• Біздің парақшалар:
  • Абайлаңыз, сиыр!

    Осторожно, корова!

Жыл:
2014
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Асқар Ұзабаев
Басты рөлдерде:
Азамат Сатыбалды , Баян Мақсатқызы , Азат Сейтметов , Әбунасыр Серіков , Айгүл Иманбаева , Азамат Әбділдинов
Сценарий:
Асқар Ұзабаев , Сәбит Рахымбаев , Семен Махов , Әуез Әуезов
Продюсер:
Баян Мақсатқызы , Гүлнұр Мамасарипова , Майра Досболова
Жанр:
Комедия
Қазақстандағы премьера:
6 наурыз 2014
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 3
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Ғашық жүрек немесе коктейль для коровы

    Кейбір фильмдер болады, ұнаған-ұнамағанын біле алмай қор боласың. Көңіліңе жақпады дейін десең, әне бір жерінде жер тепкілеп күліп, риза болғаның бар, айызың қанып, рахаттандың дейін десең, мына бір тұсында телефон шұқылап кетіп, қалғып отырғаның бар. Бүгіннен бастап қазақстандық кинотеатрлар кестесінен орын алған Ұзабаев-Есентаева тандемінің «Осторожно корова» романтикалық комедиясы осындай кинолар қатарынан болып шықты мен үшін.

    Сірә, әрі-сәрі болып өзімнің де, оқырманның да басын қатырмау үшін, фильмнің менің ойымша сәтті-сәтсіз шыққан жерлерін тізбелеген дұрыс-ау.

    Алдымен, жобаның Тарантиносы бас продюсері, басты рөлдегі актрисасы және бас жарнамалаушысы болған Баян Есентаева мен қазақтілді болмаса да қазақ аудиториясының талаптарына сай кино түсіріп жүрген Асқар Ұзабаев фильмі не туралы екенін білейік.

    120 келі салмағы бар Айгүл атты кеңестік кезеңнің студенті бүгінде бай-бағландардың қатарында: жеке мұнай компаниясы бар, бақуатты әйел, артық салмақтан айрылған кербез сұлу. Бір кездері өзін елдің алдында аймандай еткен Әйгерім атты группаласының себепші болуымен жастық шағының махаббаты Марленді қайта жолықтырған ол бұрынғы сүйгеніне ерегіскенде Аққайнар ауылының атынан облыстық мәслихатқа депутат болып сайлануға таласып, бірге түспек болды. Алыстағы ауылға аттанған қалалық керімнің қызығы мен шыжығы, көрер құқайы осы жерден басталады.

    Сонымен, не ұнады:         

    • Алғашқы бір сағаты. Фильмнің нәрі мен сөлі, айтары, берері осы жартысында дер едім. Әлгі бағана біз айтқан жер тепкілеп күлетін жері де осы кез. Көрерменді күтпеген контрастармен, кадрлармен мәз қылатын тұсы. «Ә, бәсе, Ұзабаев өстісе керек-ті» дейтін кезіңіз.
    • Студенттік жылдарды көрсететін жері. Киім, ғимарат, жиһаз, қысқасы қоршаған орта мен реквизиттер тамаша таңдалған. Қарап отырып, сол жылдары оқыған әпкемнің студенттік суреттеріндегі атмосфераны сезіне алдым.
    • Әбунасыр Серіков. «Нысана» әзіл-сықақ театрының директоры (қателеспесем) кейіпкерінің бейнесін ашуда өзге актерлерге шаңын ғана көрсетіп, озып кетті. Шаршатып алған фильмнің финалында да осы Әбунасыр Серіковтың ойнауындағы ауыл әкімі ғана мойын бұрғызып, назар аударта алды. Осы уақытқа дейін жеке өзім тек театр мен жаңғырып шығатын дыбыспен жазылған телеарна түсірілімдерінен ғана көріп жүрген маманды енді үлкен кинодан көремін деп үміттенемін, қатты үміттенемін.
    • Ауыл тұрғындарының ойыны. iPod тыңдаған атадан бастап арбаға қыз жегіп «шү-шүлеп» бара жатқан балаға дейін фильмнің сәнін кіргізді деп айта аламын. Қайсысы актер, қайсысы шынымен сол Аққайнардың азаматы екені белгісіз болып қалады.
    • Айгүл Иманбаева мен Азат Сейітметов. Әлгі Майра Итаяқова рөлінің «қаққанда қанын, соққанда сөлін» шығарған Айгүл де, қарапайым, мейірімді, кемшіліксіз, қалалық сұлуды өзіне ғашық қыла алған кейіпкерді жақсы көрсеткен Азат та бір қарағанда білінбегенімен, жалпы панорамада өзіндік салмаққа, маңызға ие. 
    • Саундтректер. Ғалымжан Молданазардың керемет тректері мен КешYou тобының орындауындағы қазақша танго көңіл-күйді күшті көтереді екен. 

