• Біздің парақшалар:
  • Футбол төңірегі

    Околофутбола

Жыл:
2013
Ел:
Ресей
Слоган:
"Нас не изменить!"
Режиссер:
Антон Борматов
Басты рөлдерде:
Александр Ратников , Павел Ерлыков , Григорий Иванец , Иван Фоминов , Дарья Мингазетдинова , Владимир Царулков , Юлия Маньковская , Никита Кукушкин , Максим Белбородов , Станислав Лесной
Сценарий:
Дмитрий Лемешев
Продюсер:
Сергей Сельянов
Жанр:
Драма
Әлемдік премьера:
26 қыркүйек 2013
Қазақстандағы премьера:
26 қыркүйек 2013
Жас шектеуі:
Белгісіз
Ұзақтығы:
100 минут
Суреттеме:

Фильм футбол жанкүйерлерінің ең жасырын бөлігі - футбол төңірегіндегі тентектер туралы. Олар футбол фанаттары әлемінің ең агрессиялы және қатал өкілдері. Олар - футбол төңірегінің элитасы. Өмірде олар - студенттер мен банкирлер, музыканттар мен автомеханиктер, ал футболда - бәрі бір "фирма". "Фирмаға" кіру өте қиын, бірақ сен онда кірген екенсің - өмір бойы соның құрамындасың. Кері шығатын жол жоқ.

Рейтинг:

7

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/movie/view.phtml on line 253

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/movie/view.phtml on line 254
  • IMDb: 6.7(1721)
  • Кинопоиск: 6.618(35830)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек .

РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • ОКОЛОФҮТБОЛ: Неге өйттің, дОс?!

    Тарпа бас салайын: әсіре фанатқа не тән? Неден ада ол? Күлліадамзаттық құндылықтарға пысқырып та қарамайтын, әзәзілге өз ықтиярымен гастербайтер болған санасыз тобыр ма олар? Қай сипаттаудың дөп басу ықтималдылығы басымырақі?! 

    Фильм ә дегеннен футболи ареалға топ еткізеді, «Спартактастардың» аурасымен мысыңды басуға талпынып көреді. Гуілдеген хор, күмілжіткен хоррор – фанаттар секторына жақын отыра қалсаңыз, оның үстіне олар тақым қысқан команданың визавиіне тілеулестерден болсаңыз асығыңыз алшысынан түспеді дей беріңіз... 

    Футбол хулигандары фанаттық қозғалысқа тән классикалық қағидалардан бөлектеу призма ішінде өмір сүреді. Теңбіл доппен жиырма екі перформер не істеп жатқанымен ісі аздау, аңдығаны төбелес, шалу да жығу. Бірақ сондай сұрқияның ішінде де берік ұстанар принципшілдігі және жоқ емес. Міне, фильм осы жүгәрмектердің бейнесін бейшайтандырып көрмекке бел байлапты. 

    Оқиға желісі «Спартак» хулигандарының басқармандарына негізделген. Бұлардың қимыл-қозғалысы туралы «А.К.А.Б»тардың құлағына ақпарды күнібұрын кім құйып жүргенін анықтаумен өрбиді. Әркім сезікті, тіпті «мен» дегендері де. Сол кілтипан идеяластар арасына іріткі салады. Мажоригің де, ЖОО-дағы тарих мұғалімің де, тіпті бертін келе болмашы ситуацияда мерт болған көлік слесарі де – қайсысының бұлтартпас алибиі бар?! Түсініп көр... 

    Хулигандық - гопниктер санатындағыларға ғана тән деп кесіп-пішуге асықпаңыз, дОс. Оқымысты, көзі ашық зиялылар арасында да өмірдің бір сыдырғы ағысынан зәразап болғандар осы басбұзарлармен етене араласа жүріп өмір кәрәмәтіна кенеледі, сау басқа сақина тілеуден құмарлана тояттайды. Әсіресе бойдағы қуатыңды сүліктей сорып сарқып бітетін мегаполисте бәріне қол сілтеп, ынты-шынтыңмен өзіңнің бөлек әлеміңе баз кешіп кетіп қалғың келетін кезде жақсы. Хулигандар. 

    Фильмнің аса бір тебіренткен жері – «ЦСКА» фанаттарымен топқа-тоқ тоқайласпақшы болған «қызылды-ақтар» бұларды торуылдай келген акабқа лап қоюы еді. Иә, бұл да субмәдениет, сыртқы интерференцияға төтепбергіштігі сойқан. Үңіліп қарағанға шынайы реализммен түйісетін протесттік сипаттағы ұқсастығы да бар. 

    Бұ бәлелерінің кәдімгідей маманданып алған: іссапарға да шығады. Барып ап топқа-топ шығады. Футболдың эстетикасының ләззәт алушылар үшін мұншалықты надан қантөгістер түсініксіздеу, әрине. Бір-біріңе сойыл сайлап ала жүгіріп, қан-жоса боп өз командаңды жақсы не жаман атты қылуға себің қайсы екеніне бойлай алмай дал боласың. Фильм сол ой жетегінде тентіретіп жібереді. 

    Шарықтау шегі екіұдай түйінге жетелейді: бір жағынан «бірі – бәрі үшін, бәрі – бірі үшін» слоганындағыдай бір жұдырық боп жұмылу бар да, екінші жағынан – әдірем қалған тағдырлар бар. Күштеу жоқ, ерік өзіңде, дос. Бірақ кейіннен айтпады деме... 

  • Футболға қатысты болғандықтан, "Олокофутболды" беріле тамашаладым. Фильмді бірден 10-деп бағалар едім. Алайда, ойлана келе бір-екі кемшілік байқадым.

    Былайғы жұрт хулигандық фанаттар туралы біле бермейді. Солардың "ішкі кухниясы" қандай болатынынан бейхабар. "Околофутбол" арқылы режиссер солардың өмірінен жақсы хабар берді. Бірақ, ең ұнамаған бір эпизод бар. Тарих мұғаліміне сынып қалған қыз. Сол ару сцераниске неге керек болды екен? Кино желісі бойынша кімнің тоқылдап жүргенін анықтауға тырысады. Сол сәтті бүркемелеп, әлгі мұғалімді сатқын етіп көрсетуге жетелеуге тиіс пе еді?.. Осыны мақтса етсе, түсіруші топ қатты қателесіпті. Өйткені, менттердің қолшоқпары мұғалім емес екені бірден аңғарылады. Ал көпе-көрнеу оны сатқын етіп көрсетуге тырысу сәтсіз шыққан.