• Біздің парақшалар:
  • Келинка Сабина

Жыл:
2014
Ел:
Қазақстан
Слоган:
"SOS"
Режиссер:
Нұртас Адамбай
Басты рөлдерде:
Айнұр Ілиясова , Нұртас Адамбай , Ерлан Қасымжанұлы , Жан Ізбасар , Әлішер Өрікбаев , Есжан Хамидуллин , Тоғжан Таханова
Сценарий:
Нұртас Адамбай
Продюсер:
Нұртас Адамбай
Жанр:
Комедия
Бюджет:
$300 000
Қазақстандағы табысы:
〒109 942 000
Қазақстандағы премьера:
27 қараша 2014
Жас шектеуі:
К - әртүрлi жастағы көрермендерге арналған фильмдер
Ұзақтығы:
103 минут
Суреттеме:

абина - ауқатты отбасыда өскен қаланың ерке қызы. Араб шейхына тұрмысқа шықпақ болған ол Жүгері ауылының малшы жігітіне алданып, ауылға тап болады. Енді оның бар арманы - үйіне қашу.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 7

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.1(27)
  • Кинопоиск: 7.166(1274)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Сәбина келін Қазақстан телекөрермендеріне "7-ші арнадан" көрсетілетін "KZландия" скетчкомы арқылы белгілі. Образдың авторы - Нұртас Адамбаев Сәбинаның әлемін кеңейтіп, үлкен экранға шығаруды мақсат етіпті.

    Көрерменде екі ойлы көзқарас пайда болуы мүмкін. Жоба Қазақстан энтертейнменті үшін жаман құбылыс емес. Типаж жақсылап өңделген, артық-кемшілігі теленұсқада жиналған тәжірибенің арқасында ескерілген. Тіпті әзілдеріне шек-сілеңіз қатып күлуіңіз мүмкін. Бірақ Сәбинамен бұрыннан таныс мен үшін жаңа ештеңе таба алмадым.

    Әзілдері мен оқиғалары "KZландия"-дан сол күйінде дерлік көшіріліп алынып келіпті. Былайша айтқанда - "Келинка Сабина" - Келинка Сабина туралы бүкіл скетчтердің үздік жинағы.

    Тағы бір түсініксіздеу жері - фильмнің режиссері, сценарийшісі, продюсері Нұртас Адамбаев басты рөлді де өзіне қалдырды. Теленұсқада өзі ойнауы енді түсінікті, ал үлкен фильм жасағанда рөлді әйел жынысты басқа әртіске беру керек еді. Әйтпесе келіннің аузының айналасы қырынғаннан қалған сақал-мұрттың ізі ап-анық көрініп тұрды.

    Жеңіл-желпі әзіл мен ойландырмайтын сюжет өз дегенін істетті. Араға 12 сағат салып, фильмдегі детальдарды есіме түсіре алмадым. 

    Нұртас Адамбайдың еліктегіштігін бәріміз білеміз. "Наша Казаша", одан кейінгі "KZландия" - ресейлік "Наша Рашаны" басшылыққа алып жасалған дүниелер. "Наша Раша" авторлары да кезінде Джамшут пен Равшан туралы бөлек фильм шығарды ("Наша Russia: Яйца судьбы"). Бірақ онда скечтердегі оқиғалар қайталанған жоқ, бөлек сюжеттік желісі болды. Өкінішке орай, "Келина Сабинадан" ондайды байқай алмадым.

    Бір ұнаған жері - Сабина өзінің басынан өткен оқиғаны Форрест Гамп стилінде баяндауы болды. Еліктеу ме, әлде әзілдеу ме - білмедім, бірақ жаман амал емес сияқты көрінді. Бірде шынайы өмірмен үйлесетін, бірде тіптен ақылға сыймайтын әзілдері бар жеңіл комедия. Десек те оның да өз айтар моралі бар. Қандай мораль екенін фильмнен көре жатарсыз.

  • "Келинка Сабина" киносын көруге барған кезде бар артық ойларыңызды қалтаға салып қойыңыз, иа иа 7- арнадан сіз көріп жүрген бағдарламадағы таныс бейне болса да басқаша оймен барыңыз. Кино күлкілі, бір жағы тәрбиелік мәні бар...

    "Таңдаған тазға жолығады" деп арабтың шейхтарын армандаған Сәбина аяқ асты Жүгері ауылының келіні боп шыға келеді. Бұндай жағдайды күтпеген "келін" тек бұл ауылдан қашып кету жоспарын құрады. Интернеттен, шетелдік кинолардан көріп алғанын (Нұртастың еліктеушілігі қатты байқалады) ол өз тәжірбиесінде өткізеді. Бірақ, күндер өте оған ауыл өмірі ұнай бастайды, әрі өзінің келіндік міндетін жақсы атқара бастайды...

    Кино өте қызықты, әсіресе қала қыздарына кәдімгідей ой салған сияқты. Тіпті қалалық боп кеткен қыздарғада. Бізде қалыптасып қалған кейбір стреотиптерге басқаша көз қараспен қарауға мүмкіндік береді. Мысалы, қазақта "кіммен қарайсаң сомен ағар" деген мақалдың мәнін жақсы көрсеткен. Өмір сені бағытыңнан өзгертсе сен сол бағытта өз бақытыңды табуға міндеттісің дегендей. Әрине, тіл тақырыбы жақсы көтерліген, бірақ өзі таза қазақша сөйлей алмайтын Нұртастың бұл ісінде адамдарды кері итермелейтін ой қалыптасады. Дегенмен, комедияның аты комедия. Сондықтан тек күліп, көңіл күй көтеріп қайтуға болатын кино.