• Біздің парақшалар:
  • Филомена

    Philomena

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ , Франция , Ұлыбритания
Слоган:
"These two unlikely companions are on a journey to find her long lost son"
Режиссер:
Стивен Фрирз
Басты рөлдерде:
Джуди Денч , Стив Куган , Софи Кеннеди Кларк , Мэр Уиннингхэм , Барбара Джеффорд , Питер Хэрман , Анна Максвелл Мартин , Мишель Фэйрли , Чарли Мерфи
Сценарий:
Стив Куган , Мартин Сикссмит
Продюсер:
Стив Куган , Трэйси Сиуорд
Жанр:
Комедия , Драма
Бюджет:
$12 000 000
Әлемдік табысы:
$100 129 872
Әлемдік премьера:
31 тамыз 2012
Қазақстандағы премьера:
27 ақпан 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
98 минут
Суреттеме:

Филомена есімді жас ирланд қызы сәбилі болады. Осыдан кейін оны қайта тәрбиелеуге монастырға жөнелтеді, ал баланы америкалық отбасы асырап алады. Монастырдан құтылғаннан кейін Филомена ұзақ жылдар бойы ұлын іздеп табуға әрекет жасайды. Оған шіркеудің адам тағдырын бұзар ықпалын зерттеумен айналысатын Мартин Сиксмит есімді журналист көмекке келеді...

Рейтинг:

8

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/movie/view.phtml on line 253

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/movie/view.phtml on line 254
  • IMDb: 7.6(89819)
  • Кинопоиск: 7.464(21594)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек .

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • "Бірінші класпен ұшатын адамдардың барлығы бірдей бірінші класты емес"

    (Филомена)

    Филомена

    Тағдырдың небір ауыртпалығын көрсе де, шүкіршілікпен тіршілік етіп жатқан кішкентай кемпірдің хикаясы. Ол өмірінде адамдардан көп зәбір көрді, бірақ "зұлым" сөзінің мағынасын түсінбейді. Адамдарға ренжімек түгілі, ауыр сөз айтпайды да. Баладай болмашы нәрсеге алдана салатын, елеусіз жағдайда қуана салатын пәк қария. Оның бір ғана арманы бар - 50 шақты жыл бұрын жоғалтқан ұлын табу.

    Мартин

    Шындықты айтамын деп биліктің қаһарына ұшыраған, жұмыссыз қалған журналист. Филоменаның оқиғасына қызығушылық білдіріп, журналистік зерттеу жүргізбек болады. Осылайша екі кейіпкер жолығады.

    Актерлік шеберлік

    Фильм сюжеті өмірде болған шынайы жағдайға негізделгенін ескеретін болсақ, оқиға шынымен таңғалдырады. Джуди Денч пен Стив Куганның тамаша актерлік шеберлігі оқиғаның барынша сенімді, әсерлі баяндалуын толықтай қамтамасыз ете алды. Әсіресе басты кейіпкерді сомдауға актрисаның барын салғаны сөзсіз байқалады: оның ішкі сезімдері, толғаныстары, қайғысы мен қуанышы, бір нәрсеге елітуі мен кеюі - бәрі асқан әртістікпен жеткізілді. Актерлік ойындары арқылы елітіп алып кеткен жаңағы екі адамның алдында басымды иемін.

    Сюжет

    Фильм осы оқиғаны зерттеген Мартин Сикссмиттің кітабын негізге алған. Оны киноға бейімдеген актер Стив Куганның өзі. Осы орайда, диалогтар мен іс-әрекеттердің әдемі құрылғанын ерекше атап өту қажет. Сценарий үшін Куган бекер "Оскарға" ұсынылған жоқ.

    Хикаясы өте тартымды дүние шығыпты. Әрине фильмде дін, адамгершілік секілді мәселелер де қозғалған. Бұл сюжеттің тартымды болуына пайдасын тигізбесе, кедергі болған жоқ.