• Біздің парақшалар:
  • Кімді ойласаң сол келеді

    Легок на помине

Жыл:
2014
Ел:
Ресей
Режиссер:
Евгений Абызов
Басты рөлдерде:
Михаил Горевой , Александр Самойленко , Гарик Харламов , Александр Ревва , Кристина Асмус , Владимир Яглыч , Екатерина Васильева , Анна Антонова , Юлия Гришина , Андрей Федорцов , Татьяна Космачева , Сергей Сафронов , Юрий Кузнецов
Сценарий:
Алексей Нужный , Николай Ковбас
Продюсер:
Сарик Андреасян , Георгий Малков , Гевонд Андреасян , Владимир Поляков
Жанр:
Комедия , Фантастика
Бюджет:
70 000 000 руб.
Қазақстандағы табысы:
〒91 000 000
Әлемдік премьера:
20 ақпан 2014
Қазақстандағы премьера:
27 ақпан 2014
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
82 минут
Суреттеме:

Жас та табысты риелтор Павелге ескі үйді иемдену қажет болады. Үй иесін - жасы келген жалғыз басты кемпірді сату-сатып алу келісімшартына қол қоюға ақыры айламен көндіреді. Бірақ өз кезегімен сәтті өтіп жатқан оқиғалар легіне тылсым күштер араласып кетеді. Түн болысымен Павел кенеттен түрлі уақыт кезеңдеріне сапар шеге бастайды.

Рейтинг:

6,667

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 4.8(315)
  • Кинопоиск: 4.976(20678)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Көз алдыңызға елестетіңізші - сіз ойлаған адам сіз қалаған уақытта сіздің қасыңызда... Рахат қой иа, алыста, тіпті алыстағы жанды бір көру үшін ойлап қасыңа шақырып аласың... Кімді шақырып алатыныңызды елестеттіңіз бе? Мысалы мен білем, бірақ тізім тым ұзақ екен :)

    27 күні кинотеатрлардан көрсетілетін "Кімді ойласаң сол келеді" (Легок на помине) атты Ресейлік туынды сізді осындай ойларға берілуге шақыратыны сөзсіз. Ерлі-зайыпты Кристина Асмус пен Гарик Харламов ойнаған бұл туынды сіздің миыңыз ауыр салмақ түсірмей ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға мүмкіндік беретін күлкілі туынды. Кейде киноға барған кезде шаршаған миымды ауыр ойлармен одан ары шырмалауға түсіргім келмейді. Дегенмен, Ресейліктер комедия жанрындағы фильмдерді жақсы түсіруді үйренді.

    "Саудада туысқан мен достық жоқ" деген ұстанымды ұстайтын Паша жері керемет ауданда орналасқан бір үйді сатуға тырысады. Ол үйдің кәрі иесін алдап өз атына жазыдыртып алып, қымбат ақшаға сатпақ болады. Махаббатқа берілген адал кемпір жігітке бірден үйін оның басына аударып береді, бірақ оның есебі басқа еді... Себебі, ерекше қасиетке ие үй ол жігітке үлкен сый дайындап қойған еді...

    Пашка түні бойы ұйқы көрмей өзі туралы ойлаған адамдардың қасынан табылатын жағдайға жетеді... Әрине оның пайдасы да зияны да тиетін болады...

    Маған киноның жеңілдігі мен мақсаты ұнады. Адамның ең адал досы ақша мен ақша үшін туысын да сатып кететін адамдар емес екенін жақсы көрсете білген. Кейде ақша үшін жоғалтқан арыңды игі істеріңмен қайтарып алуға болатынын көрсете білген. Кинода Ресейдің танымал шоу бизнесмендерінің көбі ойнағандықтан да кино қуаныш сыйлай алды. Барып, демалып қайтуыңызға балады, кеңес берем :)

  • Enjoy Movies студиясының өнімдері сапа жағынан геометриялық прогрессиямен дамып отырғанын көруге болады. "Легок на помине" - соның жарқын үлгісі.

    Сюжеті шырмалып-шиеленіскен деп айта алмайсыз. Махаббат фэнтезиі іспеттес қатардағы хикая. Аса бір анайы көріністер де жоқ. Бірақ бәрібір тартымды, неге?

    Продюсерлер мен сценарийшілер көрермендер көңілінің кілтін тапқан сияқты: Comedy Club пен постКВН-дық жобалардың басқа да танымал жұлдыздары шақырылады, әдемі графика, сапалы арнайы эффектілер және аздаған юмор. Көңіл көтеретін жеңіл фильм үшін басқа не керек?

    Продюсер демекші, Сарик Андреасян мен Георгий Малковты Ресей киносының жаңа толқыны деп атаған дұрыс сияқты. Олар басқарған жобалар көпшіліктің көңілінен шығып жүр.

    Қазір жастарға арналған ресейлік комедиялардан Comedy Club жұлдыздарын көп көреміз. Театрмен еш байланысы жоқ, алдымен халыққа түрлі телевизиялық шоу арқылы танылып, кейін киноға келген жаңа буын өкілдері. Бұл да дұрыс шығар - адамдарға астарлы, мағыналы әзілмен қатар жеңіл юмор да қажет. Бұндай сұранысты Гарик Харламов, Михаил Галустян, Сергей Светлаков, Александр Ревва, Николай Наумов секілді комедианттар қанағаттандырып жүр.

    Осы фильмді жақында ерлі-зайыпты атанған Гарик Харламов пен Кристина Асмустыңжеке махаббат хикаясы ретінде де қарастыруға болады. Басталысымен-ақ екеуінің бір-біріне бөтен адамдар еместігі сезіліп тұрады.

    Қаншалықты жеңіл комедия, ересектерге арналған ертегі деп есептесек те, бәрібір фильмнің ата-ананы сыйлау, достармен жақсы қатынаста болу, пайдакүнем болмау, өзгенің меншігіне құрметпен қарау секілді жақсылыққа үйрететін мақсаты да бар, және бұл мақсат-міндеттер ап-анық және түсінікті тілмен көрерменге жеткізілген.

    Қысқаша айтқанда, "Легок на помине" - техникалық тұрғыдан өте сапалы жасалған, актерлік құрамы жақсы іріктелген, әдемі музыкамен әрленген жастарға арналған романтикалық комедия.