• Біздің парақшалар:
  • Монаколық Грейс

    Принцесса Монако

    Grace of Monaco

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ , Франция , Бельгия , Италия
Режиссер:
Оливье Даан
Басты рөлдерде:
Фрэнк Ланджелла , Тим Рот , Николь Кидман , Майло Вентимилья , Паркер Поузи , Пас Вега , Дерек Джекоби , Оливье Рабурден , Роджер Эштон-Гриффитс , Джеральдин Сомервилль , Николас Фэррел
Сценарий:
Араш Амель
Продюсер:
Араш Амель , Пьер-Анж Ле Пожам
Жанр:
Драма , Мелодрама , Өмірбаян
Бюджет:
$30 000 000
Әлемдік табысы:
$26 576 000
Әлемдік премьера:
14 мамыр 2014
Қазақстандағы премьера:
22 мамыр 2014
Жас шектеуі:
Е16 - Он алты жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
102 минут
Суреттеме:

Бүкіл Голливуд оның құзырында еді - әдемі виллалар, салтанатты кештер мен сымбатты еркектер. Бірақ ол патша сарайын таңдап, Франция маңындағы шағын мемлекеттің ханзадасын сүйді. Ол Голливуд патшайымы еді, бірақ Монако ханшайымы болуды қалады.

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.7(16768)
  • Кинопоиск: 6.623(18128)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Танымал киноактриса Грейс Келлидің Монако ханзадасына тұрмысқа шыққанан кейінгі өмірінің бір бөлігіне арналған фильм.

    Мемлекет басындағылардың құпияға толы өмірінің бір құпиясын ашып берген фильм. Киноны түсірер алдында Монако елінің патшасына хат жолданып киноның сюжеті бекітілген, бірақ кино шыққаннан кейін Монако патшасы бұл киноны мойындамайтынын жариялаған. Себебі "кинода тарихи деректер бұрмаланған және шешесі танымал актриса, модель Грейс Келлидің ролі әсерленіп кеткен" деген. 

    Голивудттың танымал актриса, әлемнің мықты актрисаларының жүздігіне енген Грейс Келлиге Монако ханзадасы ғашық болып екеуі отбасын құрады. Монако еліне келгеннен кейін ғана ханзадаға тұрмысқа шығу ертегідей емес екенін түсіне бастаған Грейс қатты қиналады. Тіпті оның әр сөзінен, киім киісінен, шаш қоюуынан оның басқа әлемдікі екенін бірден білініп тұрады. Жарын сүйгендіктен де сол елдің адал ханшайымы болуы үшін Грейске өміріндегі ең сүйікті ісі киноға түсуден бас тартуға тура келеді... 

    Николь Кидман Грейс Келлидің бар эмоциясын бере білген сияқты, мүмкін актрисаның жанын актриса түсінген шығар. Кинодан мемлекет басшыларының үй-ішіндегі қарама-қайшылықтары мен қиындықтары және халықаралық қарым-қатынаста әр нәрсенің маңызды екенін анық көрсете білген. Кино әсерлі. Адамзат тарихындағы ең үлкен үйлену той мен махаббат символы бола білген Келли Грейстің өмірінің белгісіз өмірлік құпиясына қанық боласыз.