• Біздің парақшалар:
  • Ер Төстік және Айдаһар

Жыл:
2013
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Жәкен Даненов , Рустам Тұралиев
Басты рөлдерде:
Дулыға Ақмолда , Димаш Ақымов , Күнсұлу Шаяхметова , Мерей Әжібеков , Лидия Кәден , Нүкетай Мышбаева , Қадырбек Демесінов , Ақкенже Әлімжан , Бауыржан Қаптағай , Елдар Отарбаев , Бейбіт Мүслімов
Сценарий:
Жәкен Даненов , Рустам Тұралиев , Михаил Алдашин
Продюсер:
Рустам Тұралиев , Еділ Құсайынов
Жанр:
Мультфильм
Әлемдік премьера:
21 наурыз 2013
Қазақстандағы премьера:
21 наурыз 2013
Жас шектеуі:
К - әртүрлi жастағы көрермендерге арналған фильмдер
Ұзақтығы:
67 минут
Суреттеме:

Қазақ анимациялық кино тарихындағы тұңғыш толықметражды анимациялық фильмге халық ертегісі – "Ер Төстік" арқау болған.

"Ер Төстік" қазақ анимация тарихындағы тұңғыш толықметражды фильм ғана емес, ол, сонымен қатар, әлемдегі соңғы анимациялық 2D және 3D үлгідегі технологиялар қолданылған жоба болуымен де құнды.

Осыған дейін шетелдік анимациялық фильмдермен тәрбиеленіп келген жас ұрпақ аталмыш фильм арқылы қазақ ертегілерінің көне кейіпкерлерімен қауышып, халқымыздың рухани әлемінен нәр ала бастайтынына үміт зор.

Рейтинг:

4

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/movie/view.phtml on line 253

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/movie/view.phtml on line 254
  • IMDb: ()
  • Кинопоиск: 0(40)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек .

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Сорқұдықтың басына, Сорға бола қонды, әкем. Жанынан қорқып жалғызын, Жалмауызға берді әкем" - деген Кенжекей жыры Ер Төстік туралы ертегіні оқып өскен баршаңыздың есіңізде болар. Менің де есімде екен. Тек санамның бір саңылауында қалып қойыпты. Бірер күн бұрын кинотеатрлардан көрсетіліп жүрген "Ер Төстік және Айдаһар" атты мультфильмді көргенде сол естелік қайта жаңғырды. Құдды, балалығыма сапар шеккендей болдым ғой. Мультфильм қатты ұнады. Замануи түсірілген екен. Перінің қызы Бекторыны айтсаңшы!))) Түріне қарап, бір сүйсініп алдым ғой. Рас, Дулат аға (Исабеков) айтқандай, Бекторының образы сәл ашылмай қалған. Бірақ жаман емес. Жалмауыз кемпірдің дауысын дубляждайтын Лидия Кәденоваға тіпті риза болды. Мыстанның әр сөзін айызым қана отырып тыңдадым ғой, қалай жетер жеріне жеткізіп сөйлейді!) Маған ұнаған тағы бір кейіпкерлер - тасбақа мен қосаяқ. Екеуі езуіңе еріксіз күлкі үйіреді. Әзілдері сондай жарасымды) Әрине, ұнамаған тұстары да жоқ емес. Бірақ ол маңызды емес. Алғашқы аяқ алыс қой, етегінен тартпайық))) Қайта осындай төл туындыларымыз көбейе берсін деген тілек айтайық. Аааа, ұмытып барады екем, кинотеатрда біздің жанымызда 7-8 жасар бала отырды. Қазақша түсінбейді. Ар жағында отырған анасынан сәт сайын: "Мама, не дейді?" деп сұрап отырды. Өкінішті, әрине. Дегенмен қазақша сеансына кіргені қуантарлық. Сіздер қалай? Көрдіңіздер ме? Пікірлеріңіз қандай? (Көрмегендер болса, көріңіздер. Өкінбейсіздер деп ойлаймын))))))