• Біздің парақшалар:
  • Ақымақтың күні

    День дурака

Жыл:
2014
Ел:
Ресей
Слоган:
"Мы отыграемся по полной"
Режиссер:
Александр Баранов
Басты рөлдерде:
Игорь Кистол , Светлана Чуйкина , Александр Лыков , Алексей Весёлкин , Антонина Дивина , Александр Воробьев , Сергей Удовик , Сергей Беляев , Антон Васильев , Дмитрий Белоцерковский
Сценарий:
Александр Баранов , Аркадий Казанцев , Сюзанна Муазен
Продюсер:
Тимур Бекмамбетов , Сюзанна Муазен
Жанр:
Комедия , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$2 000 000
Қазақстандағы табысы:
〒17 226 900
Әлемдік премьера:
13 қараша 2014
Қазақстандағы премьера:
13 қараша 2014
Жас шектеуі:
-
Ұзақтығы:
90 минут
Суреттеме:

Ванька қымбат қонақүйде жұмыс істейді. Алайда өзі кредитке алған машинада түнеп жүр. Ол аздай қарызын қайтармақ болған Сергей Сергеевич тап болады. Ванька жазадан құтылу үшін, өзін бай фермердің баласымын деп атап, ауылға аттанады. Жолшыбай олар апатқа ұшырап, шағын қалаға тап болады. Қала билігі екеуін тергеу комитетінің өкілдері деп ойлап қалады. Енді кешегі жарлы жігітті керемет сый-құрмет пен әкімнің қызы күтіп тұр...

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 4.6(71)
  • Кинопоиск: 4.323(4132)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Мектепте оқыған Н.Гогольдың "Ревизор" деген шығармасы есімде ерекше қалыпты. Тексеруші боп келіп елдің бәрін ақымақ жасаған адамның оқиғасы неге екенін есімде жақсы сақталыпты. Кеше осы оқиғаны қазіргі заман көзімен, әрі киносын көріп қуанып қалдым.

    Бекмамбетов ұсынған "Ақымақтың күні" киносында: банкке көп ақша қарыз болған жігіт кепілдік ретінде әкесінің егістік жерін бермекші болып ауылға жолға шығады. Ауылға өтетін басты көпірдің бұзылып қалғанына байланысты олар жақын маңдағы аудан орталығында қалуға мәжбүр болады. Бар қызық осы кезден басталады....

    Балық басынан шіріп, жемқорлық жайлаған аймақтың "тексеру келді" деген кездегі қызықтары мен адамдардың өз мансабы үшін неге дайын екенін жақсы айқын сипаттай білген. "Тамақтарынан" өтіп кеткендері көп адамдардың "жан қиналысын" тиімді пайдаланып жас жігіттің ісінің немен аяқталатынын көріп, біздің елдегі біраззззз мәселелермен салыстырғыңыз келсе, тіпті өзіңіз көріп жүрген бірақ айта алмаған "құпияңызды" анық көрсеткіңіз келсе, "сол аурудың" біздің елде ғана емес басқа елде де бар екенін сезіну үшін баруға кеңес берем :).

    Тіпті мансаптың қаншалықты дәмді екенін сезініп қана қоймай әйелің мен қызыңды да осы "ұлы мақсат" жолында қалай жақсы пайдалануға болатынынан аздап сабақ алсаңыз да болады.

    Кино өте қызықты, күлкілі, ұқсастықтарды көрген кезде өзіңіздің қалай күлгеніңізді білмей қаласыз, сапалы. Берер бағам 7/10.