағы премьера:
29 қараша 2012
Жас шектеуі:
Е16 - Он алты жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
102 минут
Суреттеме:

Фильм кезінде танымал болған "Бригада" телесериалындағы кейіпкерлер өмірінің идеялық жалғасы. Бұнда негізгі оқиға Александр Беловтың ұлы - Иван төңірегінде өрбиді. Бұл қазіргі Ресей туралы кино: саясат, жемқорлық, ірі бизнес пен құпия қызмет. Ата-анасының лас бизнесі туралы біліп, басқа өмірлік жолды таңдаған ұрпақ туралы. Олар үшін абырой, махаббат пен Отан бәрінен қымбат. Шетелде рақат өмір сүрген кейіпкер, бәрібір Ресейді таңдайды, елдегі түрлі теріс көзқарастарды өзгерткісі келеді.

Рейтинг:

5,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 2.9(902)
  • Кинопоиск: 2.608(25106)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Жаңа ғасырдың ұрпағы бұны түсіне қоймас. "Бригада" атты атақты сериалдың табынушылары толықметраж түріндегі сиквелді күткені анық. Сонымен, ол күн де келіп жетті.

    Сюжетте Саша Беловтың ұлы Иванның тағдыры, дәлірек айтсақ Ресейдегі үш-төрт күндік өмірі баяндалады. Америкада анасымен тұрып жатқан ол, Мәскеуде әкесінен мұра ретінде жер телімі қалғанын біледі. Сол үшін өзінің тарихи отанына оралады. Бірақ, әкесі ұлына байлық қана емес, үрім-бұтағына жетерлік проблемалар да қалдырып кеткен екен.

    Түсірушілер түпнұсқаның атмосферасын сақтауға тырысыпты. Әйтеуір, сюжеттік желінің сабақтастығы байқалады. Тек актерлер бәрін бүлдіргендей болды.

    Әлемдік деңгейге ұмтылыстарын жасырмайтын Ресей киносы әлі де талантты актерлерге кедейлеу. Бұл жолы да соған куә болдық. Киноның кино екенін ғана сезіндік, бірақ өмірді көре алмадық. Голливудтқа еліктеген қымбат пиро-жарылыстар мен ебедейсіз компьютерлік графикалар да ұшырасты (өкінішке орай). Ресей киносына тән арзан диалогтар мен мәнсіз қимыл-әрекеттер де кездесті.

    Әйтеуір, көпшіліктің есінде қалған кейбір ескі кейіпкерлерлерді көріп, көз қуанды. Заманның өзгерісіне қарап күн кешіп жатқан Белов отбасын көрдік. Оған да шүкір. Безруковтың жобадан бас тартқаны да дұрыс шығар, мүмкін...