• Біздің парақшалар:
  • 6 қаһарман

    Город героев

    Big Hero 6

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Дон Холл , Крис Уильямс
Басты рөлдерде:
Алан Тьюдик , Дженезис Родригез , Джеймс Кромуэлл , Джейми Чунг , Майя Рудольф , Дэниэл Хенни , ТиДжей Миллер , Чарльз Адлер , Кіші Дэймон Уайанс , Кэти Лоус , Райан Поттер
Сценарий:
Дон Холл , Джордан Робертс , Роберт Л. Бейрд
Продюсер:
Джон Лассетер , Рой Конли
Жанр:
Комедия , Отбасылық , Боевик , Фантастика , Мультфильм
Бюджет:
$165 000 000
Әлемдік табысы:
$428 283 000
Қазақстандағы табысы:
〒230 302 081
Әлемдік премьера:
23 қазан 2014
Қазақстандағы премьера:
25 қазан 2014
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
105 минут
Суреттеме:

Хиро Хамада есімді жасөспірім роботтар құрастырудың шебері. Ағасы Тадашимен бірігіп, Сан-Францисконың техникалық университетінде ең озық идеяларды іске асырады. Бірқатар құпияға толы оқиғалардан кейін олар әлдемкімдердің қастандығына тап болады. Сол кезде Хиро Бэймакс деген көңілді әрі мейірімді роботты соғысатын етіп қайта бағдарламайды.

Рейтинг:

8,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.8(340572)
  • Кинопоиск: 7.929(99967)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • "Big Hero 6" деген комикстің бұрын барын білмеппін, ұятыма орай. Сол бойынша Marvel мен Disney бірігіп анимациялық туынды жасайтынынан да соңғы күндерге дейін хабарсыз болып шықтым. Бұл үшін де ұялуым керек.

    Жапон мен Америка мәдениеті әдемі үйлесім тапқан футуристік мультфильмде бәрі бар: әдемі де бояуы қанық сурет, әдемі музыка мен дыбыс, қарапайымдау болса да жақсы құрылған сюжет. Балалардың түсініп әрі қызыға қарауы үшін басқа не керек? Балалар тұрмақ ересектерді де елітіп әкетерлік сиқыры бар бұның.

    Кейіпкерлердің мінез-қылықтарын ашып көрсетуге ерекше көңіл бөлінген. Әрқайсысы қайталанбас өзіндік сипатқа ие. Туындыдағы әр кейіпкерге тағы бөлек бір-бір спин-оффтан жасап шығуға болады. Тіпті екінші дәрежелі кейіпкерлерге де.

    Бұны мультипликациядағы суперқаһармандардың жаңа да бөлек дәуірі деп атау керек шығар. Өйткені, бұлар экранға осыған дейін әлі шығып көрмеген дебютанттар. Сол себепті "6 қаһарман" әлемі болашақта кеңейтіліп, телевизиялық және басқа да көркем форматтарда дамытылып жатса таң қалмаңыз. 

    Бэймакс - мультфильм сюжетінің өзегі және ең маңызды кейіпкері. Осы мейірімді робот арқылы барлық дерлік юморлық және драмалық сәттер мен оқиғаның шарықтау шегі баяндалған. Бэймакс арқылы көрермен өзіне қажетті құндылықтарды түйеді.

    Сіздерді білмедім, ал мен жалғасын көргім келеді. 

  • Марвелден кейін жақсы көретін екінші дүнием ол - Дисней. Диснейдің әр мультфильмін жақсы көрем. Олар сондай әдемі әрі балаға тәрбиелік мәні бар жақсы өнім ұсына алады. "Город героев" / "Ержүректер қаласы" - мультфильміде Диснейдің кезекті шедеврі екеніне сеніп бардым, рас өзім ойлағандай болды. Мына бір шардан жасалған ыңғайсыз, томпақ сүйкімдіні екі ініммен бірге өзімде жақсы көріп кетем деп кім ойлаған? Танысып қойыңыздар, оның есімі - БэймаксСанфранциско қаласында 14 жасар роботтар құрау мен оларды төбелестіру ойынында алдына жан салмайтын Хироағасы мен әпкесімен бірге өмір сүреді. Аяқ асты жағдай болып ағасы Тадашиденайырылып қалған бала бұл әлемде өзін жалғыз қалғандай болады. Алайда, оған ағасы жасап берген адам денсаулығын күтуге жасалған арнайы роботы Бэймакс серік болады. Ол ағасының кездейсоқта қайтыс болғанын білмей, кек алу жоспарын құрып достарымен бірге"Ержүректілер алтылығы" деген суперқаһармандардан топ құрады...

    Мультфильмде атыс-шабыс төбелеске құрылғанымен мультфильмде баланы жақсылыққа, достыққа, бір нәрсені білуге, мейірімділікке үйрететін тұстары өте көп. Мультфильм мейірімге толы. Бэймакстың адамға көрсеткен мейірімділігі мен қамқорлығынан өзіңде сондай бір Бэймакс иеленгің кеп кетеді. Балаларды апаруға тұрарлық жақсы туынды. Өзім екі інімді апарып ем, екеуі сондай риза боп шықты. Үйге бара сала екеуі Бэймакс жасап шығу жоспарын құрып шықты :). Берер бағам 10/10. Қуана бірнеше рет көруге дайынмын.