• Біздің парақшалар:
  • Диктатор / The Dictator

Жыл:
2012
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Ларри Чарльз
Басты рөлдерде:
Бен Кингсли , Анна Фэрис , Саша Барон Коэн , Саид Бадрия , Кэтрин Хан , Джейсон Манцукас , Бобби Ли , Кевин Корригэн , Сет Моррис , Адиль Ахтар , Джон Си Райли
Сценарий:
Саша Барон Коэн , Дэвид Мэндел
Продюсер:
Саша Барон Коэн
Жанр:
Комедия
Бюджет:
$65 000 000
Әлемдік табысы:
$179 379 532
Әлемдік премьера:
16 мамыр 2012
Қазақстандағы премьера:
17 мамыр 2012
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
83 минут
Суреттеме:

Өзінің еліне демократияның енуіне бар жан-тәнімен қарсы тұрған диктатордың ерлікке толы хикаясы.

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.4(253031)
  • Кинопоиск: 6.47(74534)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Диктатор кейпіндегі Борат

    Әжуалаудың шебері Саша Барон Коэн ортамызға қайта оралды. Айта кету керек, оның өз фильмін премьера алдында жарнамалауда өзіндік тәсілі бар — бір жыл бойына (мүмкін одан да көп уақыт) соңғы шыққан кинокомедиясының образында жүреді. 2012 жылғы «Оскар» салтанаты мен Канн фестивалінде Алладин образымен басты назарда болған даулы комик, кезекті дүниесін экранға шығарды.

    Бұл жолғы «Диктаторы» да «Бораттан» әрі аса алмапты. Тек псевдодокументалистика (мокьюментари) жанрынан алшақтап, классикалық операторлық тәсілге бет бұрыпты. Дегенмен, «Бораттан» айырмашылығы да, ұқсастығы та бар.

    «Боратты» түсірер кезде өмірде бар елді таңдап алғаны үлкен халықаралық дау туғызғаны бәрімізге аян (әлі де Саша Барон Коэннің атына бағытталып жатқан қарғыс аз емес). Осы жолы артық проблеманы басына жүктемеуді жөн санаған секілді. Сюжет өзегі болған ел – ойдан құрастырылған Солтүстік Африка мемлекеті.

    «Диктатор» — сюжеттік құрылымы жағынан «Боратты» қайталайды. Елінің диктаторы және барлық мемлекеттік органдардың басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан шақырту алады. Ол еліндегі ядролық бағдарламаны тоқтатып, демократияға бет бұрғанын жария етуі тиіс. Бірақ диктаторға демократияның да, басқа да жаһандық құбылыстардың қажеті жоқ. Өйткені ол өз қалауынша өмір сүреді, әлемнің танымал әрі хас сұлу әртістерімен ұйықтайды, халқына ойына келгенін істейді. АҚШ-қа өз делегациясымен келгеннен кейін, қарамағындағы көмекшілері сатқындық жасап кетеді. Нәтижесінде әмірші далада қалып, көшедегі қаңғыбастың күйін кешеді.

    Диктатор Алладиннің образы әр жерден жинап құрастырылған кейіпкер дер едім. Оның бойынан қазір еліне диктатура орнатып, ондаған жыл бойына әмірші болып отырған танымал көсемдерді байқау қиын емес.

    «Боратқа» қай жерімен ұқсас дейсіздер ғой? Өз елінен Америкаға сапар шегуінің өзі сюжеттің қайталанғанын аңғартты. Кішкентай мемлекеттен келген тұрғынды америкалықтардың фонында сондай бейшара, надан, топас етіп көрсетудегі сәйкестікті де қосып қойыңыз.

    Екінші жағынан Саша Барон Коэнге тән астарлықты да аңғарамыз. Яғни бейшара ел туралы баяндай отырып, америкалықтардың тар шеңбермен шектелген түсініктерін келемеж етеді. АҚШ тұрғындарының қит етсе, бір жынысты некеден бастап ит-шошқаға дейінгі түрлі құқықтарды қорғап, митинг ұйымдастырғыш әдеттерін, арабтардың бәрін лаңкес санайтындарын, өзге мемлекеттерді төмен қоятын ақыл-саналарын күлкі қылады.

    Осымен үш жобаны бірлесе атқарған режиссер Ларри Чарльз бен продюсер әрі басты рөлді сомдаушы Саша Б.К. фильмге актерлер таңдауда аса талғампаздық танытыпты. Бұрын пародия туындыларда көзге түскен Анна Фэрис пен әйгілі Бен Кингсли басты рөлдерде ойнайды. Сонымен қатар, бірқатар Голливуд жұлдыздарының да жобаға қатысқанын көреміз.

    «Диктатор» фильмін еш астарсыз, жай көңіл көтеруге арналған дүние деп қарастыратын болсақ, онда кинозалға кірмес бұрын артық ойдың бәрінен арылыңыз. Өйткені мағына мен мәні бар сюжет көрмейсіз. Барлығы да топас және көргенсіз юморға негізделген. Қалай дегенмен де, ағылшын комигінің кезекті туындысы екі жақты пікір қалдырары сөзсіз. Тек араб елдерінің ашу-ызасына тимесе болғаны.