• Біздің парақшалар:

Қазақстанда мүгедектердің қатысуымен "Гамлет" негізінде фильм түсірілді

Шекспирдің "Гамлеті" негізінде қазақстандық мүгедектердің қатысуымен әлеуметтік драма түсірілді. "Быть или не быть" деген фильмде балалардың церебралды сал (ДЦП) ауруына шалдыққан Тахир Омаров басты рөлді сомдаған.

Жобаға Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы қолдау білдірді. Фильмдегі рөлдердің көпшілігін мүмкіндігі шектеулі жандар орындаған. Азизжан Заиров пен Мұхаммед Мамырбеков кинокартинаға режиссер болды.

Бюджеті 1 миллион доллар шамасын құраған әлеуметтік драма үш жыл бойы түсірілді. "Быть или не быть" фильмі Қазақстан кинотеатрларына жуық арада шығуы тиіс.

 

Трейлер:

 

Дереккөз: Today.kz

Пікірлер