• Біздің парақшалар:

Джек О’Коннелл: «Анджелина Джолидің қолдауы көмектесті»

"Қайсар" фильмінің түсірілу алаңынан

Елімізде 15 қаңтарда премьерасы болған Анджелина Джолидің «Қайсар» драмасы Американың белгілі желаяғы Луи Замперинидің өміріне арналған. Ол 1936 жылы Берлинде Олимпиада ойындарына қатысады. Жарыста жеңіске жетпесе де, келесі ойындарға қатысуы тиіс еді. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, майданға аттануға мәжбүр болады. Оның ұшағы Жапония аумағына құлайды, ал Замперини тұтқынға түсіп, зорлық-зомбылық көреді.

Құрметті оқырман, назарыңызға басты рөлдерді сомдаған Джек О’Коннелл, Гаррет Хедлунд, Финн Уиттрок және Такамаса Исихараның «Кинопоискқа» берген сұхбатын ұсынамыз.

Сұхбат алушы Наталья Хиггинсон сұхбатын сәлемдесуден бастайды. Жігіттер сұрақтарға кезегімен жауап береді.

Гаррет Хедлунд: Финн екеумізге Луи Замперинимен кездесу бұйырды. Ол кісі бізге үлкен көмек көрсетті.

Финн Уиттрок: Ол менің кейіпкерім жайлы біраз нәрсе айтты. Бірін біліп тұрсам да, кейбірін жаңадан білдім. Бұл мен үшін жарықтың жарқылындай болды. Иә, кинода көп нәрсе ойдан шығарылған болуы мүмкін. Бірақ менің кейіпкерімнің соғысқа шынымен қатысқанын сезінгенімде бәрі де өзгерді.

"Қайсар" фильмінің түсірілу алаңынан

Наталья Хиггинсон Джекке сұрақ қояды: Сен үшін түсірілім қалай болды? Меніңше, нағыз сынақ болған сияқты.

Джек О’Коннелл: Иә, дұрыс айтасыз. Дегенмен, Анджелина Джолидің қолдауы мен құрметі қиындықтың бәрін жеңуіме көмектесті. Тіпті, маған қарсыласудың да қажеті болмады. Анджелина мені үнемі қолдап жүрді. Мені Луи деп білді. Ал мен өз кезегімде жұмысқа толығымен берілуге, креативті болуға тырыстым.

Наталья Хиггинсон: Сен шынымен де ашыққан екенсің. Өзің жүгірдің. Түнде суық суға балшығына қарамастан түсіпсің. Осыдан кейін актер болғаныңа өкінбедің бе?

Джек О’Коннелл: Жоқ, жоқ, жоқ! Көптен бері осындай рөлге келгім кеп жүрді. Мұндай рөлдерге түскенде актер бәрібір өзін құрбан етеді. Бұның ақылы демалыс емес екенін түсіну керек. Өйткені мен атақ үшін жасамаймын ғой. Мен эстрада жұлдызы емеспін. Мен бар болғаны еңбекқормын. Сірә, генім осындай болса керек.

Финн Уиттрок: Шынын айтқанда, бұл киноға түсу өте қиын болды. Тіпті, мен енді шыдамаймын деп айтқаным бар. Есімнен тана жаздадым. Бірақ біз бәрібір осы оқиғаға, осы кітапқа орала бердік. Бұл оқиғаны қалай да көрсеткіміз келді. Анджелина Джоли біз үшін сарқылмас шабыт, энергия болды. Кей кезде оның шығармашылық құлшынысына күмән келтіретін едік.

Такамаса Исихара (Мияви): Бұрынырақ менде актерлық тәжірибе болмаған еді. Осындай талантты ұжыммен бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен қуаныш болды. Әріптестеріме, тамаша түсірілім тобына, Энджиге рақметімді айтамын. Бәрі де солардың арқасы. Эгомды жойып жіберіп, өзін құрбан еткен жандарға өзімнің өмірімді арнағым келеді.

Такамаса Исихара "Қайсар" фильмінде

Наталья Миявиге сұрақ қояды: Өзіңнің кейіпкеріңе деген ерекше қарым-қатынасың болды ма?

Такамаса Исихара (Мияви): Иә, бұны Энджи екеуміз көп талқылайтынбыз. Біз оны залым етіп біржақты көрсеткіміз келмеді. Ол қатал да қатігез болды. Алайда бір уақытта оның жаны жұмсақ, сезімтал екенін түсіндік. Ол күресті.

Наталья Хиггинсон: Оның сезімталдығы қайдан пайда болды? Мәселе дәстүрде ме? Әлде кейіпкеріне деген ерекше қатынаста ма?

Такамаса Исихара (Мияви): Дәл солай. Біз махаббат пен ғадауат тақырыбын көп талқыладық. Негізі, оған әкесінің қарым-қатынасы әсер етеді. Ол да қиналады. Біз оның әкесімен бірге түскен суретін көріністе көрсеткеніміз үшін Энджиге алғысымды білдіремін. Сол кезде ғана көрермен оның да адам екенін, құрбан болғанын түсінеді.

Наталья Хиггинсон: Жалпы, кешірім жайлы не ойлайсың? Кешіру оңай ма?

Такамаса Исихара (Мияви): Жоқ. Бәрі де адамға байланысты. Мықты адам ғана кешіре алады.

Джек О’Коннелл: Айтуға оңай. Бірақ жеңіс кешірімде ғой. Мен бұны Луимен танысқанда ғана түсіндім. Ойлап қараңызшы, қаншама жыл бойы ашуын ішінде сақтап жүре берсе не болады? Бұл тым ұзақ мерзім.

Гаррет Хедлунд: Фильмді толығымен түсіріп болған соң мен кешірімнің қадірін түсіндім. Мен өмір бойы кек сақтап жүретін адам болмадым. Бірақ арадағы қарым-қатынасты оп-оңай үзе салушы едім. Ватанабэ мен Луидің арасында болған оқиғада көбісі кешіре алмайтын еді. Неше түрлі азаптаулар болса да, Луи біраз жыл өткен соң онымен бетпе-бет кездесіп, кешіргенін айтады. Бұл нәрсе шынымен рухтандырады. Біздің өмірімізде осы кек сақтаудың кесірінен қаншама жайсыздық орын алып жатады. Бірақ бір қарағанда кешіре білу оп-оңай ғой.

Наталья Хиггинсон: Финн, ал сен кешірімге сенесің бе?

Финн Уиттрок: Мен бе? Иә, мені кешірімге сенуге үйретті ғой.

Сұхбаттың видеонұсқасы:

 

Дереккөз: kinopoisk.ru

Аударған: Медет Жансанов

Пікірлер