• Біздің парақшалар:
  • 13

Жыл:
2010
Ел:
АҚШ
Слоган:
"You lose. You die"
Режиссер:
Гела Баблуани
Басты рөлдерде:
Джейсон Стэтхэм , Микки Рурк , Сэм Райли , Рэй Уинстон , Майкл Шеннон , Александр Скарсгард , Кертис Джексон , Дэвид Зайас , Элис Баррет , Габи Хоффманн
Сценарий:
Гела Баблуани
Продюсер:
Валерио Морабито , Джанетт Бюрлинг , Рик Шварц
Жанр:
Драма , Триллер
Әлемдік премьера:
13 наурыз 2010
Қазақстандағы премьера:
21 қыркүйек 2010
Ұзақтығы:
93 минут
Суреттеме:

Винс есімді жас жігіт тез баюдың тәсілін біліп қалады. Ойланбастан аса қауіпті ойын - орыс рулеткасына кіреді. Жасырын тотализатор, биліктің, ақша мен зорлық-зомбылықтың әлемі, бұнда адамдар бір-бірін өлтіреді. Бұл ойында Винске "бақытты" он үшінші номер түседі. Оның револьверінің шүріппесі қайырылулы. Әр атқан сайын аман қалу мүмкіндігі азая береді, бірақ өмір де тәтті көріне түседі... Бірібір сен бірінші болып өлтіргеніңмен тірі қалатыныңа кепілдік жоқ.

Рейтинг:

5,333

  • Дауыс бергендер: 3

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.1(38799)
  • Кинопоиск: 6.828(50232)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • 13 – сәтті сан ба?

    13. Осы сан жазылған қара жейде үстіне киілісімен оның өмірі күрт өзгереді. Бұған дейін кім болғаның, бұдан кім болып қалатының – ешкімді де толғандырмайды. Тек айтқандарын істе, сонда ғана құтылуға жол бар.

    Бір күнде миллионер атанудың ең төте жолы – осы. Кездейсоқ өлімтікке айналдыратын да – осы жол. Бағыңның жануына байланысты бәрі.

     

    Фильмнің адам психологиясына беретін әсері өте мол. Режиссерлік тапқырлық пен актерлердің шеберлігі өз дегенін істетері сөзсіз. Триллерді ұнататын киномандардың көңілінен шығатынына сенімдімін.

     

    Кинода ойнаған жұлдыздар легі де фильмді ақтарлықтай әр бере түскен. Жалпы айтарым, атыс-шабыс, ұрлау-зорлау, алдау-арбау, шытырман оқиға күтпеңдер. Бәрі көз алдыңда, өзіңнің өміріңнен де түсінікті ретпен өрбиді.  Сәйкесінше, аяныш, күйіну, қорқыныш сезімдері бойды билейді.

     

    Жұлдызды актерлердің құрамы да фильмнің сапасына оң ықпалын бере түскендей. Фильмнен Джейсон Стэтхэм, Микки Рурк, Сэм Райли, Рэй Уинстоун, 50 cent секілді танымал актерлердің өнерін тамашалай аласыздар.

     

    13 – сәтті сан ба, әлде керісінше ме? Оны осы киноны көргеннен кейін пайымдаңыздар!

    Ернар Бекенов