• Біздің парақшалар:
  • Маймылдар ғаламшарының таңы

    Планета обезьян: Революция

    Dawn of the Planet of the Apes

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Мэтт Ривз
Басты рөлдерде:
Гари Олдман , Энди Серкис , Джуди Грир , Джейсон Кларк , Кери Рассел , Коди Смит-МакФи , Тоби Кеббелл , Кирк Асеведо , Ник Тёрстон , Карин Коновал , Терри Нотари
Сценарий:
Пьер Буль , Марк Бомбэк , Рик Джаффа , Аманда Сильвер
Продюсер:
Марк Бомбэк , Питер Чернин , Дилан Кларк , Рик Джаффа , Аманда Сильвер
Жанр:
Драма , Триллер , Боевик , Фантастика
Бюджет:
$170 000 000
Әлемдік табысы:
$708 279 489
Әлемдік премьера:
26 маусым 2014
Қазақстандағы премьера:
17 шілде 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
130 минут
Суреттеме:

Генетикалық жетілдірілген маймылдардың саны арта түсті. Цезарь басқаратын мекиендерге адамдардан әлі де қауіп бар. Адамдар мен маймылдар арасындағы бейбітшілік келісімі ұзаққа бармайды. Екі топтың бірінде ғана болашаққа орын бар.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.6(396566)
  • Кинопоиск: 7.033(85465)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Маймылдар ғаламшары" алғашқы фильммен тоқтап қалса, оған деген төмендеу бағам сол күйінде қала берер еді. Енді ше, өткен ғасырдың 70-ші жылдарында баяндалған тақырыпты жалғастырып, дәлірек айтқанда - оған дейінгі оқиғаны көрсетті, біздің ғаламшардың мекиендердің әлеміне айналуына қатысты себептердің бәрі түсіріндірілді. "Маймылдар ғаламшарының көтерілісі" соны ғана жеткізгендей болды және әрі қарай тақырыпты өрбіту логикалық тұрғыдан тиімсіз еді, әрі бір нәрсені созғылап бірнеше фильм бойы қаузай беру де көрерменнің жүйкесіне тиер еді. Менің сиквелге қатысты ойым осылай болатын. Бірақ...

    Сценаристтер бұл жерде де күтпеген бұрылыс жасап, ұтымды сюжет құрастыра алыпты. Оқиға тек көтеріліспен бітпегенін, адамдар мен маймылдар қауымы арасындағы әрі қарай шиеленіс тамаша жеткізілген. Өркениеттен айрылмау үшін барын салған адамдар мен орманды өз үйіне айналдырып, өз тағдырларының эволюциясын қарапайым ғана алғашқы қауымдық құрылыстан бастаған Цезарь төңірегіндегі маймылдардың құндылықтар тұрғысынан бір-бірінен айырмашылығын көреміз. Дұрысы - айырмасы азғантай екенін ұғамыз. Аналар да өмір сүргісі келеді, мыналар да. Алайда, бауырласып, параллель тіршілік етуге жол жоқ. Себебі, екі жақ та бір-біріне сенбейді, ешкім де бейбітшіліктің жалғасатынына кепілдік бермейді.

    Бұл жерде бар мәселе бір нәрсеге келіп тірелетін тәрізді. Ол - сенім. Ал сенім үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өкінішке орай, жауапкершілікті сезінер адам/маймыл иесі жоқтың қасы.

    "Маймылдар ғаламшарының таңы" жай ғана фантастикалық боевик десеңіз - қатты қателесесіз. Бұл біздің қоғамның айнасы, біздің ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық құрылысымыз бен өркениет философиясымыздың миниатюралы үлгісі. Ізгі ниетті көшбасшы, сенімді серіктер мен одақтастар мінсіз қоғам жасаудың кепілі бола алмайды, өйткені бәрібір сенің жолыңды теріске шығарып беретін жексұрын табылады, көпшіліктің бірігуі арқасында әупірімдеп қол жеткізген бейбіт те жайлы заманды аздық еткен бүлдіргі бәрібір шығады.

    Фильмнің апокалипсистен кейінгі атмосферасы керемет берілген. Жоғары технологияларға сүйенген тамаша графика мен арнайы эффектілер картинаны толымды қабылдауға өзінше бір үлкен үлес қоса түсетін тәрізді. 

    Финалы да әлі де айтарым бар дегендей әсер қалдырды. Ендеше күтейік.