• Біздің парақшалар:
  • Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері

    Люди Икс: Дни минувшего будущего

    X-Men: Days of Future Past

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ , Ұлыбритания
Слоган:
"His past. Our future"
Режиссер:
Брайан Сингер
Басты рөлдерде:
Холли Берри , Дженнифер Лоуренс , Хью Джекман , Иэн МакКеллен , Николас Холт , Патрик Стюарт , Джеймс МакЭвой , Омар Си , Лукас Тилл , Эван Питерс , Майкл Фассбендер , Анна Пэкуин , Шон Эшмор , Эллен Пейдж , Питер Динклэйдж , Джош Хелман , Бинбин Фань
Сценарий:
Саймон Кинберг , Мэттью Вон , Джейн Голдман
Продюсер:
Брайан Сингер , Лорен Шулер Доннер , Саймон Кинберг , Хатч Паркер
Жанр:
Фэнтези , Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$200 000 000
Әлемдік табысы:
$746 045 700
Әлемдік премьера:
10 мамыр 2014
Қазақстандағы премьера:
22 мамыр 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
131 минут
Суреттеме:

Мутанттанды қасіретті болашақ күтіп тұр. Олар еркіндіктен айырылып, қамауда болмақ. Ал қазіргі кезде Магнето бастаған зұлым мутанттар мен бейбіт өмірді таңдаған мутанттар арасында текетірес жүріп жатыр. Өткен шақты ерекше қабілетке ие дарындыларды бақылауда ұстағысы келген Сақшылардың әрекетіне тойтарыс беруге мүмкіндік болған еді. Болашақтан келген Китти Прайд бүкіл мутанттарды болашақта не күтіп тұрғанын ескертеді. 

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 4

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 8(630915)
  • Кинопоиск: 7.726(171409)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Менің ойымша, "Люди Икс: Дни минувшего будущего" ескі трилогия осыған дейін қалап кеткен деңгейге жете алмады.

    Жаңа фильмде "Х-адамдар" әлемінің ескі-жаңа қаһармандарын барынша көбірек қамтуға тырысқан. Бәрін сол әрекет құртқан тәрізді: әр кейіпкерді орталықтандырған үзік-үзік моменттер - оқиғалар сабақтастығына залал болып тигендей. Нәтижесінде, ешбір ерліктерімен есте қала алмаған бейшара күйдегі ескі қаһармандар мен ешбір алғышарттық түсіндірмелерсіз жаңадан кірігіп кеткен жаңа мутанттар арасында байланыс орнамай қалды.

    Бірақ Эван Питерстің орындауындағы Сынапты ерекше атау қажет. Жаңа мутанттың дебюті, оны сомдаған жас актердің харизмасы жылы қабылданды. Айтпақшы, бұл кейіпкерді "Кек алушылар 2"-ден де көретін боламыз.

    Бұрын сюжетте қарапайым адамдар көбірек қатыстырылғандықтан ба, оқиғалардан бәрібір сенімді нәрселер көретін едік. Жаңа фильмде футуристік технологиялар мен ақылға қонымсыз әрекеттер "Х-адамдар" әлемін көрермендер қиялынан барынша алыстата түскен секілді.

    Түпнұсқа сюжетімен сәйкеспейтін тұстары да фильмді шынайы қабылдауға кедергісін тигізді.

    Бұрынғы трилогияға құрметім үшін, Майкл Фассбендер мен Джеймс МакЭвой үшін әрең дегенде 7/10 қойдым.