• Біздің парақшалар:
  • Хоббит: Бес әскердің шайқасы

    Хоббит: Битва пяти воинств

    The Hobbit: The Battle of the Five Armies

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ , Жаңа Зеландия
Режиссер:
Питер Джексон
Басты рөлдерде:
Хьюго Уивинг , Кристофер Ли , Мартин Фриман , Иэн МакКеллен , Ричард Армитедж , Джеймс Несбитт , Кен Стотт , Кейт Бланшетт , Иэн Холм , Бенедикт Камбербэтч , Орландо Блум , Люк Эванс , Грэм МакТавиш , Дин О’Горман , Эйдан Тернер , Джед Брофи , Стивен Фрай , Уильям Кирчер , Стивен Хантер , Джон Коллен , Питер Хэмблтон , Эванджелин Лилли , Билли Коннолли , Ли Пейс
Сценарий:
Питер Джексон , Фрэнсис Уолш , Филиппа Бойенс
Продюсер:
Питер Джексон , Фрэнсис Уолш , Филиппа Бойенс , Кэролинн Каннингэм
Жанр:
Фэнтези , Қызық оқиғалы
Әлемдік премьера:
1 желтоқсан 2014
Қазақстандағы премьера:
11 желтоқсан 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
144 минут
Суреттеме:

Он үш гноммен бірге Жалғыз тауға аттанған Бильбо Бэгинстің негізгі міндеті - қазынаны табу ғана еді. Бірақ гномдардың патшалығын айдаһар Смаугтан тартып алу оңайға түспейді. Оның үстіне Торин патшаға дер кезінде көмек қолын созған адамдар мен эльфтар өз үлестерін талап етті. Ол аздай - жер астынан зұлымдықтың елшілеріндей орктар пайда болады. Енді бәрін Жалғыз таудың түбінде бес әскердің шайқасы күтіп тұр.

Рейтинг:

9,333

  • Дауыс бергендер: 3
  • IMDb: 7.4(447380)
  • Кинопоиск: 7.768(162852)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Хоббит: Бес әскердің шайқасын көріп келгеннен кейін, сіз енді ешқашан бұрынғыдай болмайсыз! (с) Мен

    Хоббит: Бес әскердің шайқасын көріп болғаныма 2-3 сағат болса да, әлі де құлағымда кинодағы айтылған диалогтар кетер емес:

    - Уәде мен абырой алтыннан да қымбат!

    - Егер барлығы өз үйін алтыннан да жоғары қойса... әлем жақсара түсетін еді. (c) Торин

    Әр адамға кино әр түрлі ой салатын шығар. Мен үшін киноның басты тақырыбы-Махаббат!

    • Туған жерге деген махаббат
    • Әкенің балаларына деген махаббат
    • Эльф пен Гномның арасындағы махаббат
    • Достардың арасындағы махаббат
    • Бауырына деген махаббат

    Осы махаббаттың барлығын Хоббит: Бес әскердің шайқасынан көруге болады. Тауриэльдің гномға дегені махаббаты, ұнатан жанының өліп бара жатып оған деген қимас сезімі көзіңе еріксіз жас келтіреді.

    13 жылға созылған 6 кино. Бүгін міне соның соңғы нүктесі қойылды.

    Питер Джексонға үлкен алғыс. Нағыз ертегі әлемін құрастырып, сонда жетелеп алып кетті. Әлі де көз алдымнан тамаша ертегі әлемі кетер емес.

    Кино біткеннен кейін бүкіл зал орнынан тұрып, қол шапалақтағаны бүкіл Хоббитті түсіруге ат салысқан мамандардың еңбегіне баға беруі деп білдім.

    Менің киноға берер бағам: 10/10

    Мен үшін биылғы жылдың 3 үздік киносы:

    1. Хоббит: Бес әскердің шайқасы
    2. Интерстеллар
    3. Галактика сақшылары
  • Осылай Бэггиснтің соңғы хикаясын да ақтадық

     

    Аталмыш фильм Толкиен шығармасының бір бөлігі болып табылғандықтан және де оның туындыларын өте ұнататын болғандықтан бұл фильмді бір жыл бойы күттім. Қуанышыма орай, күткенім бекер болмапты. Питер Джексон тағы да жарады. Аса шеберлікпен фильмді өз деңгейінде түсірді деп толыққанды айтуға болады.

     

    Алдыңғы Хоббитті тура бір жыл бұрын тамашалған едім. Кейбір кейіпкерлердің есімдері есімнен шығып кетсе керек, фильмнің басында біраз еске түсіруге тура келді. Дегенімен, бұл фильмнің шырқын мүлде бұзған жоқ. Тіпті, Толкиеннің туындыларымен мүлде таныс емес адамдар да өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, осыған дейін болған оқиғаларын міндетті түрде тамашалайтынын айтып жатты.

     

    Киноны кеше тамашалаған болсам да, онда болған бар оқиғалар әлі де көз алдымнан кетер емес. Фэнтези жанрына сай қоршаған орта бірден баурап, табиғаттың сұлулығын тамаша жеткізе білді десем, қателеспеспін. Оған қазіргі заманғы талаптарға сай компьюермен әрленген арнайы эффектілерді қосыңыз. Фильмнің сюжеті де мағыналы, достық пен сүйіспеншілікке үйретеді. Әсіресе, Бильбоның тапал хоббит болғанына қарамастан аса ержүрек, адалдығы көзге түседі. Ториннің де қазына деп басын жоғалта жаздағаны қазіргі заманғы байлыққұмар адамдарды бірден есіңа алғызады.

     

    Питер Джексон мен Толкиенге аталған туындылары үшін мың алғыс! Кинотеатрға баратын болсаңыз міндетті түрде көруге ұсынамын. Менің бағам - 9/10.