• Біздің парақшалар:
  • Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат

    Новый Человек-паук: Высокое напряжение

    The Amazing Spider-Man 2

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Слоган:
"No more secrets"
Режиссер:
Марк Уэбб
Басты рөлдерде:
Эмбет Дэвидц , Дэйн ДеХаан , Эмма Стоун , Джейми Фокс , Салли Филд , Эндрю Гарфилд , Стэн Ли , Пол Джаматти , Колм Фиор , Макс Чарльз , Кэмпбелл Скотт , Крис Зилка , Мартон Чокаш , Фелисити Джонс
Сценарий:
Роберто Орси , Алекс Куртцман , Стэн Ли , Джеймс Вандербилт , Джефф Пинкнер
Продюсер:
Роберто Орси , Алекс Куртцман , Ави Арад
Жанр:
Фэнтези , Боевик , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$200 000 000
Әлемдік табысы:
$708 982 323
Қазақстандағы табысы:
〒184 000 000
Әлемдік премьера:
10 сәуір 2014
Қазақстандағы премьера:
24 сәуір 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
142 минут
Суреттеме:

Өрмекші-адам маскасын киген Питер Паркер бұрынғыдай әлемді зұлымдар мен қылмыскерлерден қорғауын жалғастырады. Бос уақытын сүйген қызы Гвенмен өткізеді. Алайда мектеп кезеңі аяқталып келеді, алда үлкен өмір күтіп тұр. Питер Гвеннің әкесіне қыздың өмірінен кетуге уәде берген болатын, бірақ уәдені орындау да оңай емес екен. Питерді жаңа қауіптер күтіп тұр. Ол Электро деген жаңа жауымен кездеспек, сондай-ақ бұрынғы жолдасы Гарри Озборнмен жолығып, өз отбасы туралы жаңа нәрселер біледі.

Рейтинг:

8,571

  • Дауыс бергендер: 7
  • IMDb: 6.6(392791)
  • Кинопоиск: 6.661(104011)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (5)

  • Сонымен, көптен күткен екінші "Жаңа Өрмекші-адам" да Қазақстанға жетті. Қазақша дубляжбен шыққан фильмнің алдын-ала көрсетілімінен кейін оймен бөлісейін.

    Бірден байқалғаны - сюжет желісінің әрі тарамдалып өрбуі. Питер мен Гвен арасындағы қарым-қатынастың күрделене түскенін, олар да өзге адамдар секілді ренжісе алатынын көрдік. Өрмекшінің жаңа жаулары - Электро мен Жасыл Гоблинді, аз-мұз Мүйізтұмсықты да көзіміз шалды. Питердің өз жақындарының өмірі үшін жауапкершілікті шын сезіне бастауы, бұрынғы желөкпеліктен арылып есейгені байқалады. Сонымен қатар, бас кейіпкеріміз өзінің ата-анасы туралы, олардың айналысқан тірліктері туралы біраз құпияның сырын ашады.

    Екінші бөлімде негізгі екпін Питер Паркер/Өрмекші-адам мен Гвен Стейси арасындағы қарым-қатынасқа берілген тәрізді. Өйткені, жаңадан пайда болған супержаулар Өрмекші-адамға аса үлкен қатер бола алмады. Естеріңізде болса, Питер Гвеннің әкесіне енді қызына қауіп туғызбаймын, одан аулақ жүремін деп бірінші фильмде уәде берген еді. Сол уәдені орындау үшін ол барынша тырысып бақты. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді ғой бұндайда.

    Өрмекші-адам қызымен арасындағы жағдайға басы қатып жүргенде, қалада жойқын күшке ие Электро пайда болады. Марвел әлеміне тән таң-тамаша қалдырарлық көріністер осы жерден бастау алады. Әдемі шайқас пен көріністер осы жолы Марвелдің осыған дейін шыққан фильмдерінен бір сатыға алға шығып кеткен тәрізді. Мейлі бұның бәрі адам жасаған трюк емес, компьютерлік графика екенін біле тұра - Өрмекші-адамның ептілігі мен тапқырлығына сүйсіне қарадық.