    Не ұнамады:

    • Фильмнің екінші жартысы. Әрине, шытырман сәттер, Марлен мен Айгүл Маратовна тайталасының ширыққан тұсы осы кезде көрсетіледі. Бірақ, бір шиеленіскен оқиғадан кейін тағы біреуін, одан соң тағы біреуін көрсету майға май жағып жегендей әсер қалдырады екен.
    • Азамат Сатыбалды. Баян Есентаеваның кейіпкерімен быт-шыт болып жүрген Азамат рөлін мүлдем алып шыға алмады деу орынсыз, әрине. Виски ішіп, темекісін будақтатып, қалай да депутат боламын деген сұрқия саясаткер бейнесі бірден көзге оттай басылады. Бірақ, тек орысша (тек қазақша акцентпен) сөйлейтін антиқаһарман жеке мен үшін сенімсіздеу болды.
    • Қазақ киносына тән жасандылық. Әрине, Есентаева фильмдерінде бұл кемшілік басқаға қарағанда аз, әлдеқайда аз. Алайда, отандық өндірістің көрермені ретінде менің баса назар аударып, бөліп-жарып, сынайтыным дәл осы жасандылық еді.
    • Фильмнің дыбысы. Кейбір бірнеше дауыс/дыбыс қатарласқан кезде құлағыңды жарып, басыңның ішінде ақырзаман орната жаздайды. Мүмкін, кейбір кадрға сүйсініп, қабылдай алмағаныма дәл осы техникалық аспект себепші болған шығар.

    Сөзсіз, фильм сәтті шыққан. Әсіресе, сапалы киноны ара-тұра көретін қазақ көрерменіне ұнай алады деп айта аламын. Оның үстіне, қазақтілді-орыстілді болып бөлініп отырған қоғамда хипстерлерді осы уақытқа дейін олар түрін көрмек түгілі атын естімеген Әбунасыр Серіковпен таныстырып, қазақи ақ көңілді көрсететін, ал арман қуалап үлкен қалаларға келген жастарға «success story-ды» шынымен жүзеге асыруға болатынын жеткізетін фильмнің ұнамауы мүмкін емес сияқты.

    Қалай болғанда да, қала мен дала ерекшеліктерінен тұратын коктейльді армансыз ішкен ғашық жүрек туралы коммерциялық потенциалы мықты, көптің аузында жүретін жоба жарыққа шыққан секілді. Көруге кеңес беремін.

  • Биылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фугадан» кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз мереке демалыстарына келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түңгі 12-ге дейін билет болмай «Ханшатырдан» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді. 

    «Абайлаңыз, сиырдың» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды, пиар қадамдардың бірі ««Абайлаңыз, сиырға» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық бұл неткен кино екен деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты.  

    Алайда байқап қарасаңыз Баян мен режиссер Асқар Ұзабаевтың дуэті көрермендерін «Ғашық жүректегідей» қанағаттандыралмағандықтан «уаааудан» гөрі, түрлі «уау» емес піріклер жазыла басады. 

    Өзім «Абайлаңыз, сиырды» көріп шыққаннан кейін шынымды айтсам ұнады, не ұнамады деген пікір айта алмадым. Ұнады дейін десең ұнамаған жерлері баршылық, ұнамады дейін десең жанры комедия болғаннан соң біраз күлтіртіп алған жерлері де, кейібір актерлердің ойындары да жақсы болғандығын жасырып қалуға болмайды.
    Фильмнің актерлер құрамы өте жақсы таңдалған. Бәрі халықтың сүйіктілері:

