• Біздің парақшалар:
  • Үлкен көздер

    Большие глаза

    Big Eyes

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Слоган:
"She created it. He sold it. And they bought it"
Режиссер:
Тим Бертон
Басты рөлдерде:
Теренс Стэмп , Кристоф Вальц , Эми Адамс , Дэнни Хьюстон , Джейсон Шварцман , Кристен Риттер , Джон Полито , Элизабетта Фантоне , Джеймс Саито , Гуидо Фурлани
Сценарий:
Скотт Александер , Ларри Карацевски
Продюсер:
Тим Бертон , Линетт Хауэлл , Скотт Александер , Ларри Карацевски
Жанр:
Драма , Өмірбаян
Бюджет:
$10 000 000
Әлемдік табысы:
$29 253 166
Қазақстандағы табысы:
〒5 065 230
Әлемдік премьера:
13 қараша 2014
Қазақстандағы премьера:
15 қаңтар 2015
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
106 минут
Суреттеме:

Маргарет есімді суретші әйел 1950 жылдары көздері ерекше үлкен балалардың портреттерін салумен айналысады. Өз атынан жариялауға ұялған әйел, авторы ретінде күйеуі Уолтер Кинді көрсетіп жүреді. Екеуі танымал бола бастағанда ажырасуға мәжбүр болады. Осы кезде үлкен мәселе туындайды: картиналардың авторын дәлелдеу қиынға соғады. 

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7(79880)
  • Кинопоиск: 7.11(53879)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Тим Бертонның "Үлкен көздерін" көрдім. Сонда бір қызық диалог бар:- Менің картиналарымды миллиондар ұнатады!- Бірақ бұл факт оның өнер екенін білдірмейді.

    Соңғы сөйлем Қайрат Нұртастың әндерін, Еркін Рақышевтің фильмдерін үлкен өнерге теңейтіндерге жауап ретінде айтылуы керек сияқты. Иә, оларды миллиондар тыңдайды/көреді. Бірақ көп көрілу деңгейіне қарап оны өнерге жатқыза беруге болмайды.

    Ал "Үлкен көздерге" келсек. Маған режиссердің өз фильмінің тематикасына сай стиль қолданғаны ұнайды. Мысалы, "Уолтер Миттидің жұмбақ өмірін" алып қарайық. Онда бәрі фотография төңірегінде өрбиді. Сәйкесінше, фильмнен неше түрлі фотографиялық жұмысқа тән әдемі кадрлар көреміз. Бұнда да сол: кинотуынды бейнелеу өнері жайында. Ал фильм түрлі-түсті бояуларға толы. Бір реңді зат кездестірмейсіз, бәрінің өз түсі бар.

    Эми Адамс пен Кристоф Вальцтың ойындары керемет енді. Адамсты мен Дэвид О. Расселлдің "Жауынгер" фильмінен бері көріп жүрмін. Рөлдері қаншалықты саналуан болса, өзі де соншалықты жан-жақтылығымен тәнті етіп жүр. Вальц туралы бірдеңе айтудың өзі артық, ол өзін әлдеқашан дәлелдеген адам.

    Біреуіне шын көңілмен аяныш сезімін білдіріп, екіншісін жек көріп кетесің. Сөйте тұра, Вальц кейіпкерінің кейбір қылықтарына кәдімгідей күлесің.

    Тим Бертонның картинасы өмірде болған оқиғаға негізделген. Бұл факт оның тартымдылығын арттыра түседі.