• Біздің парақшалар:
  • Бастапқы код

    Исходный код

    Source Code

Жыл:
2011
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Make every second count"
Режиссер:
Дункан Джонс
Басты рөлдерде:
Джейк Джилленхол , Мишель Монахэн , Вера Фармига , Джеффри Райт , Майкл Арден , Расселл Питерс
Сценарий:
Бен Рипли
Продюсер:
Марк Гордон , Стюарт Фенеган , Филипп Руссле
Жанр:
Драма , Триллер , Боевик , Фантастика
Бюджет:
$32 000 000
Әлемдік табысы:
$147 332 697
Әлемдік премьера:
11 наурыз 2011
Қазақстандағы премьера:
31 наурыз 2011
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
93 минут
Суреттеме:

Өзге адамның кейпіне енген жауынгер пойызда болған жарылысты таппайынша, сол қайғылы оқиғаны қайталап бастан өткізуге мәжбүр болады.

Рейтинг:

7,667

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.5(452478)
  • Кинопоиск: 7.764(201606)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • О дүниеде де еліне қызмет еткен солдат

    Түпнұсқа атауы "Source Code" деп аталатын фантастикалық триллер жайында әңгіме өрбиді. Фильм күрделігімен есте қалады. Иә, сюжеттік құрылымы қарапайымдар санатынан емес. Десек те, тартымдылығын еш жоғалтпаған.

    Фильм жайында тоқталайық. Ресми суреттемесі қысқа ғана: "Өзге адамның кейпіне енген жауынгер пойызда болған жарылысты таппайынша, сол қайғылы оқиғаны қайталап бастан өткізуге мәжбүр болады".

    Түсінікті болу үшін сюжет мазмұнына аздап тоқтала кеткен дұрыс сияқты. Әлгі жауынгеріміз басында пойызда есін жияды. Бұнда қалай тап болғанына, алдында өзіне сөйлеп отырған қыздың кім екенін түсіне алмай әлек болады. Айнаға көзі түсіп кеткен ол, өзінің өзі емес екенін көреді, яғни айнадағы бейнесінен басқа адамды көреді. Әп-сәтте пойызда орасан күшті жарылыс болып, бұл басқа бір қараңғы бөлмеде оянады. Сол сәтте алдындағы экраннан бір әйел офицер пайда болып, оның миссиясын түсіндіреді. Ол осыдан бірнеше сағат бұрын пойызды жарған адамды табуы керек. Сол жарылыс кезінде қаза тапқан мұғалімнің жады алынып, бұл жігіт соның жадына орналастырылған екен. Бұл - квантты механиканың жетістігі. Бірақ бар берілген уақыт сегіз минут.

    Сегіз минутта әрине жүздеген адамның ішінен лаңкесті табу оңай емес. Сондықтан бұл жауынгерге сол мұғалімнің кейпінде дәл сол жарылыс болар алдындағы сәтке бірнеше рет оралуға тура келеді. Әр оралған сайын оқиғаның деталдарына қаныға түсіп, лаңкесті табуға көмектеседі. Бірақ, болар іс болды. Жарылыс баяғыда болып қойған. Тек екінші болуы мүмкін жарылыстың алды алынды, лаңкестің есімі белгілі болды.

    Бұл жерде көп сұрақ туындайды. Неге өткенге ойша саяхат жасауға дәл осы жауынгер таңдалды? АҚШ-қа қалай тап болды? Неге ойша өткен шаққа жіберілді? Сол жарылысты болғызбай, алдын алуға бола ма?

    Бұл сұрақ кейіпкерді ғана емес, көрерменді де мазалайды. Дегенмен, назар сала көрген адамға барлық сауалдың шешімі табылатынына кепілдік беремін. Өйткені, фильмде айтылмаған, айтуға болмайтын сәттер жетерлік. Оны тек көру керек, тамашалау керек.

    Квантты механиканың мүмкіндігі тек ойша өткенге саяхат жасаумен ғана шектелмейді. Оның көмегімен жаңа өмір құруға болады, жаңа әлем жасауға болады. Шынайы өмірде бұл мүмкін болмас, бірақ аталған кинода дәл солай.

    Осыған дейін, менің тарапымнан сәтсіз туындылар санатына жатқызылған "Луна 2112" фильмімен белгілі режиссер Дункан Джонстың бұл жолы ерлегенін атап өту керек. Әрине, басты рөлдегі Джейк Джилленхолға да айтар сын жоқ.

    Ернар Бекенов