• Біздің парақшалар:
  • Капитан Америка: Қысқы жауынгер

    Первый мститель: Другая война

    Captain America: The Winter Soldier

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Слоган:
"In heroes we trust"
Режиссер:
Энтони Руссо , Джо Руссо
Басты рөлдерде:
Энтони Маки , Сэмюэл Л. Джексон , Коби Смолдерс , Скарлетт Йоханссон , Каллэн Мулвей , Доминик Купер , Стэн Ли , Тоби Джонс , Фрэнк Грилло , Роберт Редфорд , Крис Эванс , Себастьян Стэн , Хейли Этвелл , Эмили ВанКэмп
Сценарий:
Эд Брубэйкер , Джек Кирби , Кристофер Маркус , Стивен МакФили
Продюсер:
Виктория Алонсо , Кевин Файги
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$170 000 000
Әлемдік табысы:
$713 866 572
Қазақстандағы табысы:
〒138 000 000
Әлемдік премьера:
13 наурыз 2014
Қазақстандағы премьера:
3 сәуір 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
136 минут
Суреттеме:

Кек алушылар командасының жойқын шайқасынан кейін, Стив Роджерс қазіргі өмірге бейімделуге тырысады. S.H.I.E.L.D. (ҚАЛҚАН) агенттігіндегі әріптесіне көмектеспек болған Капитан Америка жаһандық ауқымдағы апаттың қаупін туғызған оқиғалардың ортасында қалады. Жауға қарсы тұру үшін ол Қара жесірмен және жаңадан пайда болған Қыран есімді қаһарманмен күш біріктіреді.

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 4

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.8(601645)
  • Кинопоиск: 7.267(123155)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (3)

  • Көпшілік күтті. Біз де күттік (Киностан авторларын айтамын). Олардың ішінде мен де бар.

    Алдын ала көрсетілім алдында бір киноман менен:

    - "Қысқы жауынгерден" не күтесің?, - деп сұрады.

    - Біріншісінен тәуір болады деген үміттемін, - дедім. Оның көзінен де соны аңғардым.

    Шынымен, "Капитан Американың" алғашқы бөлімі көпшіліктен көңілінен шықты деп айту қиын. Кэптің мәртебесі "Кек алушылар" арқылы бір көтеріліп қалғандай еді. Бұл жолы шынымен "Кек алушылар" қойып кеткен биіктіктен төмен түспеу басты назарда болған секілді. Бұндай деңгейді тіпті "Темір адам 3"-тен көре алмадым.

    Әдемі қоян-қолтық төбелес, жарылған машиналар мен қырғын атыс - тамаша қойылымның басты өзегіне айналды. Экшн көріністерді былай қойғанда, бізге бұрыннан белгілі Капитан Америка, Қара жесір, Ник Фьюридің кинодағы қатысу үлестері тең үлестіріліп, әрқайсысы есте қаларлықтай әрекеттерімен ерекшеленді.

    Жаңадан пайда болған, Энтони Макидің орындауындағы Қыран көрермендерді қуанта алды деп ойлаймын. Ұша алатын қабілеті бар, әзілқой, батыл, адал дос бейнесі Темір адамның орнын алмастырды десек артық айтқандық болмас.

    Енді Marvel-ді ешкім тоқтата алмайды. Суперқаһармандарға арналған фильмдер сериясы бірінің соңынан бірі жарыққа шығуда және бұндай жиілік сапалық деңгейіне кері әсер етіп жатқан жоқ. 

    Кинодан шыққаннан кейін жоғарыда айтылған сұрақ еске түсті. "Біріншісінен сөзсіз жақсырақ" деген ой түйдім.

  • Күніне көрген киноларымыздың әр қайсысы өзімізге әр қалай әсер етіп жатады. Бірі жақсылыққа жетелесе, бірі қиялымызға ерік беруге итермелейді... Қарап отырсам адамзаттың арманы ешкімге мойымайтын, ештемеге сынбайтын, қарусыз да, ешқандай көмексіз ұша алатын, соғыса алатын "суперқаһарман" жасауды арман етеді. Ол әсіресе өз үстімдігін жүргізгісі келетін елдерге керемет қару болар еді, ал қарапайым адамға жақсы көмекші, жақсы құтқарушы да болар еді...

