• Біздің парақшалар:
  • Орманға

    Чем дальше в лес...

    Into the Woods

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Роб Маршалл
Басты рөлдерде:
Джонни Депп , Эмили Блант , Анна Кендрик , Крис Пайн , Мэрил Стрип , Люси Панч , Билли Магнуссен , Джеймс Корден , Кристин Барански , Маккензи Мози , Лилла Кроуфорд , Саймон Расселл Бил
Сценарий:
Джеймс Лэпин , Стивен Сондхайм
Продюсер:
Марк Э. Платт , Роб Маршалл , Джон ДеЛюка , Каллум МакДугалл
Жанр:
Комедия , Фэнтези , Отбасылық , Мюзикл
Бюджет:
$50 000 000
Әлемдік табысы:
$164 988 000
Қазақстандағы табысы:
〒24 208 322
Әлемдік премьера:
8 желтоқсан 2014
Қазақстандағы премьера:
25 желтоқсан 2014
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
124 минут
Суреттеме:

Күл-қыз балға баруды армандайды. Мыстанның қарғысына ұшыраған наубайшы мен оның әйелі сәбилі болуды армандайды. Джек сиырының сүт бергенін қалайды, оның анасы бай болуды армандайды. Қызыл Телпекке ормандағы әжесіне апару үшін нан қажет. 

 

Наубайшымен көршілес тұратын мыстан бұрынғы жастық шағы мен сұлулығын қайтарып алғысы келеді. Сол үшін ол наубайшыдан көмек сұрайды. Оған жіберген қарғысын қайтарып алу үшін мыстанға сүт секілді аппақ сиыр, қандай қызыл жадағай, жүгерідей сап-сары бұрым шаш және алтын туфли тауып алып келуі тиіс.

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.9(124988)
  • Кинопоиск: 5.914(29319)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Бұрын "мюзикл" деген нәрсені естігеніммен барып көрмеппін. Жалпы көп өлең айтылатын кинолар мен үшін тек  үнді фильмдерімен астасатын еді...

    "Орманға тереңдей бергенде..." комедиялық-мюзиклы бізге жақсы таныс "Золушка", "Рапунцель", "Қызыл телпек" сияқты бірнеше ертегіні біріктіріп өз ертегілерін көрсеткісі келген қойылым. Әрі біз сеніп өскен ертегілердің басқалай аяқталуы мүмкін ғой деген мен сияқтылардың ойларын қозғаса керек...

    Өз мақсатына жеткісі келген мыстан кемпір балалары жоқ наубайханашы мен жарын орманға жібереді. Орманнан қызыл жамылғы, алтын туфли, сары шаштар, сүттен аппақ сиырдың сүтін алып келіңдер дейді. Барлық ертегілер бақытты аяқталуы керек деген сіздің ұғымыңызды өзгертуі мүмкін.

    Маған ұнағаны:

    • Кинодағы түстердің қанықтығы және әр кейіпкердің бейнесінің анық берілгені.
    • Актерлық құрам. Джони Депп мен Мерил Стрип үшін мюзикл болсада баруға дайынмын.
    • Өлеңдердің оригиналда беріліп астындағы субтитрлармен аудармасы мен сөздерінің үйлесуі ұнады.
    • Жалпы мюзикл дегеннің не екенін енді түсінген сияқтымын. Кино емес театрлық қойылым көріп отырғандай күшті әсер алдым.
    • Екі ханзаданың өмірдің әділетсіздік туралы ән айтатын жерлері қатты ұнады және ең қызықты сәт осы болған сияқты.
    • Айтпақшы, Золушканың өгей шешесі қыздарының аяғына туфлиді қалай кигізіп жібергенін көрсеңіз кәдімгідей таңқаласыз.

    Киноның түсіріліміне берер бағам 9, мағынасына 5 беретін шығарм. Жақсы мюзикл, көруге кеңес берем.