    Бірінші "Жаңа Өрмекші-адам" мені қазақша дубляжымен аса қуанта қоймап еді. Сол кездегі қателіктер тұп-тура сиквелге де көшіп келіпті. Сөйлем құрамындағы сөздердің үйлеспеуі, дыбыс интонацияларының кейіпкер сөзімен сәйкеспеуі, диалогтардың түсініксіз болуы, әзілдердің сәтсіз аудармасы - фильмнің жалпы концепциясына нұқсан келтірген.

    Аударма тікелей ағылшын тілінен жасалды дегенге сену қиындау. Әйтпесе атауы неге орысшадан аударылған: "Высокое напряжение" - "Кернеген қуат"? Түпнұсқадан толығымен аударылса, жай ғана "Жаңа Өрмекші-адам 2" болар еді ғой?! Әлде мен бұл жерде бірдеңені жете түсінбеймін ба?

    Екінші бөлім драматизмге толы болды. Бас кейіпкердің портреті айқындала түсті. Болашақтағы үшінші бөлімге алғышарттар жасап берді.

    Гарри Озборнды сомдаған - Дэйн ДеХаан, Гвен Стейсиді сомдаған - Эмма Стоун, Электроны сомдаған - Джейми Фокс шеберліктеріне ерекше құрмет. Сосын дыбыс эффектілерін, фильмге музыка жазған мамандарға қол соғу қажет - оларсыз кинотуынды осыншалықты әсерлі шықпас еді.

    Сюжет пен актерлер ойыны үшін: 7/10

    Арнайы эффектілер мен компьютерлік графика үшін: 10/10

    Қазақша дубляж үшін: 4/10

  • Жаңа Өрмекші-адамның жаңасы

    Бардық. Ішіп-жейтін анау-мынау алдық. Сенаста досым екеумізден басқа ешкім жоқ. Басталды.

    Керемет әрі у-шуы бітпейтін Нью-Йорк.

    Көмекке асығып жүрген Өрмекші-адам.

    Сыныптастары соңғы қоңырауда диплом алып, қоштасу сөздерін айтып жатыр.

    Ал Питер Паркер бұзақыларға тойтарыс беруде.

    Оқиға желісі осылайша өрби түседі. Алдыңғы филімге қарағанда, бұл бөлім әлде қайда өзгеше.

    Өзінің сюжеті бойынша бұл фильм осы жылдың үздіктер қатарына енуі әбден мүмкін. (Әрине, бұл болжам ғана. Алда әлі "Икс-адамдар" мен "Хоббит: Сонда және қайта артқа" бар.)

    • Сюжеттің негізін Питер мен Гвеннің қарым-қатынасы құрайды. Питер капитан Стейсиге берген сөзін еш есінен шығара алмайды. Қайда барса да Стейси елестейді де тұрады. Бір күні Питер Гвенге өз ойын ашық білдіреді. Гвен әбден жалыққанын айтып, айырылысуға шешім қабылдайды. Не дегенмен, екeуі бір біріне әлі де ғашық. "Питер ғашық болғанмен -- Гвеннің бағы жанған жоқ..."
    • Сюжеттің кейінгі көп бөлігі он бір жасында әкесінің "кесірінен" шетелге кетіп, енді оралған Питердің досы -- Харри Осборн туралы. Әкесі тұқымқуалайтын дерттен қаза табар алдында, Харриге ол да дәл өзі сияқты дертке шалдығатынын айтады. Осы сәттен бастап Харри өмірі үшін арпалысып, қолындағы бардың бәрін қолданады.
    • Үшінші орында -- Электро. Оскорпта істейтін, лузер, қарапайым аңқау адам. Өз бойындағы"кернеген қуатты" сезінгенде, ол өзіне ұнамағандардың сазайын бермекші болады... (Негізі, Электро, филімнің негізгі зұлымы ретінде, көбірек көрсетілуі керек еді).

