• Біздің парақшалар:
  • Аңшы бала

    Мальчик охотник

    Anshi Bala

Жыл:
2012
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Ерлан Нұрмұхамбетов , Бегарыс Елубаев
Басты рөлдерде:
Санұржан Сүлейменов , Әлихан Ыдрышева , Әбунасыр Серіков , Жүрсін Ерман , Жанель Аликова , Жүсіп Ақшораев
Сценарий:
Ерлан Нұрмұхамбетов , Бегарыс Елубаев , Смағұл Елубаев
Продюсер:
Әсел Ержанова
Жанр:
Комедия , Балаларға арналған , Қызық оқиғалы
Қазақстандағы премьера:
21 маусым 2012
Жас шектеуі:
К - әртүрлi жастағы көрермендерге арналған фильмдер
Ұзақтығы:
85 минут
Суреттеме:

Қаланың Қамбар есімді баласы құмда түйе бағатын ата-әжесіне қонаққа келеді. Бұл ауылдағы басты мәселе – Көкшолақ атанған көкжал. Өзі ұстатпайды, есесіне түнімен малға тыным бермейді. Бірде Қамбар ұнатып қалған Самал есімді қыздың лағын қасқыр жеп кетеді. Қамбар көкжалдан кек алу үшін алыс жолға шығады. Қыз да оған ілесіп кетеді.

Рейтинг:

5,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 0(16)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Мерген бала, немесе анимация қасқырды қалай атып алу керек?

    "Аңшы бала" — Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының 2012 жылғы туындысы. Еліміздегі прокаты шектеулі — «Кинопарк» және «Киноплекс» кинотеатрлар желісінде ғана көрсетіледі. Көпшілікке кеңінен тарайды деп күтілген картинаның бұндай жағдайына ешкім әлі түсінік берген жоқ.

    Фильм «балаларға арналған экшн» деп сипатталған еді. Балаларға арналғанына көз жеткіздік, бірақ ол экшн емес – оған жүз пайызға сенімді бола беріңіз. Сюжеттің өрбуі мен шиеленіске тырысқан көріністеріне қарап, максимум – қызық оқиғалы драма (приключенческая драма) деген мінездеме беруге болады.

    Актерлік құрамы екі жас категориясына бөлінеді: тәжірибелі ересек актерлер (Жүрсін Ерман, Жүсіп Ақшораев, Жанар Мақашева, Әлихан Ыдырысова) мен және экранға алғаш шыққан балғын балалар (Санұржан Сүлейменов, Жәнел Аликова). Бұл жерде басты назар балаларда, ересектер жай көмекші құрамда десе де болады.

    Бұл картина да «шеберліктің жетіспеушілігі» деген қазақ киносына тән мәселеден айналып өте алмапты. Балалардың тырысқаны көрініп тұр, бірақ шынайылық пен қарапайымдық бәрібір жетіспейді. Бірде жеткізбей ойнаса, бірде тым асыра ойнап жібереді. Десек те оларды шыңдаса, шеберліктерін арттырса – жақсы актер деңгейіне көтеруге болатынын ескерген дұрыс. Әсіресе, Жанель Аликова кинодағы еңбегін жалғастырып жатса — жарқын рөлдерімен көрініп қалар деген үміт бар.

    Сюжет бойынша, қаланың Қамбар есімді баласы құмда түйе бағатын ата-әжесіне қонаққа келеді. Бұл ауылдағы басты мәселе – Көкшолақ атанған көкжал. Өзі ұстатпайды, есесіне түнімен малға тыным бермейді. Бірде Қамбар ұнатып қалған Самал есімді қыздың лағын қасқыр жеп кетеді. Қамбар көкжалдан кек алу үшін алыс жолға шығады. Қыз да оған ілесіп кетеді.

    Шытырман хикая осы жерден басталуы тиіс еді. Бірақ Қамбардың қарапайым баладан қаһарманға айналуына басты себепші болатын қасқырды көре алмадық. Оның орнына анимациядан «қашып келген» мульт бөріге куә болдық. Компьютерлік графиканың айқындылығы сонша, жүгіріп бара жатқан ебедейсіз жыртқышымыз балаларға қауіп төндіре алатынына сендіруден бұрын, аздап күлкі де шақырғаны рас.

    Қорыта келе, «Аңшы бала» тек қана балаларға арналғанын баса айтқымыз келеді. Рас, бұқаралық кино жасауға талпыныс бар. Рас, ортанқол болып қалмаудың алғышарттары кездеседі. Бірақ, кейбір факторлар (актерлер шеберлігі, оператор жұмысы, арзанқол компьютерлік графика, сюжеттің дұрыс құрылмауы) фильмнің жоғары бағалануына кедергі келтіріп тұр.

    Қалай десек те, соңғы сөз – балаларда. Балаңызға ұнаса – фильмнің мақсатына жеткені.