    Кейде деймін де, бізге де бір осындай суперқаһарман керек пе деп ойлаймын, Көкпектідегідей жағдайда мүмкін көмегі тиер ме еді...

    Кеше көрген "Капитан Америка: Қысқы жауынгер" киносының да туындауы да сол арманның жемісі деп ойлаймын, әрине тарихына жүгірмесек те адамдарға соғыс кезінде көмекке келетін суперқаһарман бейнесін жақсы жасай білген.

    Кек алушылар командасының жойқын шайқасынан кейін, Стив Роджерс қазіргі өмірге бейімделуге тырысады. Бірақ, ол өзі өмірге келген кезеңнен қалыптасып қалған түсінігі бойынша қазіргі заманда өмір сүрудің қиын екеннін 1-күннен түсіне бастайды. Адамдардың өз мақсатына бару үшін досын да сатып кетумен қатар өзін өлді санататындай жағдайда екенін бейхабар еді... Әлемді жойып "Гидра" саясатын іске асыру мақсатында барлық қоғамға қауіпті деген адамдарды бірден жойып жіберетін қару ойластырылады. Бірақ, ол қарудан да қауіптісі оның өз досының өзі сияқты супер мықтыға айналғаны...

    Фантастиканы, қырғын төбелесті, жоғарғы технология, Скарлетті жақсы көретін мен үшін бұл кино ерекше ұнады. Атыс-шабыс та, керемет технология да, актерлар да бір-біріне жарасып-ақ тұр. Тіпті арасында айтылған әзілдер де ұнады. Тек атыс-шабыс екен десеңіз қателесіз, ол жерде достық, адамдарға сене білу, махаббат (өз әйелінің қартайған кездегі сезімі), сатқындық, заманға деген көзқараста айқын көрсетілген. Imax-тың әсері туралы айтпай кету де қиын. Меніңше таңдалған актерлардың командасы да мықты:

    Берер бағам, 8/10. Барып көруге рекомендеймін.

  • Ешкімге сенбе

    Алғашқысынан кейінгісі, біріншісінен екіншісі. Ережесінен ауытқыған фильм болды. Өткен шақтағы қаһарманның пайда болуын, мотивтерін қарағаннан, осы шақтағы, мына дәл қазіргі кездегі ерліктерін қызықтаған дұрыс қой. Оған тағы - 50 жыл ұйқыда жатқан, қазіргі өмірге бейімделіп жүрген Стив Роджерсті қосып қойыңыз. Әрине, фильмде ондай сәттер аз, бірақ барының өзі ерекше есте қалады: блокнотын шығара қалып, жазуға кірісетін сәтінің өзі - не тұрады.

    Айтпақшы, фильмнің алдыңғыдай қаһармандық фильмдерден айырмашылығы - бәрі бар: шпиондық фильмдердің элементі, саяси интрига, жеңіл комедия, экшн. Сондай-ақ, марвел соңғы уақытта спецэффекттерден алыстап, шынайылыққа акцент қоюды үйреніп жүр. Үйреніп жүргені нес, жасап та жүр. Дәл осы фильм - соның айғағы. Фильмдегі шынайылық эффекті алдыңғы марвелдік фильмдерден жоғары тұр. Жо-жоқ, бұл фильм спецэффекттен ада, технологиялық мақұрым дегім келіп тұрған жоқ. Керісінше. Айтқым келгені - алдындары экшн мен спецэффект үшін қарайтын көрермен, бұл жолы сюжеттік сәтті шешімді, сатқындықты, саяси интригаларды көре алады.

    Есімнен шықпай тұрғанда, Капитан Америка мүлде басқа қырынан көрінеді. Әлгі өзіне-өзі күмәнденгіш, ісінен көңілі қалып жүрген, шешім қабылдай алмай қиналуы. Тағы да - марвелдің әлемін Марвел еш азайтқысы және тоқтатқысы да жоқ сияқты. Жаңа кейіпкерлер пайда болып, оқиғалар желісі бір-біріне барынша кірігіп бара жатыр. Ал біздің жұмыс - күту және таң қалу.

    Фильмдегі пафосқа, асқан романтизм мен шектен шыққан американизмге көңіл аудармауды үйреніп алсаңыз, фильмнен шынайы ләззат алуға болады деп есептеймін.

    А, иә, айтпақшы, ешкімге сенуге болмайды :)