    Актерлік құрам өте-мөте сәтті таңдалған:

    • Эндрю Гарфилд Питер Паркердің рөлінде ұяң, ұялшық баланы сомдаған болса, екінші тоқымашыды ол ес жинаған ересек баланың рөлін беске сомдап шыққан.
    • Эмма Стоун Гвен Стейсидің рөлін бірінші филіммен салыстырғанда әлде-қайда жоғары сомдаған.
    • Дэйн ДеХаан ауру әрі есінен адасқан миллионер Харри Осборнның рөлін сәтті кейіптеген. Үшінші бөлімде қайта оралар деп үміттенеміз.
    • Джейми Фокс, ешнәрсе айтпаймын. "Мың рет естігеннен (оқығаннан?), бір рет көрген артық."
    • Және басқалар.

    Филім барысында саундтректер мен музыкалық сүйемелдемелермен бір демалып қалатыныңыз анық!

    Қазақша тәржіма, неге екенін білмедім, Columbia Pictures өнімдерінде Disneyге қарағанда сапасы жағынан сәл төменірек келеді. КЕЛДІ. Бұл жаңа тоқымашыда тәржіма өте сапалы да сәтті шыққaн, алдыңғы филімдермен салыстырғанда. Мен байқаған негізгі факторлар:

    • Күнделікті тұрмыстағы сөздер (мұрынбоқ, қойшей, юху, әй, тсс)
    • Инверсиялар. Қазақ тілінде баяндауыш әрқашан сөйлемнің соңына қалады. Ал ауызша стильде орнын ауыстырып сөйлей беруге болады. Дәл осы тәржімада қолданылған.
    • Синонимдік қатарлар. Бір сөз (кілт сөз емес) қайта қайталанбайды. Мысалы, Питер тәтесіне америка байрағын жуғанын айтады. Ал тәтесі туды неге жуғанын сұрайды. Негізгі пайдасы контекстті қысқартып, ауыз жыбырымен үйлеседі.
    • Тсс.

    Қате тұстары:

    • Питер үлкендерге "СЕН" деп сөйлейді;
    • Тәржімада эмоция аздау;
    • Қалжыңдар қазақ аудиториясына "тәндеу" емес.

    Ал, енді жиған-тергенімді жаздым. Ал филімді барып көріп, лайықты бағасын беру -- Сіздерден. Бұл филімге баруға ақша не уақытты аяуға ешбір себеп жоқ. ;)

     

    P.S. Филімнің алдында "Малефисентаның" қазақша трейлері көрсетіледі.

  • Жақында қазақ тіліне аударылған "Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат" фильмінің көрсетіліміне бардым.

    Бұл фильм голливудтық фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау жобасы аясында қазақ тіліне аударылған 7-ші фильм. Сонымен қатар, қазақ тілі "The Amazing Spider-Man 2"-нің ағылшын, француз, испан, неміс, португалия және орыс тілдерінен кейінгі әлем бойынша аударылған жетінші тіл болды.

    Фильмнің трейлерінен көргендеріңіздей спецэффектілері 3D-дан көрсеңіз аузыңыз ашылып отырып қарайсыз.

    Менің жеке өзіме "Жаңа өрмекші-адам" фильмі ұнаған жоқ. Мен оның алдыңғы бөлімін көрген емеспін. Өйткен ол шыққан жылы Өрмекші адамды Тоби Магуайрден өзге адам ойнауға болмайтындай көрінген еді... Осы жолы жұмыс бабымен барғандықтан бұл фильмді көрудің сәті түсті.

    "Жаңа өрмекші адам" фильмінде маған не ұнаған жоқ?

