• Біздің парақшалар:

Дәулет Әбдіғапаров: Ресейде актерларға деген көзқарас бөлек

Дәулет Әбдіғапаров - отандық көрерменге тым таныс, жақын тұлға."Ликвидатор", "Адасқандар", "Аңыздар кітабы: жұмбақ орман" секілді отандық ірі жобаларға қатысқан актер қазақстандық прокатқа қыркүйек айында шығып жатқан Ресейдің "Орда" фильмінде Жәнібек ханның жүзбасы рөлін ойнады. Алдағы уақытта Әбдіғапаров режиссер Қанағат Мұстафиннің "Қажымұқан" жобасында басты рөл ойнайды деп жоспарланып отыр.

Актер Киностанға берген сұхбатында "Орда" түсірілімдерінен алған әсерімен бөлісті.

Киностан: Жобаға шақыртуды қалай алдыңыз? Түсірілім жұмыстары туралы әңгімелеп берсеңіз.

Дәулет Әбдіғапаров: Бұл киноға Андрей ПрошкинТатьяна Талькова екеуі келіп актер іздеп, сынақ жұмыстарын жүргізді. Мен, сосын Төлепберген Байсақалов өттік, содан жаз бойы бір ай түсірілім жұмыстарына қатыстық.

Фильм негізінен Астраханьда түсірілді, біздің "Көшпенділерге" арналып салынған Іленің бойындағы секілді үлкен қорған тұрғызылды. Оның ауқымын көрсету үшін компьютерлік графика қолданылды.

Сол түсірілім жұмыстары жүрген 2010 жылы жаз қатты болып, Цельсий бойынша +53 градусқа дейін барды, осыдан адамдар қиналып қалды, жобаға қатысушылардың естерінен танып қалғандары да болды. Оған қоса қыс та қақыраған аязды болды.

Жеке өзімнің үлкен киноға түсуден тәжірибем бар, Қазақстан мен Ресейдің фильм түсіруі, тәртібі ұқсайды. Тек актерларға деген көзқарас бөлек. Бізде актерға қатты мән бермейді ғой. Ал оларда демалдырып, 5 минут отырғызып, күтіміңді жасап, жас балаша қарайды.

Массовкалар мықты болды, түсіру алаңында мыңдай адам жұмыс істеді.

Андрей Панин, Максим Суханов секілді актерлармен танысып, достастым, тәжірибе алмастым. Осындай кәсіби деңгейге жеткеніме өзім іштей қуанамын.

Киностан: Техникалық тұрғыдан, яғни грим жасаушы мамандарының , қолданылатын құралдардың ерекшелігі, актерлік кәсібилік туралы не айтар едіңіз?

Дәулет Әбдіғапаров: Ресейде адамның бет-әлпетін мүлдем өзгертіп жіберетін грим мамандары бар. Әрине, бізде де тәжірибелі тұлғалар жетерлік, бірақосындай шеберлікті мен байқамадым.

Техникалық құралдары өте жетілген, 30-40 метрге дейін қамтитын крандар қолданылды.

Актерлік кәсібилік Қазақстанда болсын, Ресейде болсын командаға байланысты. Ресейде киноның көптеп түсірілуі мықты, білікті командалардың қалыптасуына ықпалын тигізуде.

Білуімше, қазір "Қазақфильм" мен "Мосфильм" арасында әріптестік байланыс орнатылып жатыр. Мәселен, "Жаужүрек мың бала" фильмін түсіруге ресейлік студияның мамандары келіп қатысқан.

Киностан: "Орда" фильмінде актерлар қай тілде сөйлеседі?

Дәулет Әбдіғапаров: Бұл құрама түркі тілі болды. Орданың тарихи тіліне жақын деп алынған қарашай-балқар тілінің негізінде құралды. Бірақ, мен олардың берген нұсқауларымен қатар өз тілімде де сөйлей бердім.

Киностан: Сұхбатыңызға рахмет!

Фотосурет Дәулет Әбдіғапаровтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Пікірлер

• wh0cd331225 buying alli metformin prices Atenolol Tablets prozac online Augmentin 875 Mg cardura w/o prescription Buy Tadacip bupropion