• Біздің парақшалар:
  • Кітап ұрлаушы

    Воровка книг

    The Book Thief

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ , Германия
Режиссер:
Брайан Персивал
Басты рөлдерде:
Эмили Уотсон , Джеффри Раш , Софи Нелисс , Роджер Аллам , Хайке Макач , Готард Ланге , Райнер Рейнерс , Керстен Блок , Нико Лирш , Бен Шнетцер
Сценарий:
Маркус Зусак
Продюсер:
Кристоф Фиссер , Карен Розенфельт
Жанр:
Драма , Әскери
Әлемдік табысы:
$76 586 316
Әлемдік премьера:
3 қазан 2013
Қазақстандағы премьера:
16 қаңтар 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
131 минут
Суреттеме:

Германия, 1939 жылдың басы. Екінші Дүниежүзілік соғыс қарсаңы. Тоғыз жасар Лизель Мюнхенге өгей ата-анасына көшіп келеді. Бұл жерде ол оқып үйренеді. Оның білімге құмары артқаны сонша, енді қыз кітап ұрлай бастайды. Кітап оған төңіректе болып жатқан оқиғалардың мәнін түсінуге көмектеседі.

Рейтинг:

6,667

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.6(119446)
  • Кинопоиск: 7.762(60658)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бір фильмдер болады, адамның санасында төңкеріс жасайды. Бір фильмдер болады, ешқандай жаңалығы жоқ, сен онсыз да білетін дүниені айтып береді. Бірақ тигізіп айтатыны соншалық, жүрегің бір түрлі езіліп қалады. Соғыстағы қарапайым немістер туралы «Воровка книг» осының екіншісіне жатады.

    1. Адам деген сондай нәзік жаратылыс. Бургомистрдің әйелі кітапхананы көрсетеді. «Баламның жақсы көретін дүниесінің бәрі қаз-қалпында» дейді. Бірақ өзі жоқ. АДАМ дүниеден көшіп кеткен соң да қайдағы бір шкаф, орындық орнында қалады, түкке тұрмайтын сағат сартылдап тұра береді екен. Сонысына қарамай адам деген сондай көнбіс жаратылыс. Баласынан айырылған, анасынан айырылған, ары тапталған кісі де түк болмағандай өмір сүре береді. Қасірет емей, немене?

    2. Сезім туралы айтқаның да, айтпағаның да емес, оның болғаны маңызды. Лизельге өгей шешесі «Мен сені...» дейді де, «Кейін айтам» деп кетіп қалады ғой. Ақсары шашты бала да үзіліп бара жатып сол сөзді айта алмай кетеді. Білесіз бе, кейбір сезімдер туралы айту міндетті емес. Өйткені «Махаббатты бар болса да, жоқ болса да – жасыра алмайсың».

    3. Кей адамдар сезімді білдіру әлсіздік деп ойлайды. Джефри Раштың өлім келгенде жаны қауырсындай ұшып шығатын ізгілікті Гансына тек қана қызығуға болады. Адам болу таланты да тумыстан берілетін болса керек. Эмили Уотсонның Розасы - кірпі сияқты, сырты ғана тікенек. Тек өлерінің алдында «Неге осы жұртты көбірек жылытпадым екен» деп ойлайды ғой... Сол үшін, жақындарымызды жақсы көріп, жылытып жүрейік. 

    4. Қанша өлімді көрсетсе де, фильм мейірімге тұнып тұр. Оны мейірімді қылатын – балалар. Немістің баласы негір болғысы келіп, үсті-басына күйе жағып алады. Олар еврейді де не үшін жек көру керек екенін білмейді. Коммунистерді де не үшін жаратпау керектігінен хабары жоқ. "ең адал жүрек соларда". Банально, бірақ солай ғой.

    "Аналардың бәрі балаларын жақсы көреді. Тіпті Гитлердікі де». «Гитлердің анасы да ұрса ма екен?» - «Әрине. Гер, канцлер! Тамағыңызды шашпай жеңіз!». Біреуге ертегі сияқты, біреуге сентиментальді көрінер, бірақ бұл фильм небір айуандықтар болатын соғыс кезінде де адамгершілікті сақтап қалғандар туралы. Антигерой жоқ деуге болады, Лизель жаңа әке-шешесіне де тез үйренеді, досты да оңай табады...

    Розаны да кешіресің, өйткені оның шынайы бейнесі мейірім ғой, жас фашисті де кешіресің, өйткені ол бала ғой. Зұлымдық – барлық жерде болу керек еді, бірақ кейіпкерлер онымен бетпе-бет келмейтін де сияқты, әне-міне келетін солдаттар да фашизмнің елесі ғана. Және бір ұнамағаны – баяғыша еврейлерді соншалықты аяулы жаратылыс қылып қоюы; үйлер мен киімдер, тұрмыс-тіршілік – бәрі соншалықты әдемі, шынайылықтан гөрі эстетика басым түскен секілді.