• Біздің парақшалар:
  • "Мәскеу-Ресей" жүрдек пойызы

    Скорый "Москва-Россия"

Жыл:
2014
Ел:
Ресей
Слоган:
"Русские не сдаются!"
Режиссер:
Игорь Волошин
Басты рөлдерде:
Сергей Светлаков , Юрий Стоянов , Майкл Мэдсен , Виктор Проскурин , Иван Ургант , Маргарита Левиева , Павел Деревянко , Ингеборга Дапкунайте , Спартак Кондауров , Максим Голополосов
Сценарий:
Сергей Светлаков , Денис Родимин , Игорь Волошин
Продюсер:
Сергей Светлаков , Игорь Волошин , Александр Орлов
Жанр:
Комедия , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$4 000 000
Қазақстандағы табысы:
〒43 020 200
Әлемдік премьера:
17 сәуір 2014
Қазақстандағы премьера:
17 сәуір 2014
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
90 минут
Суреттеме:

Өзінің YouTube-тағы видеосының миллион рет көрілуі үшін бәріне дайын жігіт туралы хикая. Өз мақсатына жету жолында "Мәскеу-Владивосток" жүрдек пойызына тап болады. Жолда оны және оның серіктерін небір қызықты оқиғалар күтіп тұр.

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 3.3(506)
  • Кинопоиск: 3.767(26160)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Негізі орыстардың әр комедиясы болсын, әр киносы болсын бәрінде арақ бірінші жүретінін байқап қалдым. "Мәскеу-Ресей" жүрдек пойызы киносыныңда басты тақырыбы сол араққа құралған сияқты. Мүмкін "орыстардың жаны" сонымен тығыз байланыста болса керек...

    Небір адам санасына кіріп шықпайтын істер жасап ютубта миллион көрсетілімжинаймын деген жігіт неміс компаниясымен келісімге отырады. Ол өзінің есі ауысқан істерін Владивосток қаласынан бастамақ болады, дәл сол кезде сол қалаға Ресейлік киноға түсу үшін америкадан Ресейдің тумасы танымал актриса да келетін болады. Екі басты кейіпкердің кездесуі сол пойыздан басталып кетеді...

    "Орыстардың жанын түсіну үшін олармен бірге арақ ішіп көр" - деген ұғымды санасына мықтап енгізген қыз шытырман оқиғаның ортасына қалай түсіп өзінің қалай басты кейіпкерге айналғанын білмей қалады...

    Кино өте қызықты, әрі күлкілі. Бірақ, америкалық "ақымақ" күлкілі кинолардан айырмашылығы бұл жерде мысқыл бар. Кәдімгі ұлттың кемшілігін өздерін күлдіре отырып түсіндіру. Кинодағы әр адамның шынайы өмірде прототипі бар. Киноның авторы әрі басты ролді сомдаушы Сергей Светлаков бұл персонаждардың бәрін өз жолында, өз өмірінде кездестіргенін айтады. Себебі, оның бар өмірі пойыз бен пойыз жолдарымен тығыз байланысты, ата-анасы проводниктер, өзі де пойыз жолын жөндеуші мамандығын алған.

    Әрине, Ресей ұлы мемлекет, бірақ, "ұлылықтың да кемшілігі болады" деген ұғымды дәлелдеп бергендей. Киноның арасында сіз интернеттен көрген небір қызықтардан үзінді көре аласыз. Себебі, оның бәрі сол "сағы сынбайтын" Ресейдің көрністері.

    Киноны барып көруге кеңес берем, мүмкін "Орыстар - ұлы халық" немесе "Ресей жақсы, анау-мынау" деген түсініктерге басқа қырынан қарап көруге болады. Дегенмен, ондай кемшіліктер әр елден іздесең табуға болады, бірақ оны осылай көрсете білу де өнер... Көңіліңіз бір сергіп қалады.