    Мен негізі кішкентайымнан "Человек пауктың" фанымын. Мультфильмдерін де, киноларын да бір рет емес, 10 шақты рет қайталап көріп, Sega, PlayStation, компьютерде де ойындарын ойнап, оның мүмкіндіктерін біраз сынап тастаған адаммын десем де болады. Бірақ бұл жаңа өрмекшіден бұрыңғы өрмекшімді көре алмадым.

    Иә, басты рөлге таңдалған актерлер Эндрю Гарфилд де, Эмма Стоун да өте сүйкімді. Бірақ менің ойымша бұл рөлдер олар үшін емес. Оларға, нақтырақ айтсам екеуіне де романтикалық киноларда ойнаса ойындары көңілімнен шығар еді... Тек "Человек паукта" емес.

    Өрмекші адамды қазақ тілінде дубляждаған - Мерей Аджибеков. Гвен Стейсиді қазақ тілінде дубляждаған - Әлима Қайырбекова.

     

    Жаңа өрмекші адам фильмінде маған не ұнады?

    Әрине ол Электро! :)

    Макс Электроны мен бұрын соңды қанша киносын көрсемдағы аса мән бермеген, сүйікті мультиктерім "Рио - 1", "Рио - 2", "Ойыншықтарда" сүйкімді кейіпкерлерді дыбыстаған Джейми Фокс сомдайды.

    Электро Өрмекші адамның комиксіндегідей емес, өте керемет шыққан кейіпкер. Әсіресе 3D-да қарап отырсаңыз түрі қорқынышты болғанымен, әдеміііі түсі көздің жауын алады. Оны қазақ тілінде сөйлеткен Walt Disney тарапынан ең үздік дауысты актер болып танылған Азамат Қанапия.

    Ал Гарри Озборнның рөліне таңдалған Дейн Уиильям Деехаанды режиссер Марк Уэбб бұл рөлге өте сәтті таңдаған деп айтар едім. Себебі мульфильмдегі Гарри адамға айналып кеткендей әсер алдым.

    Әрине, "Өрмекші адамның" оригинал нұсқасындағы Гарриді сомдаған Джеймс Франко да өз рөлін жаман ойнамаған еді. Бірақ жаңа нұсқадағы Гарридің рөлі меніңше сәтті шыққан.

    Алайда, "Гоблинге" гримді өте қатты қолданып жіберген бе... Әлде солай болғаны дұрыс паааа... Білмеймін, "Ввва" етіп шыға келгенде қорқытып жіберді.

    Қорытындысында, "Жаңа өрмекші адам - 2" бір реттік фильм деп айтар едім.

    Мүмкін "Жаңа Өрмекші адамның" бірінші фильмін  көргеннен кейін барып екіншісі көрген дұрыс болар ма еді. Білмеймін... Патик, осы жерде сенің пікірің қызыық болып отыр. Мен бірінші фильмді көрмегенім үшін ғана осындай ой қалыптасып отырған сыңды ма? Әлде екіншісін ұнатпаған мен біріншіні де ұнатуым екі талай ма?

    Фильмнің бюджеті

    Алғашқы «Жаңа Өрмекші адам» фильмі 200 млн долларға түсіріліп, 752 млн доллар жиылым жинап, әлемдік кассалық жиылымы өз бюджетінен үш есе асып түскен болатын.

    «Жаңа Өрмекші адам - 2» фильмінің бюджеті 200 млн доллар, ал ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған дубляж құны 80 мың доллар екен. Ал кассалық жиылымы қандай боларын алдағы уақытта біле жатармыз...

    Дубляж:

    Фильмді дубляждау 2013 жылдың қарашасында басталып, дыбыстауға барлығы 30-ға жуық адам қатысқан.

    Саундтрек:

    Фильм музыкасын Фаррелл Уилльямс, Джонни Марр, Майкл Айнзайгер, Эндрю Кошински, Стив Маццыро және Junkie XL-ден құралған "музыканттардың таңғажайып алтылығы" жазған.

