• Біздің парақшалар:
  • Қаһар

    Ярость

    Fury

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ , Қытай , Ұлыбритания
Слоган:
"War never ends quietly"
Режиссер:
Дэвид Эйр
Басты рөлдерде:
Брэд Питт , Джейсон Айзекс , Шайа ЛаБаф , Майкл Пенья , Скотт Иствуд , Джон Бернтал , Логан Лерман , Завьер Сэмюэл , Джим Пэррак , Брэд Уильям Хенке , Кевин Вэнс , Алисия фон Риттберг , Анамария Маринка , Дэниэл Беттс
Сценарий:
Дэвид Эйр
Продюсер:
Дэвид Эйр , Билл Блок , Джон Лешер
Жанр:
Драма , Боевик , Әскери
Бюджет:
$68 000 000
Әлемдік табысы:
$182 035 224
Қазақстандағы табысы:
〒94 000 000
Әлемдік премьера:
15 қазан 2014
Қазақстандағы премьера:
30 қазан 2014
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
134 минут
Суреттеме:

1945 жылдың сәуірі. Неміс фашистерінің жеңілуіне аз қалды. Бірақ бұл әлі жеңіс дегенді білдірмейді. Әлі талай адамның жаны құрбан болады, талай қантөгіске толы күндер өтеді. 

 

"Қаһар" деген аты бар танк экипажының мақсаты бір - соғыстан аман шығып, елге оралу. Көпті көрген командирдің бастауымен оларды тағы бір үлкен миссия күтіп тұр.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.6(382602)
  • Кинопоиск: 7.357(96961)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеңін суреттейтін америкалық фильм көрсең - 4 жылдық қантөгіс әдемі, эффектілі, тіпті көңілді өткендей әсер аласың. Онысы аздай, америкалықтар әлемді фашизмнен азат етуші болып шыға келеді. Бірақ "Қаһар" сәл өзгешелеу.

    Менің ойымша, жаһандық қырғынды барынша шынайы көрсетуге тырысқан Голливудтың сирек фильмдерінің бірі - осы "Қаһар". Бірақ осы арқылы картинаны тарихи дәйегі бар материал деп қарастыруға тағы болмайды. Қатігездік мен шынайылықты үйлестіріп көрсетемін деп тым артық кеткен тұстары да баршылық.

    Техникалық тұрғыдан фильмнің түсірілуі керемет. Арнайы эффектілерсіз "таза" соғыс. Әсіресе танкілердің жекпе-жектері ерекше әсер береді.

    Актерлік құрам да сәтті таңдалған дер едім. Шағын танкіге бес адамнан құралған экипаждың тым көптеу көрінгені болмаса, "соғыс барысында" әрқайсына берілген рөлдің өз маңызы бардай көрінді.

    Америкалық боевик қашан пафоссыз болып еді?! Бұл жолы да жалынды сөздер мен мақтаныш сезімін туғызуы тиіс іс-қимылдар көрініс тапты. Мүмкін мен қателесетін шығармын, бірақ кей сәттерінде Екінші Дүниежүзілік соғыс заманына тән емес, қазіргі заманға сай сөздер мен сөз тіркестері қолданылғандай болды.

    Айтылған артық-кемшіліктерді былай қойып, философиялық сарапсыз көрерменнің көзімен қарасақ "Қаһар" - ерлік пен достықты әдемі көрсете білген кинотуынды.

  • Жалпыда 2- Дүниежүзілік туралы киноларды көп көрмеймін, жүрегім қатты ауыр алғандықтан қарай алмаймын. Мен үшін соғыс туралы кино көру "Сволочи" фильмімен аяқталған болатын. Алайда, америкалықтардың осы соғысқа деген көз қарасы олар түсірген нұсқа қалай болатынын көргім келетін.

    Қаһар / Fury / Ярость - киносы бүгіннен бастап көрсетіледі. Әрбір өзін жігітпін деп санайтын жігітке көруге кеңес беререм. Әсіресе, болмайтын нәрсеге көз жасын сығуға дайын тұратын жігіттерге. Жігіттер жыламайды емес жылайды, бірақ олардың жылайтын себебі басқа...

    "Қаһар" деп аталатын танкке бес адамның тағдыры байлаулы. Шебер қолбасшы бәрін тек алға жетелеп қана қоймай командасының әр мүшесіне үйіне аман қайтуына уаде береді.... Жаудың 300 әскерімен жалғыз қалған бесеуінің күресі жайлы түсірілген фильм. 

    Осы киноға түсу барысында Шайа Лабаф түк жуынбай қойыпты дейді. Шайа Лабаф өзін осы фильм арқылы басқа қырынан таныта білген. Бұрын церкв қызметкері болған ол өзінің жауыздық алдында өзінің адам өлтіруге деген ерекше қасиеті бар екенін ашады. Әр адам атқан сайын көзінен аққан жас пен күнәсін жуу мақсатындағы іс әрекеті адамға әсер етпей қоймайды. 

    Брэд Питт өзін кино саласында әр қырынан танытып үлгерген актер болса да оның нағыз қатыгез бола тұра жүрегіндегі адамшылық бар екенін айқын көрсете алған. Ол кинода өзіне тапсырылған міндетті жақсы атқара алған. Маған әсер еткен жері жас әскерді адам өлтіруге үйретуі. Шынайы соғыста да солай болғанына сенем.

    Джон Бернтал - Шайа Лабафқа қарама-қарсы мінездегі қарапайым әскер.Өмірдегі ішу-жеу мақсаттағы адамдардың ролін жақсы берген. Дегенмен, адам қандай жағдайда адам болып қалудың жақсы үлгісі. 

    Логан Лерман- жас болса да кино әлемінде қиын рольдерді сомдап үлгерген актер. Яростьта нағыз соғысқа келген таза, жауыздықты көрмеген, әлі де бала ролін жақсы сомдаған. Оның алғаш адам өлтіру кезіндегі жан қиналысы ешкімді бей-жай қалдырмайды.

    Кино жайлы қызықты фактілер:

    • Америкалықтардың танкілерінің немістердің танкілерінен әлсіз болғанын анық көрсеткен.
    • Бовингтондық британиялық танктер музейі кино түсірушілерге әлемдегі жалғыз жүріп тұрған немістердің Тигр I танкысын түсірілімге берген
    • Мықты актерлық құрам Брэд Питт, Шайа Лабаф, Логан Лерман, Майкл Пенья, Джон Бернтал
    • Махаббат тақырыбы "Сталинград" киносына қарағанда жақсы романтикалық түрде берілген.
    • Брэд Питт арнайы неміс тілінен сабақ алған.
    • Брэд Питт ұстаған винтовка - немістердің StG 44, Sturmgewehr 44 деп аталатын соғыс кезінде шығарған винтовкасы.
    • Кинодағы танктердің соғысындағы спецэффект жақсы берілген, адам тура сол жерде тұрғандай әсер алады.

    Не үшін бұл фильмді көру қажет деген сұраққа келсек, салыстыру үшін дер ем. Әрі америкалықтардың көз қарасын айқын көру үшін. Әрі қандай жағдай болмасын адамгершілік жоғары тұратындығын әрі адамдардың қаншалықты қатегез бола алатындығына көз жеткізу үшін көруге тұрарлық фильм.