• Біздің парақшалар:
  • РобоКоп / RoboCop

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Жозе Падилья
Басты рөлдерде:
Гари Олдман , Сэмюэл Л. Джексон , Джеки Эрл Хейли , Майкл Кеннет Уильямс , Дженнифер Эль , Майкл Китон , Марианн Жан-Батист , Джей Барушель , Юэль Киннаман , Эбби Корниш
Сценарий:
Эдвард Ноймайер
Продюсер:
Роджер Бирнбаум
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қылмыстық
Бюджет:
$100 000 000
Әлемдік табысы:
$239 379 423
Қазақстандағы табысы:
〒81 579 154
Әлемдік премьера:
30 қаңтар 2014
Қазақстандағы премьера:
13 ақпан 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
117 минут
Суреттеме:

2028 жыл. Халықаралық конгломерат ОмниКорп робот техникасын өндіруде алда келеді. Компанияның өнімдерінің арқасында Америка әлемде соғыста үнемі жеңіске жетіп жүр. Енді технологияны Америка жерінде де қолданудың уақыты келді.

 

Алекс Мерфи - сүйікті жар, ардақты әке және әділ полицей. Қызметте жүріп ол аса ауыр жарақат алады. ОмниКорп мамандарының көмегімен оның жаны аман қалады. Алекс туған қаласының тәртібін қорғауға жаңа қабілеттермен оралады. Бірақ оның бойынан қарапайым адамда кездеспейтін түйткілдер де бар еді.

Рейтинг:

7,25

  • Дауыс бергендер: 4

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.2(208014)
  • Кинопоиск: 6.121(65688)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Сіздің өміріңізге роботтардың араласып, сіз үшін шешім қабылдағанын қалайсыз ба? Ойланыңыз, оларда сезім, аяушылық, мейірім, адамшылық жоқ. Тек тапсырманы орындауға тиісті құл темірлер...

    Бірақ, олар расымен сіздің өміріңізге араласып кетсе не болады? Жаңадан шыққан "РОБОКОП" фильмінің мақсаты да осы сияқты, осы мәселені шешу әрі роботтарды адамдарға жақсы көргізу.... (мүмкін, әлем бізді роботтар араласқан өмірге дайындап жатыр ма, кім білсін?)

    Негізі, қоғамдағы пікірді, болған жағдайды БАҚ, жарнама арқылы басқаша белең алғызуға болады. Олар халыққа қалай жеткізілсе оны халық солай қабылдайды, себебі олардың сөзі дұрыс деп санайды. Сондықтан да, БАҚ төртінші билік, сондықтан да бәрі олармен дос болғысы келеді...

    Роботтарды әскерилердің орнына енгізігісі келген компания барлық депутаттар мен сенаттарды, БАҚ өкілдерін сатып алып өз роботтарының халыққа пайдалы әрі тиімді екенін көрсетуге тырысады. Бірақ, робот адамнан асып түсе алмайды деген екінші топ роботтардың адам үшін шешім қабылдағанына қарсы болады. Сонда ақша мен билік үшін бәріне дайын адамдар адамнан робот жасауды ойластырады.... Яғни адамша ойлап, адамша әрекет ете алатын робот жасағысы келеді. Солай, РОБОКОП идеясы өмірге келеді. Көлігімен бірге жарылып кеткен Алекс Мерфи бұл үшін таптырмайтын адам болады. Олар оның тек эмоцияналды мықты екеніне мән беріп оны өз жобаларына таңдап алады. Адамнан РОБОКОП жасап шығу үшін оның басы ғана керек. Өзіңіз елестетіңізші, сонда денесі қайда, ол қалай өмір сүреді? Кейде өмірде адамның сезіміне көп мән берілмей кетеді, міне олардың да басты қателігі оның ақыл-ойы, сезімі мен оның адагершілігі, махаббат пен баласының алдындағы жауапкершілігі бар адам екенін ұмыт қалдырғандары...

