• Біздің парақшалар:
  • Оңтайлы сәт

    Сейчас самое время

    Now Is Good

Жыл:
2012
Ел:
Ұлыбритания
Режиссер:
Ол Паркер
Басты рөлдерде:
Дакота Фаннинг , Джереми Ирвин , Пэдди Консидайн , Оливия Уильямс , Кая Скоделарио , Роуз Лесли , Джо Коул , Джулия Форд , Сара Хэдлэнд , Патрик Балади , Франц Драмех , Джулиан Уэдэм
Сценарий:
Ол Паркер , Дженни Даунхэм
Продюсер:
Грэм Бродбент , Сара Харви
Жанр:
Мелодрама
Әлемдік премьера:
31 тамыз 2012
Қазақстандағы премьера:
13 желтоқсан 2012
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
103 минут
Суреттеме:

Тесса он жеті жаста, ол өзгелер сияқты қалыпты өмір сүргісі келеді. Барлық жасөспірімдер секілді ол да армандайды. Бірақ оған берілген уақыт шектеулі. Тесса өмірінің бір минутын босқа өткізбеу үшін, қалған уақытының бәрін есеппен жұмсауға бел байлайды.

 

Қыз міндетті істер тізімін жасайды: қыздығынан айырылу, есірткінің дәмін татып көру, парашютпен секіру, біреуге ғашық болу. Ол өзінің міндеттерін кезеңімен іске асырады. Бірақ көрші Адам деген жігітке деген оянған сезімі бар жоспарды өзгертіп жібереді.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.1(31806)
  • Кинопоиск: 7.52(34841)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бұл фильмнің басты тақырыбы - адалдық секілді. Ата-анаңның адалдығы, жақын достарыңның адалдығы - бәрі сайып келгенде сенің кім екеніңді, қандай екеніңді айқындай түседі.

    Сюжетте шектеулі өмірі қалған жас қыз (Дакота Фаннинг) туралы баяндалады. Ракқа шалдыққан қыз о дүниеге кетпес бұрын есте қаларлық өзі істеуі тиіс әрекеттердің тізімін жасайды. Оның бәрі орындалды ма, ол маңызды емес. Бас кейіпкер үшін маңыздысы - жай ғана рактан өлген бейшара қыз ретінде емес, өзгелер секілді қалыпты өмір сүрген, өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көрген қарапайым қыз ретінде көпшіліктен есінде қалу еді.

    Қыздың қалауы осы еді.  Ең бастысы - біреуге ғашық болып өтуді қалайды. Қуанышқа орай, кездейсоқ танысқан жігіті (Джереми Ирвин) қыздың ең басты арманын іске асыра алды.

    Картинаның сюжеті бастапқыда созылыңқы, бірсарынды болып көрінгенімен, аяғына дейін экран алдында ұстай алатын бір тартымдылығы бар. Фильм барысында әкенің перзентіне деген шексіз махаббатын көрдік, жақындап қалған ажалға қарсы өзінің шарасыздығына налып, "мені өзіңмен алып кетші, қызым" деп егілген әкенің эпизодын көзге жас алмай қарау мүмкін емес.

    Әкенің қарсылығына көнбей, сүйгенімен соңына дейін жанында болған жігіттің де күйзелісін байқамау мүмкін емес. Бұлардың барлығы көрерменді өздерін кейіпкерлердің орнына қойып көруге, сол бір ауыр кадрларды барынша жақын түсінуге себепші болды деп ойлаймын.

    Бақытты болу үшін көп нәрсенің де керегі шамалы-ау?! Фильм осыны ұқтырғандай болды.