• Біздің парақшалар:
  • Джентльмены, удачи!

Жыл:
2012
Ел:
Ресей
Режиссер:
Александр Баранов , Дмитрий Киселев
Басты рөлдерде:
Сергей Безруков , Гоша Куценко , Төлепберген Байсақалов , Антон Богданов , Марина Петренко , Дато Бахтадзе , Кирилл Жандаров , Валентин Смирнитский , Ольга Медынич
Продюсер:
Тимур Бекмамбетов , Александра Ремизова , Ива Стромилова
Жанр:
Комедия , Қылмыстық
Қазақстандағы табысы:
〒95 951 201
Әлемдік премьера:
27 желтоқсан 2012
Қазақстандағы премьера:
27 желтоқсан 2012
Жас шектеуі:
Белгісіз
Суреттеме:

Балалар орталығының жас аниматоры Леша Трешкин - бейқам да көңілді "хипстер". Ол Смайлик есімді қауіпті ұры, кісі өлтірушіден аумайтын ұқсас сыңары болып шығады (ол өлтірер алдында күлімдейтін әдеті үшін Смайлик атанған еді). Смайлик Санкт-Петербургтың мұражайынан Қазақстанның ұлттық символы - Алтын адамның сауытын ұрлап кетеді. Полиция лейтенанты, жас сұлу Ирина Славина Трешкинді ұстап, оны тергеу ісіне көмектесуге мәжбүрлейді. Басқа жол жоқ, әйтпесе Трешкин нағыз қылмыскердің орнына түрмеге қамалмақ.

Рейтинг:

5,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/movie/view.phtml on line 253

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/public_html/application/views/scripts/movie/view.phtml on line 254
  • IMDb: 2.9(632)
  • Кинопоиск: 3.035(24937)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек .

РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Шыны керек, Бекмамбетов фильмдерінің фанаты емеспін, "Особо опасен"-ді көрмедім, "Елки" ұнамайды, тек көңілімнен шыққаны "С легким паром 2" еді, оның өзі жаңа жылдық "дұрыс" көңіл-күйдің әсері және "Опять метель" саундтрегінің әсері ме деп ойлаймын.

    "Елки"-ді көпшілік жұрт қанша мақтағанымен, түсінікті сюжет құрылысы, жалпақ юморына дым күле алмадым, кеңес заманының желі есетіндей) Сонымен кинотеатрдағы уақыт жағынан дәл келген кино болғаннан кейін ғана "Джентельмены, удачи"-ға кірдік. Меніңше, бұл киноны дәстүрлі Бекмамбетов киносы деуге болады: әдемі картина, аңғал басты кейіпкер, ойда-жоқта пайда болатын спецэффектілер, жасырын жарнама, жұлдызды актерлік құрам, "приторный" хэппи энд (көпшілік жағдайда той). Мұның бәрі конвейерден бір талдап шығарыла беретін "іші бірдей", сырты түрліше әдемі жаңа жылдық кәмпиттер сияқты.

    Бірден айта кету керек, меніңше, фильмді оригинал нұсқасын көрген адам ғана түсініп, бағалай алады. Өйткені кино барысында болып кеткен оқиғамен салыстыра отырып көру қызық. Кеңестік фильмдерді көрмеген, бізден кейінгі буын киноның бар юморын, мәнін түсінбес.

    Жалпы фильм жақсы әсер қалдырады. Жаңа жылдық, отбасылық, мейірімді фильм. Ең басты ұнағаны - Безруковтың шебер ойыны. Алайда "Петля времени", "Облачный атлас", "Бенджамин Баттон", т.б. сюжеті қиыннан қиыстырылған, бір реалдың үстінде екінші қабат реал жүретін тәрізді интеллектуалды фильмдерге "үйретіп" тастаған біздерге мұндай қарапайым фильм жалықтырма болуы мүмкін. Сондықтан бұл фильмге барардан бұрын ескеру керек жалғыз ереже - көп нәрсе күтпеңіздер!)

     

    P.S әрине рецензия өзімнің жеке пікірім екендігін түсініңіздер, залда күліп отырған адамдар болды:) өзім де "Ирэ жьивөй?" дегенде күлкімді ұстай алмадым))