• Біздің парақшалар:

Джейсон Стэтхэм: "Форсаждың" бір бөлігі болатыныма қуаныштымын

Джейсон Стэтхэм "Форсаж 6" фильмінің соңында көрініп қалған болатын. Ол осы боевиктегі басты зұлым - Оуэн Шоудың (Люк Эванс) бауыры - Йена Шоу кейпінде көрініс тапты. ComingSoon сайтына берген эксклюзив сұхбатында "Форсаж" франшизасына қатысу жоспары туралы ойымен бөлісті.

"Форсаж 6" фильміндегі камеоңыз көрермендерді шабырқандырып жібергенін білесіз бе?

"Рас па? Олардың зығырданы қайнаған шығар?"

Сіздің кадрда 5 секундтқа ғана жарқ етіп көрінуіңіз ду қол шапалақ ұруға себеп болғаны қуантатын шығар?

"Бұл керемет. Бәрі таңғалдық деп жатыр. Шынымен осыған дейін естіген жаңалықтарымның ең үздігі осы болды!"

"Форсаж 7"-де Джеймс Ван екеуіңіз жаңа адам ретінде боласыздар. Сіздердің келулеріңіз арқылы, осы ауқымды да атақты франзшизада қандай өзгерістер болады деп күтілуде?

"Иә, бұл ауыр міндет. Джеймспен кездесуге асығып жүрмін, өйткені осыған дейін екеумізде әңгімелесудің реті болмапты. Бір-екі рет телефонмен сөйлескеніміз ғана бар. Онымен бірге отырып, жаңа бірдеңе ойластыру керек. Жалпы осы франшизаның бір бөлігі болатыныма үлкен қуаныштымын".

Жаңа кейіпіңізге үлгі ретінде Люк Эванстың экрандағы бауыры бейнеңізді пайдаланасыз ба, әлде өзіңіз бөлек зұлымды ойлап табасыз ба?

"Негізі қазір неден бастау керектігін ойластырып жатырмыз. Біреулер сұрап жатады: "Тоқта, сен сонда зұлымды ойнайсың ба? Әлемге қатер төндіріп, бәрін жарып жіберетін жігіт боласың ба?". Жоқ. "Қандай антагонист болмақшысың?". Мен кім болатынымды айтпаймын. Спойлердің қажеті жоқ. Ертең адамдар киноға келіп алып, сенің не істегелі жатқаныңды біліп тұратын болса - оның несі қызық?".

Екі тақырбас - Вин Дизель екеуңіздің төбелесіңізді көруге үміт арта аламыз ба? 

"Оны білу үшін, шыдамдылық сақтап күтуге туралы келеді (күліп). Бірақ бәрі менен соны күтіп отырған сияқты".

"Жанқиярлар 3" фильмінің түсіру кестесімен сәйкеспей қалып жүрмей ме?

"Жоқ, біз бәрін есептеп қойдық. Мен оларға кезекпен түсетін боламын. Ал алдағы жеті аптада жалқаулыққа салынбақпын. Тынығып, ештеңемен айналыспай жатамын. Содан кейін ғана жұмысқа кіріспекпін...".

 

Дереккөз: ComingSoon

Пікірлер