• Біздің парақшалар:
  • Вий

Жыл:
2014
Ел:
Ресей , Германия , Ұлыбритания , Украина , Чехия
Слоган:
"Не бойся..."
Режиссер:
Олег Степченко
Басты рөлдерде:
Игорь Жижикин , Валерий Золотухин , Агния Дитковските , Олег Тактаров , Джейсон Флеминг , Андрей Смоляков , Чарльз Дэнс , Алексей Чадов , Александр Карпов , Нина Русланова , Юрий Цурило , Александр Яковлев , Ольга Зайцева , Анатолий Гущин , Виктор Бычков
Сценарий:
Олег Степченко , Александр Карпов
Продюсер:
Руслан Устинов , Алексей А. Петрухин
Жанр:
Триллер , Фэнтези , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$26 000 000
Әлемдік табысы:
$39 539 416
Әлемдік премьера:
30 қаңтар 2014
Қазақстандағы премьера:
30 қаңтар 2014
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
128 минут
Суреттеме:

18 ғасырдың басы. Картограф Джонатан Грин Еуропадан Шығысқа ғылыми сапар жасайды. Трансильваниядан өтіп, Карпат тауларын артқа тастағаннан кейін, ол қалың арман арасындағы ауылға тап болады. Ғалым бұл жерде шайтанның құлымен кездесетінін күтпеп еді.

Рейтинг:

3

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.2(4524)
  • Кинопоиск: 5.65(49739)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Ресейліктердің адамды шатастыратын тағы бір жолы болмаған фильмі. Бұрын шыққан "Темний мирға" өте ұқсас фильм десе де болады. Ресейліктердің түсірген соңғы фильмдерінен байқағаным басында түсініксіз болуы. Тек басында емес, сіз кино аяқталайын дегенше ештеме түсінбеуіңіз мүмкін, тек соңында кино авторлары не айтқысы кеп, не көрсеткендерін өздері түсіндіріп шығады. Бұған дәлел ретінде "Быстрее, чем кролики" фильмін де айтуға болады. Иа, иа  келісем бір түпкілікті ойлары болып соны көрсеткісі келсе де, адамды екі сағатқа жуық жындығып бар нервыңды шашып соңында түсіндіргендерінен Ресейлік триллер, фэнтези, кызық оқиғалы және қорқынышты деген киноларына барудан бас тартуға айналдым. Дәл осы киноны көріп отырып не үшін 3D форматында шығарғандарын түсіне алмадым, ерекшелік жоқ және адам сезінетіндей бір іліп аларлық сезім болмағандай...

    Бар оқиға бір қыздың өзіне жар тауып беретін салт-дәстүрін жасайтын кезінде қазақ табуынан басталады. Ерте заманғы адамдардың бәрін жалмауыз кемпір мен жеті мүйізді шайтан бар деген ой жаулап алады. Жергілікті шіркеудің алаяқ қызметкері, бір жыл бойы өлген қыздың денесін әкесіне жерлетпей, ауыл сыртындағы шіркеуге қаматып қояды. Ол жерге барайын деген адамның бәрін қорқытып, небір аңыздар құрап жібермейді. Бірдей-бір ауылдың адамдары қыздың жалмауыз кемпірге айналып кеткеніне сеніп сол сеніммен өмірін жалғастыр берер ме еді, егер ауылдарына адасып жүрген ғалым келмегенде... Ғалым жергілікті жердің картасын жасаймын деп қыздың да не үшін денесінің жер қойнауына берілмегенін анықтап, елдің көзін ашады. Осы жерден бастап қана кино түсініктілеу болып, мағынаға ие болады. Бар мәселе билік пен ақшаға келіп тірелгенін түсінесің... Билікке жетудің ең оңай жолы қарапайым адамдарды қорқынышта ұстау. Халық бір нәрседен қорықса, басқа нәрсеге еш назар аудармайтынын сіз де білесіз...

    Кино басында қорқып, расымен елдердің ойлап алған қорқынышты жәйттеріне сізде сене бастайсыз, тіпті келесі сәтте не боларын тағатсыздана күтесіз. Бірақ, сіз күткендей еш нәрсе болмайды, себебі кино желісі өте таяз, көрсететін ерекшелік жоқ. Оның бәрін сіз тек соңында түсінесіз әрине...

    Киноның ерекшелігі Гогольдың "Вий" романының желісімен түсірілгендіктен тек көне орыс тілінің қолданыста болғаны мен ерте заманғы адамдардың сыртқы бейнесі (шаш қою үлгісі) сізді өзіне тартады, дегенмен орыстарға тән арақ ішушілік пен белгілі бір адами құндылықтың жоқтығын анық көрсете білген.

    Менің берер бағам 2, өзім үшін ерекше ештеме аша алмадым. Тіпті кеткен уақытыма өкінгенімді жасыра алмаймын.