    1. Азамат Сатыбалдыны жағымсыз кейіпкер ретінде бірінші рет көруім бір бөлек болса, әрдайым қазақша сөйлеп жүріп аяқ астынан орысша сөйлеп кеткенін қабылдай алмай қалдым. Азамат керемет актер, бірақ бұл оның рөлі емес!
    2. Әбунасыр Серіков «как всегда в своем репертуаре» аузынан шыққан әрбір сөзі тыңдаушысын күлкіге қарқ етеді. Нағыз комедия осы кісі болды.
    3. Кішкентайымызда «Перекресток». «Саранча» фильмдері арқылы ойымда жағымсыз кейіпкер ретінде сақталып қалған Азат Сейтметов бұл жолы өзінің нағыз мұғалім екендігіне сендірді.
    4. Айгүл Иманбаева фильм бойы жыныма тиіп отырды. Енді біііііііііііір жағымсыз кейіпкер сөзім жоқ. Өмірде де сондай адамдар болады ғой. Өз кейіпкерін өте тамаша аша білген. Егер жағымсыз кейіпкер ешкімге шыныменде жақпаса өз рөлін тамаша сомдап шыққаны дегенді естіген едім. Сол сөз дәл Айгүлге арналғандай ойыны керемет.
    5. Сием, ой, Сэм! Өзі сонда топ-томпақ қонжық сиақты. Бұл актердің түрі таныс, бірақ кім екендігін есіме түсіре алмай қойдым. Алайда Сэмді бұл фильмнің сүйкімдііііііііііі кейіпкері деп атар едім.
    6. Айгүл Маратовна! Баян өз ісінің шебері ғой. Рөлін өте тамаша алып шықты. Романтикалық комедиядан комедияның элементтерін Әбунасыр Серіковтен көрсек, романтика Баянда болды.

     

    Енді фильмге келсек.
    Фильмнің басы сонааау 1993 жылдан басталады. Ол жылдар мен әлі кііііп-кішкентай сәби болғандықтан есімде жоқ. Алайда Қисық өз рецензиясында жақсы деген баға беріпті. Алайда басы батыстық молодежный фильмдердегідей группадан біреуді алып алып соншама мазақ ететіндігі ұнамады шынымды айтсам. Шыны керек біздің қоғамда соооондай жабайылық жоқ қой.
    Фильм басталғаннан соң 10-15 минут өтер-өтпес басты рөліндегі Айгүл (Баян Есентаева) Аққайнар ауылына келген кезінде, кондуктор қыз «Орталыққа барамыз! Ұзынағаш! Ұзынағаш! Үш орын!» деп айқайлап жатқанда орнымнан тұра қалып сол автобусқа отырып туған ауылым Ұзынағашқа кетіп қалғым келді 
    Ауылды, ауыл халқын, ауылдың қиыншылықтарын: кедір-бұдыр жол, сеть ұстамайды, мектептерде сыныптар қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталмаған деген сынды шындықты көрсеткен. Иә, қазіргі уақытта одан да жақсы ауылдар бар, бірақ шынымен де осы уақытқа дейін сеть жоқ ауылдар да баршылық екені өтірік емес. Алайда Айгүл әжетханаға барамын деп «Далекоооо за огородом» кетеді ғой сонда не үшін етті әжетхананың жанына жайып қойғаны (жалпы жазда етті солай жайып қойғанды өзім көрмеппін), ал малдың бастарын әжетханаға кіретін есіктің алдына іліп қойғанын шынымды айтсам дым түсіне алмады . Жалғыз қыз түнде, қараңғыда, қайдағы бір жоқ жерде жалғыз кір жуып, жайып жүр. Қыз баласы түнде суға бармайды, жалғыз жүрмейді деген қайда қалды??? 
    Алдында кейбір актерлердің ойнағандары ұнады дедім ғой. Фильмде басты рөлдерде өз істерінің шеберлері ойнағанымен де жасандылық, мәтінді шынайы өмірді көрсетіп жатқаннан соң шынайы емес жаттанды айтатын кездер жиі кездеседі. Ең кішкентай мысал ауыл әкіміне әйелі «Неге маған гүл алмайсың?» деп айқайлап ұрысқанда не деп тұрғаны бір түрлі түсініксіз, «Неге маған гүл сыйламайсың?» десе бір жөн. Көзге түсіп қалатын осындай ұсақ-түйектер бааааар.
    Қызық жерлері де жоқ емес ауыл әкімінің қызығынан өзге Айгүл Маратовнаға ғашық болып қалатын кавбой жігіттің «ерліктері», мұғалімнің баласының бұзақылықтары, Сэмнің бастан кешкендері дегендей есте қалар сәттер жетеді.
    Фильмнің дыбысыталуында ақаулары бары шындық.
    Фильмнің соңы хэппи энд болғанымен Марленнің түзелмейтіні өкінішті болды.
    Фильмнің саундтректері ұнады! Әсіресе Арман Дүйсеновтың «Сен жайлысы


    Қорытынды: Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, ОРЫСша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рахмет айтамыз! 
    Не дегенімен фильм түсіру кез-келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да жаман, нашар деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда іштері ашығаннан соң солай бағалайды да, неге біздікілер солай жасай алмайды екен деп кеййді. Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ деп ақталады да қояды «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылда-жылда көрермендердің көңілін қалдыра берейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын 

    P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтседе рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды  Шындығында бүгін сетьке шыққан Арман Дүйсеновтың «Сен жайлысы» әсер етті