• Біздің парақшалар:
  • Жетінші ұл

    Седьмой сын

    Seventh Son

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ , Канада , Қытай , Ұлыбритания
Режиссер:
Сергей Бодров
Басты рөлдерде:
Оливия Уильямс , Алисия Викандер , Джулианна Мур , Джефф Бриджес , Бен Барнс , Антье Трауэ , Кит Харингтон , Джимон Хонсу , Джейсон Скотт Ли , Дэвид Кабитт
Сценарий:
Стивен Найт , Чарльз Ливитт , Мэтт Гринберг
Продюсер:
Бэзил Иваник , Томас Тулл , Лайонел Уигрэм
Жанр:
Фэнтези , Отбасылық , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$100 000 000
Әлемдік премьера:
17 желтоқсан 2014
Қазақстандағы премьера:
1 қаңтар 2015
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
120 минут
Суреттеме:

Тағдырдың жазуымен жетінші ұлдың жетінші ұлы болып туылған жігіттің хикаясы. Тек осындай адам ғана дуагер бола алады. Бірақ дуагер болу да оңай емес, ол үшін қиын жаттығулардан өтіп, еңбектеніп оқу керек. Өйткені дуагердің басты қаруы - ақыл. 

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.5(67056)
  • Кинопоиск: 5.822(46741)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Сергей Бодров Голливудтағы ең ауқымды жобасын жасаған екен, біз оны премьераға дейін бірнеше күн бұрын көруге мүмкіндік алдық.

    Фильм осыған дейін жарық көрген "Гензель мен Гретель: Мыстан аулаушылар", "47 ронин" секілді ертегілер мен аңыз-әңгімелерде кездесетін құбыжықтармен күресу туралы фильмдерді еске түсірді.

    Актерлік құрамда ірі тұлғалардың (Джулианна Мур, Джефф Бриджес, Оливия Уильямс) болуы фильмнің сәтті шығуын құтқара алмайтын тәрізді. Бұл жерде үлкен минус - тартымдылықтың болмауы.

    Сюжет бастан-ақ немен аяқталатыны көрініп тұратын бірізді өрбуден тұрады. Вампир аулаушылар, мыстан аулаушылар, құбыжық аулаушылар туралы, оқиғасы ортағасырлық Еуропаны еске түсіретін әлемнің фонында өрбитін сан мыңдаған фильмдерден үлкен айырмашылық табу қиын.

    Фильм жасаушылар да белгілі бір философиялық түйін түйіп, көрермендеріне мораль оқуды да мақсат етпеген тәрізді. Бәрі бір демде өте шығатын, төбелесі мен қызық оқиғалары жетерлік жеңіл фильмді ұнататындарды басты аудиториясы деп таңдалғандай әсер берді.

    Бірақ жеңіл киноның бір ұтымды тұсы бар - сюжетте өлім-жітім мен қайғы деңгейіне қарамастан, орынды әзілі мен күлкілі диалогтары міндетті түрде болады. Бодровтың фильмінде ол атымен жоқ. Өзім үшін 1-2 езу тартар сәтін ғана байқаппын.

    Әдемі қойылған төбелесә бар және графикалық бейнесі сапалы жасалған демесеңіз, негізі бір реттік туынды. Попкорн жеуді ұнатсаңыз - бұл сізге арналған.