• Біздің парақшалар:

Әділхан Ержанов: "Махаббат пен ақшаның жетпеуі шабыт берді"

Әділхан Ержанов / фото: Nicholas Hunt/Getty Images Europe

35 жасар Әділхан Ержанов Еуропа мен Азияның кинофестивалдерінде танылып үлгерген режиссер. Ол Канн фестивалінде алғаш рет 2014 жылы «Үкілі кәмшат» («Хозяева») картинасымен көрінген еді. Биыл осы кинофорумға «Ерекше көзқарас» бағдарламасына әкелген «Ласковое безразличие мира» туындысымен оралып отыр.

Режиссердің осыған орай француз журналисті Тарик Халдиге берген сұхбатын қазақшаға аударып беріп отырмыз.

- Сізді бұл фильмге не шабыттандырды?

- Махаббат және ақшаның жетіспеуі. Осы екі элементтің қосындысынан поэзия туады. Бұл материалдық әлем мен рухани әлем арасындағы қақтығыстың қойылымы. Бұл адамның қазіргі прагматикалық қоғамда күйреуін ұғынуға әкеледі.

Фильм кадры

- Түсірілім кезінде не маңызды болды?

- Фильмнің бүкіл құрылымының түпнегізі – сурет мен жарық. Бұл концепция – әлемнің нәзік немқұрайлығы. Біз әр кадрды түсіргенде оның баяндауға қажетті сезімді білдіргенін, репликаға немесе сюжетке байланып қалмауын қаладық. Картина баяндайды, оқиға үндемейді.

- Актерлеріңіз туралы бір-екі ауыз сөз?

- Актерлер менің көптеген сәтсіз репликаларымнан бас тартып, осы фильмді дайындауға көмектесті. Динара Бақтыбаева Қазақстанда өте танымал, алайда ол түсірілім кезінде қарапайым болды. Ол эмоцияны қалай беру керектігін мен күткендей алғашқы дублден түсінді, мен оны тіпті «Динара-бірінші дубль» деп атап кеттім. Ол күмәнданған сәттер болды, бірақ бәрі жақсы шықса екінші рет түсіріп не керек? Бұл рөлмен проблема туған жоқ. Қуандық Дүйсембаевта темперамент жетерлік. Бір жақсысы - ол бір мезгілде агрессивті әрі нәзік. Ол айқын мейіріммен байланысты қауіпті жасырады. Ол бір қарағанда қарапайым, бірақ іштей күрделі адам.

Фильм кадры

- «Ласковое безразличие мира» фильмін түсіре отырып не нәрсеге үйрендіңіз?

- Актерлердің өз ойы мен сезімін жасыруды сұрауды үйрендім. Эмоция басында көрініп, кейін көмілуі керек. Оларды жасырғаннан гөрі көрсеткен оңай. Сондай-ақ табиғи жарықпен жұмыс істеу ұнады. Күннің шағылысқан жарығы керемет.

- Осы фильм үшін шабытты қайдан алдыңыз?

- Анри Руссо, Альбер Камю, Пьеро Ле Фу және Питер Вейр.

- Қазақстанда киноиндустрия деген не?

- Кино өнеріне деген нәзік немқұрайлылық.

- Келесі жобаңыз не туралы болады? 

- Менің келесі жобам мектепке барғысы келетін өзге елден келген кішкентай қыз туралы. Алайда оның азаматтығы жоқ, ол үшін емтихан тапсыру қажет. Емтиханға дайындалу үшін оған арзан оқытушы табу қажет. Әлдекім оған орта жастағы жұмыссыз сценарийшіні ұсынады. Бұл өмірдің қиындығына қарамай ағарту мен өнер үшін қайраттылық таныту туралы оқиға.

35 жасар Әділхан Ержанов Еуропа мен Азияның кинофестивалдерінде танылып үлгерген режиссер. Ол Канн фестивалінде алғаш рет 2014 жылы «Үкілі Кәмшат» («Хозяева») картинасымен көрінген еді. Биыл осы кинофорумға «Ерекше көзқарас» бағдарламасына әкелген «Ласковое безразличие мира» туындысымен оралып отыр.

Режиссердің осыған орай француз журналисті Тарик Халдиге берген сұхбатын қазақшаға аударып беріп отырмыз.

- Сізді бұл фильмге не шабыттандырды?

- Махаббат және ақшаның жетіспеуі. Осы екі элементтің қосындысынан поэзия туады. Бұл материалдық әлем мен рухани әлем арасындағы қақтығыстың қойылымы. Бұл адамның қазіргі прагматикалық қоғамда күйреуін ұғынуға әкеледі.

- Түсірілім кезінде не маңызды болды?

- Фильмнің бүкіл құрылымының түпнегізі – сурет мен жарық. Бұл концепция – әлемнің нәзік немқұрайлығы. Біз әр кадрды түсіргенде оның баяндауға қажетті сезімді білдіргенін, репликаға немесе сюжетке байланып қалмауын қаладық. Картина баяндайды, оқиға үндемейді.

- Актерлеріңіз туралы бір-екі ауыз сөз?

- Актерлер менің көптеген сәтсіз репликаларымнан бас тартып, осы фильмді дайындауға көмектесті. Динара Бақтыбаева Қазақстанда өте танымал, алайда ол түсірілім кезінде қарапайым. Ол эмоцияны қалай беру керектігін мен күткендей алғашқы дублден түсінді, мен оны тіпті «Динара-бірінші дубль» деп атап кеттім. Ол күмәнданған сәттер болды, бірақ бәрі жақсы шықса екінші рет түсіріп не керек? Бұл рөлмен проблема туған жоқ. Қуандық Дүйсембаевта темперамент жетерлік. Бір жақсысы - ол бір мезгілде агрессивті әрі нәзік. Ол анық мейіріммен байланысты қауіпті жасырады. Ол бір қарағанда қарапайым, бірақ іштей күрделі адам.

Дереккөз: Festival de Cannes / https://www.festival-cannes.com/fr/festival/actualites/articles/laskovoe-bezrazlichie-mira-le-regard-d-adilkhan-yerzhanov

Пікірлер