• Біздің парақшалар:
  • Көш: Құдайлар мен патшалар

    Исход: Цари и боги

    Exodus: Gods and Kings

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ , Ұлыбритания , Испания
Режиссер:
Ридли Скотт
Басты рөлдерде:
Бен Кингсли , Джон Туртурро , Джоэл Эдгертон , Юэн Бремнер , Бен Мендельсон , Аарон Пол , Сигурни Уивер , Кристиан Бэйл , Индира Варма , Мария Вальверде , Хиам Аббасс , Исаак Эндрюс , Тара Фитцджеральд , Голшифте Фарахани , Гасан Масуд
Сценарий:
Стивен Зеллиан , Адам Купер , Билл Колладж , Джефри Кейн
Продюсер:
Питер Чернин , Ридли Скотт , Марк Хаффам , Майкл Шефер
Жанр:
Драма , Боевик , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$140 000 000
Әлемдік табысы:
$103 975 000
Әлемдік премьера:
3 желтоқсан 2014
Қазақстандағы премьера:
1 қаңтар 2015
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
150 минут
Суреттеме:

Мұса пайғамбардың еврей халқын Мысыр құлдығынан аза ету жайындағы хикаясы. 

Рейтинг:

8,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6(152259)
  • Кинопоиск: 6.551(67790)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Ридли Скотт өзінің, Кристиан Бейлдің және Моисейдің беделін пайдаланып, өзімді алдап кеткендей әсерде жүрмін. Бірден айтайын, мұндай тақырыпты алдым екен деп, режиссер қасиетті кітаптың ешбірін көшіруге тиісті емес. Бірақ сондай күрделі тұлғаға деген авторлық көзқарастың болуы шарт. Ридли Скот Мұса пайғамбардың аса таяғын алып, орнына қылыш беріпті. Ал жақсы, ол қолбасшы, батыр, еврейлерді соғыс өнеріне үйретуші екен. Бірақ не үшін күресіп жүр?

    1. Езгідегі ұлтына жаны ашып, құтқару үшін. Осы ракурстан қарайын десең, Моисейдің еврейге емешегі езіліп тұрғаны шамалы, тіпті Құран мен Інжілдегі сияқты, еврей мен египеттік текетіресінде қандасына болыспайды. Оның үстіне кинода еврейлер өте аз көрсетіледі. Онда да көбінде қорлық көруші емес, өсекші, сатқын, тасаланып жиналыс өткізетін қарақшы топ қана. Яғни, көрерменнің еврейлерге жаны ашымайды. Египеттіктерді де жетістіріп жек көре алмайсың, себебі ақымақ Рамзестен өзге мысырлықтардың оңбағандығын байқай қоймайсыз. Ал патша үшін халық жауап бермейді ғой? Яғни, Мұса ұлт үшін күреспеді дейік.

    2. Тегінде, Жаратушы тіл қатқанда, ол ең алдымен Құдайдың алдында басын иетін, сосын барып «Менің қолымнан бұл келер ме екен?» деп күдіктенетін. Сосын Харун пайғамбарды көмекшілікке сұрайтын. Ал мына Моисейге ондай ой кіріп-шықпайды. Скотт бойынша бұл өзіне сенімді адам. Сенімді болатыны сонша, Құдайымен ұрсысады да жатады. Көп сөздерінен ол Құдайға емес, Құдай бұған мұқтаж сияқты әсер қалады. Яғни, ол дін үшін күреспеді дейік.

    3. Кез келген ортанқол сценарист біледі, бас кейіпкердің ұлы мақсаты, өзіндік ұстанымы, күресуге тұрарлық принципі болуы керек. Құдайшыл болмаса, ұлтшыл болмаса, Моисейдің бойында "әйтеуір бір сәуле" болу керек. Мысалы, әділет дейік. Фильмде Мұса «Құдаймен» сөзге келгенде: «Көп адам қасірет шегіп жатыр, мынауыңды тоқтат!» дейді. Бірақ өзі, пайғамбар болып тұрып, батыр болып тұрып, жазықсыз жапа шеккен бірде-бір қарапайым египеттікті құтқармайды, қол ұшын созбайды. Ол әділет үшін де күреспеген екен. Яғни бұл Мұсада кейіпкерге керек ең маңызды нәрсе – әрекетке жетелейтін ішкі мотив жетіспейді. Пайғамбарлықты былай қойып, даналық, адамгерлішік, көркем мінезін көрмедік (Суаттың басындағы қылығы, мысалы). Тілінің мүкістігі жоқ Мұса - іші бос қаудырлақ сияқты... 

    Моисейді сөйткенде, Құдайды сазарып-көгерген қатыгез, сабырсыз баланың бейнесінде бергені мен үшін тіпті жұмбақ. Сөздері Тораға негізделген-ау: еврейге ғана тиесілі, әсіре еврейсүйгіш "бір түрлі" Құдай, әйтеуір. Сосын америкос актерлердің өзін ұстау манерасы жүйкеге тиеді. Рамзесі де, көріпкел әйелі де, қай-қайсысы арзан-құрзан боевиктен шыға алмай қалған. Тілдегі жаргон сияқты, кей адамдардың кей қылықтары тексіздігін білдіріп қояды ғой. Мұнда да көп актерлер «бөтен қой» болып, тарихи фильмге жараспай тұр. Жалғыз Кристиан Бейлдің сүйкімі киноны құтқара алған жоқ.

    Сценарий нашар, рас. Бірақ сценарийді түзейтін де, күзейтін де, өзіне керекті материал шығарғанша сценаристің мойнынан түспей қоятын да – режиссер. Кино сценаристің емес, режиссердің позициясын жеткізу үшін түсіріледі. Ол тұрғыдан алғанда, бұл тіпті көруге тұрмайтын кино. (Бірақ енді қазір кинотеатрда басқа кино да жоқ жөнді) Ридли Скот жылдан жылға жұтаңдап барады. Спец-эффекті тым жақсы дей алмас ем, египеттіктерге жіберген нәубеттерді, олардың күймелерінің құлауын жақсы көрсеткен. Бірақ судың екі жарылғаны мысалы, мен күткендей емес. Әрине, грим, киім-кешек, декорация – керемет. Басқа жетістік көре алмадық.