• Біздің парақшалар:
  • Лабиринтте жүгіруші

    Бегущий в лабиринте

    The Maze Runner

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Уэс Болл
Басты рөлдерде:
Кая Скоделарио , Дилан О’Брайен , Амл Амин , Уилл Поултер , Ли Ги-хон , Блейк Купер , Томас Сэнгстер , Декстер Дарден , Крис Шеффилд , Джо Адлер , Патришия Кларксон , Джейкоб Латимор
Сценарий:
Ной Оппенхайм , Грант Пирс Майерс , Джеймс Дашнер , Т.С. Наулин
Продюсер:
Вик Годфри , Марти Бауэн , Эллен Голдсмит-Вейн
Жанр:
Триллер , Детектив , Боевик , Фантастика
Бюджет:
$34 000 000
Әлемдік табысы:
$340 750 640
Қазақстандағы табысы:
〒5 902 000
Әлемдік премьера:
11 қыркүйек 2014
Қазақстандағы премьера:
18 қыркүйек 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
113 минут
Суреттеме:

Томас есімді жасөспірім лифтте есін жияды. Ол өз атынан басқа ештеңені білмейтінін түсінеді. Оны қамауда отырған 60 жасөспірімнің арасына қосады. Әр 30 күн сайын жаңа бала қосылады. Бұндағы адамдар екі жылдан бері осы жерде тұрады. Олар күнде лабиринттен шығаратын жолды іздейді.

Рейтинг:

7,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.8(393242)
  • Кинопоиск: 6.8(128071)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Кәдімгі орманды-далаға ұқсайтын Глейд мекені үлкен дуалдармен қоршалған, ал ішінде - дерексіз ересек балалар. Бұл - Джеймс Дашнердің бест-селлері. 

    Ешбір жасөспірім қалай, не үшін онда келгендерін білмейді. Тек аттарын ғана біледі, ал кім екендері естерінде жоқ. Шығудың жалғыз тәсілі -  күніне бір рет қана ашылатын лабиринтті соңына дейін жүріп өту. 

    Спорттқа бейімірек Глейдтіктер "Жүгірушілер" қатарына енеді. Олардың жұмысы - лабиринттен шығар жолды іздеп табу. Бірақ екі кедергі бар:

    1. Лабиринт түн сайын пішімін ауыстырады, кешегі жол - бүгін басқаша.
    2. Түнде Гривердер - механикалық хайуандар - аңшылыққа шығады. 

    30 күн сайын Глейдтіктер қатары толығып отырады: біртүрлі жылдамсаты (лифт) арқылы адам және керек-жарақ жіберіліп отырады. Бір күні Глейд еліне Томас есімді бозбала жіберіледі. Құрты жыбырлап, тыныш отыра алмайтын бала, көп ұзамай Жүгіруші болады. Ғажайып пайда болып, бір күні Томас пен жолдасы Минһо екеуі лабиринтте қалып қойып, таң атқанда аман-есен оралады. Дәл сол күні жылдамсатымен Глейдке соңғы тұрғын жіберіледі, ол - алғашқы қыз - Тереза. Өзімен бірге оғаш жазба әкеледі. 

    "Лабиринтте жүгіруші" суретшісі (Марк Фисичелла) және сазгері (Джон Пэзано) арқасында жоғары баға алуда. Фильм жақсы-ау, алайда Гриверлерге тым аз уақыт бөлінген сияқты. 

    Екінші пландағы актерлер тым белсенді емес, осылайша негізге кейіпкерлерге көбірек назар бөлінген. Уилл Полтер Галлидің - "почти- native" Глейдтік - рөлін сомдаған. Оның келгеніне үш жылдай болып қалған. Галлидің көздегені - лабиринттен шығар жол тапқанша, Глейдтің статус-квосын сақтау. Полтер "Біз - Миллерлерміз" фильмінде ақымақтың рөлін сомдаған болса, бұл фильмде барлығы қарама-қарсы. 

    Әйтседе, арнайы эффектілер мен айналаның оғаштығы үлкен интрига туғызады. Қыз-жігіттердің қалай келгенін білеміз, бірақ "неге" екені фильмнің соңына дейын құпия сақталады. 

    Фильм "Аштық ойындарын" еске түсіруі мүмкін. Бірақ мұнда барлығы басқаша. 

    Алда бізді екі сиквел күтіп тұр. Тек сонда ғана барлық құпиялар жауаптарын табады. 

    Жалпы, фильм ұнады. Артық не орынсыз сәттер жоқ. Қалжыңдар түсінікті. 

    Бағам:

    • Арнайы эффектілер 7.0/10
    • Актерлер 7.5/10
    • Саундтрек 6.5/10
    • Гривер 7.0/10
    • Жалпы 7.0/10