    Қазақша және орысша нұсқаларында титрларында ойнатылатын музыка танымал рэпер Бастаның еңбегі.

    МЕНІҢ БАҒАМ

    Сюжет пен актерлер ойыны үшін: 7/10

    Арнайы эффектілер мен компьютерлік графика үшін: 10/10

    Қазақша дубляж үшін: 6/10

  • Нағыз комиксты және романтиканы ұнататын жігіттерге арналған керемет туынды. Әрі батырлықтан, әрі қыздардың жүрегін жаулаудан сабақ алуға болады. Бірақ, енді сізде ол сияқты мүмкіндік жоқ екенін ұмытпаңыз.

    Питер Паркер ненің жаман ненің жақсы екенін ажырататын, әрі кейде ұлы істер үшін бір нәрседен бас тарту керек екенін білетін кезеңін суреттейтін бұл бөлімде Питерге көп сырдың беті ашылады. 

    Өз махаббатымен әуре боп жүрген өрмекші адам жаңа жауы мен өз досының жауы боп шыққанын білмей қалады. Қызының әкесіне берген уадесімен қызын тастап кетуді ойлап жүрегі ауырып жүрген кезде ол әкесі жайлы құпияның бетін ашады. 

    Жауының бар артықшылығы тоқ жинау қасиеті, Электра өзінің жәй ғана қызғанышының кесірінен өрмекші адамды құртуды ойлайды.

    Кейде адамға көңіл (внимание) жетіспеген кезде ол өз ішінде жаман құбыжықты тәрбиелеп жатқанын білмейді, ол құбыжық мүмкін өмір бойы шықпауы да бірақ шыққан кезде ол адамнан өте сақ болу керектігін ескерткендей...

    Маған ұнағаны "Өрмекші адам 2" нің қазақша аудармасы, аудармада кемшіліктер болса да өрмекші адамның жасына сай дауыстың дұрыс таңдалуы, әрі еркелігін жақсы бере білген. Эмма Стоунның әдемілігіне тәнті болдым. Әрі әдемі, әрі қылықты, әрі батыл.

    Берер бағам 7/10.

    Аудармаға 5/10. 

    Арнайы эффектілер мен компьютерлік графика үшін: 10/10.

  • Кеште болса жазып жатырмын. Жалпы бұл фильмді қазақ тілінде емес, орыс тілінде ғана көріп шектелдім. Ғаламторда қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ, ал кинотеатрға жол түспеп еді. Жалпы бұл фильмді жазда екі рет, және жақында тағы бірнеше рет көрдім. Жеті рет өлшеп, бір рет кескендей болдым. Орыс тілінде жеті рет қарап, бір қазақшаны шығардай болдым дегнім ғой.Жалпы фильм ұнады! Себебі сюжет бір қалыпты тұрмады. Күтпеген оқиғалармен есте қалдырды. Алғашқа сахна Ричард Паркер мен оның әйелі Мэри Паркердің қалай қаза тапқанын көрсетті. Кейін Питер Паркерді көрсетті. Жалпы Марк Уэбб комедия жанрына жақын болғандықтан күліп алдық. Жаңа кейіпкер Алексей Ситцевичті де байқадық. Оны Пол Джамати сомдады. Алексейді тыр жалаңаш қалдырып кеткені күлкілі болды. Стэн Ли де өзіне жақсы камео тауыпты. Жалпы маған Тоби Магуайрға қарағанда Энжрю Гарфилдтің Өрмекші-адамды ойнағаны ұнайды. Себебі ол жай ьғана құтқарушы емес, сонымен қатар романтик! Питерден романтикті шығарған әрине ол - Марк УэббЕнді композиторларға келсек. ьАлғашқы фильмнің композиторы Джеймс Хорнер дің әуендері құлаққа жағымды естілтін еді. Ал бұл фильмнің композиторы Ханс Циммердің әуендері кішкене қатты шығама, басқаша ма білмедім. Операторларға келсек, Дэн Миндел керемет оператор. Дауа жоқ! Ал алғашқы фильмнің операторы Джон Щварцманға("Жаңа Өрмекші Адам" фильмнің операторы) кішкене операторлық тәжірибе қажет. Себебі ол  кейіпкерлерді аса жақын көрсетеді. Ал Дэндн ондай қателіктер бола қоймады.

