• Біздің парақшалар:
  • Американың Х оқиғасы

    Американская история Х

    American History X

Жыл:
1998
Ел:
АҚШ
Слоган:
"See reality in your eyes when hate makes you blind"
Режиссер:
Тони Кэй
Басты рөлдерде:
Эдвард Нортон , Эдвард Ферлонг , Беверли Д’Анджело , Дженнифер Лиен , Итан Сапли , Файруза Балк , Эйвери Брукс , Стейси Кич , Уильям Расс , Эллиотт Гулд
Сценарий:
Дэвид МакКенна
Продюсер:
Майкл Де Лука
Жанр:
Драма , Қылмыстық
Бюджет:
$20 000 000
Әлемдік табысы:
$23 875 127
Әлемдік премьера:
30 қазан 1998
Қазақстандағы премьера:
28 мамыр 2007
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
119 минут
Суреттеме:

Дерек Виньярд жергілікті скинхедтер бандасының көшбасшысы. Олар өздерін «ақтар» деп атап, түрі еуропалық еместердің бәріне жау деп қарайды. Деректің тәуелсіздігіне және батылдығына інісі Дэнни қызығып қарайды, ол ағасын мақтан етеді.

Дерек екі қара нәсілді жігітті өлтіріп, түрмеге түседі. Осыдан кейін екеуінің өмірлік жолдары екіге бөлінеді: Дерек өзінің заңдары бар түрмеде, ал Дэнни ағасының ісін жалғастырады. Екеуінің жолы қайта тоғысқанға дейін осылай болады...

Рейтинг:

8,625

  • Дауыс бергендер: 8

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 8.5(961219)
  • Кинопоиск: 8.296(245750)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  •  

    Әр түрлі ұлттардан құралған Америка үшін нацизмнің үлкен мәселе екенін білмеппін. Ұлтшылдық болғанда анау-мынау емес, кәдімгі нәсіл аралық қақтығыстар деңгейіне жеткенін біреу білсе, біреу білмес. "Американдық оқиға Х" фильмі осы жайында.

     
    Дерек Виньярд жергілікті скинхедтер бандасының көшбасшысы. Олар өздерін «ақтар» деп атап, түрі еуропалық еместердің бәріне жау деп қарайды. Олар тек протестанттарды ғана мойындайды. Азиялықтар, латиностар, негрлер, т.б. халықтар — кірмелер. Қылмыстың көпшілігін де солар жасайды, «ақтардың» жұмыссыздық мәселесіне де солар кінәлі. Өйткені билік кірмелердің қамын ойлау үшін қырғын ақшаны босқа желге ұшырып жатыр. Бұл бассыздықты тыю керек.

    Осындай идеологиямен қоректенген «отморозоктар» тобыры бүліктер шығарып, кірмелерді ұрып-соғып, тонаумен айналысады. Дерек екі қара нәсілдіні өлтіргені үшін түрмеге кетеді. Ол ештеңеден қорықпады, өйткені кірмелерді өлтіргені өзі үшін де, достары үшін да — мақтаныш.

    Інісі Дэнни, ағасы түрмеге кеткен соң соның жолына түседі. Ол ағасын пір тұтады. Өйткені, сол қайғылы түн оған қорқыныш емес, ерекше бір күшті сезімдер туғызған еді. Қалай болып еді сол оқиға?


    Екі қара нәсілді Деректің көлігін түнде тонамақ болады. Інісі бұны көріп қалып, ағасына айтады. Ағасы тапаншасын ала сала, сыртқа шығады да, есік алдында аңдып тұрған біреуін атып құлатады. Екіншісі қашпақ болып еді, бірақ үлгермеді. Деректің оғынан жараланған ол қансырап жатты. Дерек ашулы болатын. «Мен саған бұл маңайға келме дедім бе? Дедім! Сен тыңдамадың! Қазір сазайыңды тартасың! Тротуарға аузыңды сал!»… Қорыққанынан, бәлкім тиген оқтың әсерінен қалшылдаған қара нәсілді бордюрдің қырына аузын керіп, тістерін қойды. Дерек, көк желкеден бар күшімен бір тепті… Полиция келді, кісен салды. Дерек түк те саспады, таңдана қарап қалған інісіне күлімсіреп, мақтаныш сезіммен көзін қысты да, полиция жетегінде кете барды.


    Арада жылдар өтті. Қайтып келген ағасы бірақ өзгеріп келді. Ол бұрынғыдай батыл көшбасшы емес. Өмірге басқаша қарайды. Өйткені, нәсілшілдік, достар арасындағы беделі, идеология — бәрі-бәрі ол үшін маызын жойған еді. Неге дейсіз ғой? Себебі, бұның бәрі бос, жалған, далбаса. Ешкім де сенің ондай болғаныңды қаламайды. Тіпті, саған дем беріп, рухани азықтандыратын бас идеолог да бұның бәрі жалған екенін біледі. Ал, өзге скинхедтер ше? Скинхедтер жасық, өмірде қорлық көп көрген, комплекстен шыға алмай жүрген жасөспірімдерден жиналған жай ғана тобыр. Біреудің әдемі сөздерінің жетегінде кеткен адасушылар, ұлтшылдықтың өзін де жете түсінбейді.

    Ағасы осыны інісіне түсіндіргісі келеді. Бандаға қосылып үлгерген оны отбасына оралтқысы келеді. Інісін рухани азат еткісі келеді. Өзі жоқта жағдайлары нашарлар кеткен туғандарына қол ұшын бермек болады. Бірақ…

    Кино шынымен де қатты әсер етті. Кинотеатрда емес, нағыз үй жағдайында көруге арналған. Жауыздық пен қайырымдылықтың куәсі боласың, сол арқылы өзіңді бағалай бастайсың. Берер бағам: 10 ұпайлық жүйемен 9. Неге 9? Шынайылықпен үйлеспейтін кейбір сәттері бар. Бірақ бұл фильмнің жалпы мазмұнына еш әсер етпейді. Көруге кеңес берем.

    Неге «Американдық оқиға Х»? Бұл Деректің інісі Денни жазған шығарманың тақырыбы. Өмір жайында, ағасы жайында, өзі жайында…

     

    Ернар Бекенов