    Ия, машина жылдамдықты, ептілікті, адам өмірін сақтап қалуы мүмкін, тек адамның адамилығы мен оның сезімін емес.... Қалай ойлайсыз, ол енді адам ба?... Әлде машина ма? Сонда бізді бәрінен жоғары санатып тұрған нәрсеміз тек миымыз ба?... Қызық, болашақта біз миымызды ғана сақтап денемізді роботқа айналдыра аламыз ба, мүмкін дене мүшесі жұмыс істемейтін, мүгедек жандардан робот жасап өмірін ұзарта аламыз ба?... Сіз роботқа айналған адамды сүйе алар ма едіңіз?...

    Менің өзімді біраз сұраққа алды, иа келісем фантастика дерсіз. Дегенмен, әлемді орнынан қозғап жатқан күш сол адамның қиялы емес пе? Ойландыңыз ба - онда көріңіз, мүмкін болашақта шынайы өмірден көрген кезде осы жазба есіңізге түсер...

  • Жаңа Робокоп - Саясаткер-полицей

    Жозе Падилья ұсынған Робокоп жаңа қаңқасымен, супер жылдамдығымен, анағұрлым жетілдірілген интеллектімен ерекшеленді. Оқиға да түпнұсқадан өзгеше. Дегенмен культқа айналған 1987 жылғы "Робокоппен" салыстырмай сөз қозғауға тағы болмайды.

    Түпнұсқа анағұрлым қанды оқиғаларымен, артық былығы жоқ мінез-құлқы бір қалыпты робот-полицейімен есте қалған еді. Жаңа нұсқада біз өзіндік ойы бар, өздігінен шешім қабылдауға қабілетті, адами эмоциясы сақталған Мерфиді көрдік.

    Жасаушылар жаңа Робокоптан Темір адам секілді қазіргі жастар сүйсіне көретіндей жан-жақты және суперқаһарман образын жасағысы келген тәрізді. Бұны сюжетке саясатты, адами факторларды, жаңа технологиялар мен түрлі көзқарастағы топтардың текетіресін көрсету арқылы жеткізуге тырысқан. 

    Естеріңізде болса - Пол Верховеннің фильмінде Робокоптың өзін танудағы басты мәселесі - жоғалған жадын қалпына келтіруі еді. Бұл жолы ақыл-есі сап-сау, тәртіп қорғау мәселесіне саналы түрде араласқан адами роботты көреміз. Жаңа Мерфидің бас қатырған мәселелері - роботтардың адамдар өміріне араласуына орай туындаған саяси интригалар мен оны жасап шығарған ОмниКорп корпорациясының оған қатысты шешімдерін зерттеу болды.

    Саясат демекші, фильмнен Американың әлемге қатысты, Таяу Шығысқа қатысты саяси көзқарасы айқын көрсетілгендей болды. Тіпті "Робокоп" фильмі АҚШ-тың жуық болашақта Иран секілді жау елдерге қандай шара қолданатыны туралы құпия жоспарды ашып қойды ма деген де ой келді. Бәрінен бұрын тележүргізуші рөліндегі Сэмюэл Л. Джексонның ақырғы сөзі экран алдындағы көрерменге сес көрсеткендей әсер берді.

    Мойындау керек - Юэль Киннаман сәтті таңдалған актер болды. Егер фильм-мейкерлер эмоциялы Робокопты жасауды мақсат тұтқан болса, олар өз мақсаттарына толық қол жеткізе алды деуге болады. 

    Робокоптың "жаратушысын" сомдаған Гари Олдман аздап тасада қалған секілді. Оның абдыраған дәрігер-ғалым кейпі ғана есте қалды.

    Ремейк екен деп, түпнұсқадан сюжеттік айырмашылығы аз болады деп ойлап қалмаңыз. Бұл тіптен басқа оқиға. Экшн да, Мерфидің қайғысына негізделген драматизм де молынан. Тек атыс-шабысты детализациялауға тым көңіл беріп жіберген тәрізді, кейде тіпті Call Of Duty ойнап отырғандай әсерде болдық.