• Біздің парақшалар:
  • Малефисента

    Maleficent

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Роберт Стромберг
Басты рөлдерде:
Анджелина Джоли , Имелда Стонтон , Сэм Райли , Джуно Темпл , Шарлто Копли , Эль Фаннинг , Кеннет Крэнэм , Брентон Туэйтс , Лесли Мэнвилл , Элла Пернелл , Изобель Моллой
Сценарий:
Линда Вулвертон
Продюсер:
Анджелина Джоли , Дон Хан , Джо Рот
Жанр:
Фэнтези , Мелодрама , Отбасылық , Боевик , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$180 000 000
Әлемдік табысы:
$758 539 785
Қазақстандағы табысы:
〒246 000 000
Әлемдік премьера:
28 мамыр 2014
Қазақстандағы премьера:
29 мамыр 2014
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
97 минут
Суреттеме:

Жас сиқыршы Малефисента ертегі әлемінің жануарлары тұратын ғажайып орманда жалғыз өмір сүріп жатты. Бірақ бір күні бәрі өзгерді. Оның әлеміне адамдар басып кіріп, бәрін қырып-жоя бастайды. Малефисента өзінің әлемін қорғау үшін қара күштердің көмегіне жүгінеді. Ол патшаның қызы Аврораны дуалап тастайды. Бірақ сұлу Аврора өскен сайын, Малефисента өз ісінің дұрыстығына күмәндана бастайды.

Рейтинг:

8,333

  • Дауыс бергендер: 9

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7(293846)
  • Кинопоиск: 7.244(132290)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • "Малефисента" - "Ұйқыдағы ару" ертегісін басқа қырынан баяндау. Оқиғалар енді ертегінің басты зұлымы тарапынан көрсетіледі. Түпнұсқа сюжетті осылайша тарқатып жеткізу - мен үшін әдемі, сәтті әдіс болып көрінді.

    Бірақ фильм басталысымен-ақ, бірқатар техникалық кемшіліктерге жол бергендей болды. Соның ішінде маған байқалғаны - көріністердің (сцена) алмасуы арасында үйлесім орнамай қалған. Екіншіден, картинаның бел ортасына дейін оқиғалар тым созылып кетті, динамика байқалмады.

    Бұл олқылықтарды дәл қазіргі жағдайда түсіністікпен қабылдау керек шығар. Өйткені режиссерлердің бәрі бірдей алғашқы жұмыстарын мінсіз шығара бермейді ғой. "Малефисента" - Роберт Стромбергтің бірінші режиссерлік еңбегі.

    Нил Бломкамптың фильмдері арқылы танымал Шарлто Копли да, Дакота әпкесінің жолын қуған Эль Фанинг та өз рөлін жақсы алып шыққан. Бірақ Анджелина Джолидің мысы бәрін басып тастағандай болды. Экранға жарқ етіп шыға келетін Малефисента ерекше харизмасымен, қылықтарымен есте қалды.

    Диснейдің ертегілері өзіне тән эффектілерімен ерекшеленіп тұрады. Студияның туындыларында бәріне ортақ стилдер, сурет боялары мен кадрлар кездеседі. Осы жолы да "Мынау - Диснейдікі" дегізетін сәттерді байқадым. Демек өз жолынан жаңылмаған, дұрыс бағытпен келе жатыр.

    Қазір қазақша дубляжды қалыпты құбылыс ретінде қабылдай бастадық. Ауыз қимылына әдемі ұйқастырыла жатқызылған қазақша сөздер ертегінің әсерлі жетуіне өзінше үлес қосқан тәрізді. Әрине, кемшіліктер әлі де бар. Бірақ барлығы тәжірибемен келеді деп үміттенемін. Маған әсіресе кадр сыртындағы баяндаушының дауысы ұнады.

    Жоғарыда аталған артықшылықтарына қарамастан, фильм мен үшін бір реттік көрінді. Мектеп жасындағы балалар үшін таптырмас көркем туынды шығар. Бірақ кішкентай балақайлар бұл ертегі-киноны өз деңгейінде қабылдай қоятынына, немесе ересектер сенімсіздеу шыққан сиқыр әлеміне елітіп кететіне күмәнім бар.

  • Ертегі дегенді жақсы көрем, әсіресе оны Disney түсірсе, әсіресе басты рольді Анджелина Джоли сомдаған болса... Бірақ, ескертетін бір жәйт, киноны қазақша және арнайы 3D форматында көріңіз. Егер 2D да көрсеңіз, мен сияқты жыл бойы күткен кайфыңыз бұзылып қалар... 

    Өз әлемінде бақытты өмір сүріп жатқан пері қыз Малефисента адамдар арасындағы қатыгездікті білмеп еді. Бірақ, адамға ғашық болған күннен бастап, ол сатқындықтыңда, қатыгездіктіңде, аяушылықтың да нағыз махаббаттың да дәмін татады. Бірақ, жүрегін басқан жеккөрінішін тек бір ғана нәрсе жеңе алушы еді... Ол- шынайы махаббат. Махаббаттың тек қыз бен жігіт арасында ғана емес, мейіріміңді сыйлаған бар адамға әлемге деген махаббаттың барлығы. Оған сену, оны сезіну білу. 

    Кинода бірден көзге түсетін нәрселер:

    1. Әдемілік


    Анджелина Джолидің әдемілігіне ешкімнің таласы жоқ сияқты. 

    2. Қылықтылық

    Әйел қылықтығы мен актер шеберлігін дәл осы кадрден бірден байқауға болады. Әйелдің әдемілігі мен қылықтығы ешқандай жігітті жәй қалдырмайтыны белгілі. Бұны сөзбен жеткізу қиын, дәл осы кадрды көзбен көру керек.

    3. Мейірім

    Аврораның кішкентай кездерін Анджелинаның өз қызы сомдағандықтан да аналық махаббаты бірден көрініп тұрды, тіпті жамандық ойлап тұрған кездің өзінде мейірім көзінен төгіліп тұр. Сәбидің әдемілігі мен тәттілігі де жақсы берілген. 

    4. Батырлық

    Жеңімпаз, қайсарлық Малефисентаның көзінен-ақ көрініп тұр. Жеңімпаз, табысқа жеткен әйелдердің көзіне тік қараудың өзі қорқынышты, ол сені сол жанары мен-ақ жеңіп кететіндей. Баян Есентаеваның көзіне қарап көріңдерші ))). 

    5. Қазақша аудармасы


    Бағам 5. Маған ұнады, дауыстар сәтті таңдалған. Шынымды айтсам, қазақшаға аударылған фильмдерге барғанда қасымдағы адамды қорқынышпен апарам. Мені қойшы күнде көрем, әрі оның өзінің біз үшін үлкен жетістік екенін білетін. Ал оның қазақ тілді кинодан көңілі қап қалса қайтем? Қайта баруға деген ойына балта шабам ғой. Бұрынғыдай үйлеспеушілік пен сәтсіз аударманы аз байқадым. Құлағыма жағымды әрі мені дауыс арқылы киноға еліктете алды. 

    Балаларыңызды жазғы демалыстың бастамасы ретінде ертіп апарып қуантатын әдемі кино. Иа, біз сияқты ертегіге сенбейтіндерге емес сондай көңілі таза сәбилердің киносы.