• Біздің парақшалар:

Эмма Стоун: Өзіңе мейірімді бол

"Ла-Ла Ленд" мюзиклы үшін "Алтын глобус" алып, "Оскар" номинациясына іліккен Эмма Стоун THE RED BULLETIN басылымының сұрақтарына жауап берген екен. Соның қазақшаланған нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

"Ла-Ла Ленд" фильмінен кадр

- "Ла-Ла Лендтің" арқасында сіз енді музыка жұлдызына айналдыңыз, әйтсе де кәсіби әнші емессіз?

- Иә, мен дәстүрлі әнші де, биші де емеспін. Менің вокал қабілетім аптасына сегіз шоуға жетпейді, мюзиклдің жетекші актрисасы да бола алмаймын. Фильмде зейін қойып тыңдаған адам байқайтындай жасанды ноталар кездеседі.

- Демек сіз жасағанды басқалар да жасай алады ғой?

- Ән айтудан қорықпау керек. Бұрын мен жасанды нотаны алып қоямын деп қорқып, үнемі дауысымды жоғалтып ала беретінмін. Вокалдан беретін оқытушым бұл эмоцияларды өз пайдасына қарай қолдана білуді үйретті. Сіз үнемі тап-таза әндетуге міндетті емессіз, бастысы әнді шын жүректен айтып жатқаныңызды сездірте алу керек. Ол үшін классикалық жаттығу да қажет емес. Осыны маған айтқаннан кейін ән айтудан рақат ала бастадым - мен жуынғанда да, машинаның ішінде де, барлық жерде әндетіп жүремін!

"Ла-Ла Ленд" фильмінен кадр

- Ән айтуды үйреніп жүргенде қандай жаңа нәрсені білдіңіз?

- Ән қиын және қорқынышты бірдеңелерден қорықпауды үйретеді. Ол өзіңді жақсы көруге итермелейді. Бұрын "Кабареде" (актриса қатысқан Бродвейдегі қойылым - ред.) ойнап жүргенде күйзеліс пен ұйқысыздықтың кесірінен дауысымды жоғалтып алатынмын. Маған өз-өзіме мейірімдірек болып, менің де қарапайым адам екенімді, менің де кейде нашар сезінетін кездерім болатынын ескеру қажет еді. Кейде құлдырауыңыз мүмкін, онда тұрған ештеңе жоқ. Ешкім де идеал емес.

- Ұлылыққа қол жеткізу үшін арманшыл болу керек пе?

- Бала кезімде арманшыл болғаным анық. Бөлмеме ұзақ қамалып алып, болашақ пен айтқым келетін оқиғалар бейнеленген үлкен картиналар салатынмын. Мен көп оқыдым, өзімді кітаптардың басты кейіпкері ретінде елестететінмін.

"Ла-Ла Ленд" фильмінен кадр

- Бұл армандар енді сіздің күнделікті міндеттеріңізге айналды. Кинобизнестегі жұмысыңыз сізді менмен қыла түсті ме?

- Сіз көзқарасыңыз бен ғажайыпқа деген сенімізді сақтап қала аласыз, алайда құштарлығыңыз жұмысқа айналғанда бәрі қиындай түседі. Сіз сүйікті ісіңізбен айналысып жүрген кезде кенеттен мәселенің іскерлік жағын ойлай бастасаңыз - кейін оралу қиын болып кетеді. Бұнымен күрескен кездерім де болды. 

- "Ла-Ла Ленд" Голливудта өз армандарымен өмір сүретін адамдар туралы баяндайды. Бұндайды өзгелерге тілер ме едіңіз?

- Ең қызығы, Лос-Анджелеске келген адамдардың көпшілігінде бір ғана мақсат болады: ойын-сауық индустриясында еңбек ету. Жүз мыңдаған адамдардың барлығы бірдей арманын іске асырмайды, іске асырғанның өзінде ойлағанындай дәрежеде бола бермейді. Бұл рухани апат. Әрине, мен ешкімге өз арманыңның соңынан ерме деп айтпас едім. Мен өзім арманымның жетегіне ерген жанмын! Жәйменен орындала бастаған ғажайып сәтті жеткізіп айтудың өзі қиын. Бірақ бәріне ортақ бірдей рецепт болмайды. Менде бәрін тастағым келген сәттер де болды, бірақ жолым болды. "Супержаманнан" ("Superbad") кейін18 жасқа толмай жатып өмірім өзгерді. Тағдырдың жазуы солай шығар.

Пікірлер