• Біздің парақшалар:
  • Галактика сақшылары

    Стражи Галактики

    Guardians of the Galaxy

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Джеймс Ганн
Басты рөлдерде:
Брэдли Купер , Бенисио Дель Торо , Зои Салдана , Крис Пратт , Кристофер Фэйрбэнк , Вин Дизель , Дэйв Батиста , Джон Си Райли , Карен Гиллан , Джимон Хонсу , Ли Пейс , Майкл Рукер , Гленн Клоуз , Питер Серафинович , Лора Хэддок , Шон Ганн
Сценарий:
Джеймс Ганн , Дэн Абнетт
Продюсер:
Стэн Ли , Виктория Алонсо , Кевин Файги
Жанр:
Боевик , Фантастика , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$170 000 000
Әлемдік табысы:
$772 462 030
Қазақстандағы табысы:
〒298 000 000
Әлемдік премьера:
29 шілде 2014
Қазақстандағы премьера:
31 шілде 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
121 минут
Суреттеме:

Саяхатшы Питер Квил жұмбақ артефактқа ие болады. Бұл зат Ғаламды жаулап алуды көздеген Ронан есімді зұлымға тиесілі екен. Питерге бүкіл ғарыш көлемінде іздеу жарияланады.

 

Аман қалудың жалғыз жолы - Ракета есімді жанатпен, адамға ұқсас ағаш Грутпен, аса қауіпті Гаморамен және кек жолында жүрген Дракспен достасу. Енді бүкіл галактиканың тағдыра осы кейіпкерлердің қолында.

Рейтинг:

7,25

  • Дауыс бергендер: 4

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 8.1(951882)
  • Кинопоиск: 7.752(234317)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Марвелдің кезекті комикс экранизациясы 2014 жылдың жазғы блокбастерлер үздігінде көш бастауға әбден лайықты.

    Сюжеттің өрбуі бас қатырар шытырмансыз, бәрі ап-анық. Әзілдер өте көп, бірақ бұл фильмнің жалпы мазмұнына ешбір зиянын тигізбейді. Керісінше, әлгі біртүрлі кейіпкерлердің шынайы, адами бола түсуіне үлес қоса түседі.

    Бәрінен бұрын таңғалдырғаны - Роккет есімді жанат болды. Оның неге екі аяқпен жүріп, адамша сөйлейтініне де сылтау айтылып, себебі айқындалды. Харизмасы мен орынды әзілдері "Фильмнің басты комигі" атағына бірінші лайықты екеніне дәлел бола алады.

    Біртүрлі кейіпкерлер хит-парадын адамға ұқсас тірі ағаш жалғастырады. Ол тек үш сөз айта алады: "Менің атым Грут". Оны дыбыстаған - Вин Дизель. Енді мына қызықты қараңыз: Вин Дизель Грутты әлемнің жеті тілінде дыбыстапты, соның ішінде орыс тілі де бар. Олардың қатарында қазақ тілі болмағаны өкінтті, әйтпесе оның "Менің атым Грут" деген дауысын есту өте қызық болар еді.

    Бұлардан бөлек, түрі адам демесеңіз - тері түстері мен көз қарашықтары сан алуан саналы тіршілік иелерін көресіз. Егер бұлардың бәрі "Неліктен бұлай?" деген сұрақ туғызбаса, фильм сізге де ұнауы тиіс.

    Қазақша дубляждалу сапасы жаман емес. Әсіресе әзілдердің аудармасына көбірек көңіл бөлінген тәрізді. Залдың оң реакциясын сәт сайынғы қыран-топан күлкіден байқауға болады. Осыған дейін аударылған фильмдер арқылы үйреншікті бола бастаған таныс дауыстарды естімедік. Үнемі қайталана бермей, жаңа дауыстардың болғаны жақсы да ғой. Қазақтың кейбір сөз тіркестері мен мақалдарын сәтті енгізіп жібергендері ұнады.

    Ешбір артық ойсыз, тек интертайнмент мақсатта киноға бара қалсаңыз - "Галактика сақшылары" (мүмкіндік болса - қазақшасына) 2 сағат уақытыңыздың қызықты өтуіне себепші болады деп ойлаймын.