    Енді әр кейіпкерге жеке тоқталып өтсек. Питер Паркер - басты кейіпкер. Яғни - Өрмекші-адам. Бізді біраз күлкілі бөлегені рас. Бірақ оның фильмнің ортасында Гарриге неге қан бермегенін түсіне алмадым. Бірақ бұл ежелден келе жатқан комикс дәстүрі. Гвен Стейси - Біздің қаһарманымыздың ғашығы. Эмма СТоун бірінші фильмдегі ГВен Брайас Даллас ХОвардғқа қарағанда, жақсы көрініс тапқан. Оның күлгенін әйтсейш. Оның қаза тапқаны бәрінен жаманы сол болды. Бірақ "SONY" оны қайта тірілтуді ойлап жатыр дид.Макс Диллон - Аңқау, ақкөңіл "OsCorp"-тың жұмысшысы. Токқа ұрылғаннан кейін, оны аяп кеттім. Бірақ оның "добрый персонаж" ретінде де қалыптасуына да болатын еді. Бірақ СТив Дитконың комиксынен аттап өтуге болмас.Гарри Озборн - ауруға шалдыққанын білгенде ол жанын сақатп қалу үшін әбігерге түседі. Питерден Өрмекші-адамды шақыртып, қанын беуруін сұрайды. Бірақ оған келіспейді. Ал Гарри болса, Максты өз жағына бағындырып, Дональд Менкеннен  сиворотканы салдырғызады. Ол аурудан айығады және құбыжыққа айналады. Сол сәтте ол Питердің Өрмекші-адам екенін біледі де ГВенді өлтіреді.

    Мэй Паркер - Тәтеміз Мэй бұл фильмде Питердің ата-анасы жайлы шындықты білуіне үлкен септгін тигізеді.

    Дональд Мэнкен - Оскорп жұмысшысы, Гарридің көмекшісі болып келген Дональд Мэнкен сценарий бойынша қаза табу керек болған. Бірақ ол аман қалды.

    Және бұлф ильмнің жалғасы "Зұлым алтылық" фильмінің жалғасы жайлы көптеген әңгімелер айтылып жатыр.  Сценарийге көз жүгіртсек. Фильм была йбасталады. Естеріңізде болса, "Жаңа Өрмекші-адам 2" фильмінің соңында Өрмекші МҮйізтұмсыққа қарсы шығатын еді. Сол сюжетті ұстап, жалғастырады.Өрмекші-адам қоландағы қала канализациясының қақпағымен Мүйізтұмсыққа бір сілтейді. Сол кезде оның костьюмі жан-жаққа шынытап сынады.Бұл кезде Оскорп жұмысшысы Густав Фриске келіп, "Сэр, Осьминогтің шупальцасы жоғалды"- Ол қайда?- Өзімде білмеймін, сэр... Сэр, оны кім жасағаны есіңізде ме?- Отто Октавиус

    - Ол да Оскорпта жоқ.

    Фирс далаға қараса Өрмекші-адам Мүйізтұмсықты жеңіп, Осьминогпен айқасып жатыр екен.

    Фирс:

    - Сен сондай костьюммен жеңіліп тұрсыңба?

    АЛексей Ситцевич:

    - Сэр, өтінем, маған тағы бір мүмкіндік беріңізші!

    - Жарайд!

    - Рахмет, сэр!Міне дәл осылай фильм басталады! Фильмге берер бағам: 8.5